Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің 2025 жылдың IІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Мемлекеттік ақпараттық саясат

 Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2025 жылдың ІII тоқсанында шыққан мақалалар саны – 312. Оның ішінде;

- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны-105;

- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны -190;

- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны-17.

Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda», «Қоғам тв» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне және басылым сайттарына, аудандық  «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты жарияланды.

Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық  «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.

 Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).

2025 жылдың 16 тамызынан бастап «Жалағаш жаршысы» газетінің 2763 дана таралымы бар.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 1 маусымына әділет органдарында тіркелген 30 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғамдық қорлар саны – 8, қоғамдық бірлестіктер саны – 17. Қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық қорлардың филиалдары - 5.

Олардың ішінде белсенді жұмыс жасап тұрған үкіметтік емес ұйымдар саны-19.

2025 жылдың ІІI тоқсанында Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 71 іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 2250 аудан тұрғыны қатысты.

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл

Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 16 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Ауданда діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру шеңберінде жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» 7 тармағын Жалағаш ауданында іске асыру жөніндегі іс-шара жоспары бекітілді.

2025 жылдың шіле айының басынан бастап бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық даму, аудандық  кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері және жастар ресурстық орталығының жауапты мамандарынын құрылған жұмыс тобы Жаңадария,Аламесек, Еңбек, Бұқарбай, Ақсу ауылдық округтерінде тәуекел топтармен кездесу өткізілді.

Кешенді жоспардың орындалуы бойынша 160 шара өткізіліп, 950-ге жуық тәуекел топтар санатына жататын азаматтар қамтылды.

 Этносаралық қатынастар туралы

Жалағаш ауданында этносаралық ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталуды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Аудан халқының 99,3% - қазақ, 0,7% - этностық топтан құралған. Ауданы бойынша 99 этнос отбасы бар, барлығы – 254 адам.

Жыл басынан бері «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жалағаш ауданы бойынша этносаралық сарапшысының және «Жалағаш Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 23 шара ұйымдастырылып, 130 этнос өкілі қамтылды.

Жастар саясаты

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.              

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.

2025 жылдың 9 айы бойынша жастар ресурстық орталығы және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  144 шара өткізіліп, оған 4100-ге жуық жас қатыстырылды.

Дата публикации
07 октября 2025
Дата обновления
07 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы