
Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2020 жылдың 2 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
Егін шаруашылығы
2020 жылы орналастырылатын ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 36 731 га жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды.
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
Айырмасы |
|
|
2020 жыл |
2019 жыл |
|||
|
1 |
Күріш |
21 600 |
21 800 |
-200 |
|
2 |
Жаздық бидай |
507 |
306 |
+201 |
|
3 |
Жаздық арпа |
- |
50 |
-50 |
|
4 |
Мақсары |
1757 |
2 200 |
-443 |
|
5 |
Жаңа жоңышқа |
3 715 |
3530 |
+185 |
|
6 |
Ескі жоңышқа |
6452 |
6079 |
+373 |
|
7 |
Картоп |
500 |
500 |
|
|
8 |
Көкөніс |
1 000 |
1 000 |
|
|
9 |
Бақша |
1 200 |
1 200 |
|
|
Барлығы |
36 731 |
36 665 |
+66 |
|
Аудандағы күріш саласындағы ірі кәсіпорынның бірі «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС. Ағымдағы жылы облыс бойынша 42 шаруашылық субъектілерімен 1 028,4 млн теңге қаржыға немесе 14 692,1 тн қара күрішке фьючерстік келісім шарт жасасса, оның ішінде аудандағы 22 шаруашылықпен 364,1 млн теңге қаржыға немесе 5 201 тн қара күрішке фьючерстік келісім шарт жасасты.
2019 жылы облыстағы 22 шаруашылықпен 14 087 тн қара күрішке фьючерстік келісім жасалған.
Мал шаруашылығы
2020 жылдың 1 шілдесіне Жалағаш ауданы бойынша МІҚ – 36 998 басты (100,8 пайыз), жылқы –14 198 басты (100,8 пайыз), түйе – 581 басты (108,2 пайыз), қой-ешкі – 46716 басты (83,0 пайыз), шошқа –321 басты (111,5 пайыз), үй құстары – 10125 дананы (131,4 пайыз) құрады.
Ауданда 101 шаруашылық мал шаруашылығымен, оның ішінде 88 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасымен айналысуда.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды МІҚ малының үлес салмағы 2,0 %, жылқы 0,16 %, қой 24 % жетті.
2020 жылы индикативтік жоспарға сәйкес 265 бас импорттық мүйізді ірі қара малын сатып алу (ауданға «Агронесие корпорациясы» АҚ-нан несиеге 200 млн тенге қаржы бөлінген), 5000 бас қой малын сатып алу, 1007 бас бұқашықты мал бордақылау алаңына өткізу және мүйізді ірі қара аналығының 5755 басын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру белгіленді.
Осы көрсеткіштерді орындау мақсатында келесі жұмыстар атқарылуда.
Таң ауылдық округінен «Манақ баба» ФҚ Литва мемлекетінен 265 бас МІҚ сатып алуға ниет білдіруде.
2019 жылы 150 бас МІҚ сатып алу белгіленіп, Ресейден 108 бас асыл тұқымды қалмақ сиыры сатып алынып жоспар 72 %орындалды. (Ақсу а/о «Қиясов Еркебулан»ЖК)
5000 бас қой малын сатып алу жоспары қазіргі таңда 20% орындалып тұр.
Анықтама үшін: Қаракеткен ауылдық округінен «Жанель» шаруа қожалығы «Ауыл КТ» серіктестігі ЖШС-нен 37,5 млн. теңге несие алып, 700 бас қой малын және шаруашылыққа қажетті трактор сатып алып жұмыс жасауда.
Жаңаталап ауылдық округінен «Махамедияров» ЖК «Ауыл КТ» серіктестігі ЖШС-нен 7,0 млн. тенге несие алып, алынған несиеге 88 бас жергілікті қой және асыл тұқымды қошқар сатып алу жұмыстарын жүргізуде.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша Аққыр ауыл округінен «Қалдыбеков Ж» ШҚ 8 млн. теңге несие алды, алынған несиеге 200 бас жергілікті саулық, 9 бас ет бағытындағы қазақтың ірі қылшық жүнді, құйрықты асыл тұқымды қошқарын «Бақдаулет-57» асыл тұқымды шаруашылығынан сатып алу жұмыстарын жүргізуде.
2019 жылы 7800 бас қой сатып алу жоспарланса 3 шаруашылық(«Қаншайым» ШҚ, «Ханшайым» ЖК, «Хадиджа»ЖК )1469 бас қой малын сатып алып, жоспар 19% орындалды.
2020 жылдың 6 айында «Сыбаға» бағдарламасы аясында 22 шаруашылық 70 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Тұқымдық түрлендіруге қатысқан МІҚ аналығы 3406 бас, жоспар есепті мерзімге 19 % орындалды. /2019 жылы 2836 басты құрап, жоспар 15,7% орындалды/
Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы
Ауданда 2020 жылы 4 жобаны іске асыру жоспарланған болатын.
Атап айтқанда:
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына «Толғанай» ШҚ 1000 бас мүйізді ірі қара малына арналған мал бордақылау және етті өндеу цехы жобасының құжаттары ұсынылды.
Жобаның құжаттары салалық сараптама қорытындысын алу үшін Ауылшаруашылығы министрлігіне және бас схемасына сәйкестігі туралы қорытындысын алу үшін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің оң қорытындысын алды. Жоба Өңірлік кеңестің оң қорытындысы алғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.
Техника
2020 жылдың 1-жартыжылдығында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында 1004,7 млн. теңге қаржыға 43 жаңа техника сатып алынды (оның ішінде өз қаржысына 18 техника 198,6 млн теңге, «ТехноЛизинг» ЖШС арқылы 3 техника 96,8 млн теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22 техника 709,3 млн теңгеге алынды). Жаңадан алынған техникалар уақытылы статистика органдарына тіркелуде. /2019 жылы 49 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Құны 1,84 млрд. теңге/.