
Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің
ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары
«Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бойынша 2025 жылғы күнтізбелік жылдық жоспарында 80 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық жарыс жоспарланған. 2025 жылдың ІІІ тоқсанында 8 аудандық, 2 облыстық және ауыл аймақтарда спорттық шаралар өткізіліп, оған 2865 спортшы қамтылды.
2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында Қызылорда қаласында ауыл спортшыларының «Алтын күз-2025» облыстық спартакиадасы мен «Ақ бидай» республикасына іріктеу жарысы өткізілді. Ауданымыздан спорттың 18 түрінен 190 спортшы қамтылды. Нәтижесінде 14 алтын. 70 күміс, 27 қола медаль алып,ауданымыз жүлделі ІІ орын иеленді.
2025 жылғы 17-20 қыркүйек арасында 2012-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұлттық спорт Асық утадын облыстық біріншілік ауданымыздың «Наркескен» спорт клубында өткізілді. Аудан қыздар құрамасы жүлделі ІІ орын алды.