
2020 жылы аудан бюджетінен 866270 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 501575,0 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 364695,0 мың теңге қаржы қаралды, 2020 жылдың 1 сәуіріне 142450,8 мың теңге немесе 99,11% .
Статистика мәліметтеріне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жұмыс күшінің саны – 15841 адам, жалпы жұмыссыздар саны – 786 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%, құрады.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 596 адам хабарласып, соның ішінен 476 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 79,9 пайызы) жұмысқа орналастырылды.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша облыстық бюджеттен 100 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған.
Екінші бағыт: Бүгінгі күнге 2019 жылға қосымша бөлінген қаржының есебінен 11 адамға 37,4млн теңге шағын несие берілді. Мемлекеттік грант бойынша 50 адамға 200 АЕК мөлшерінде 26,5 млн теңге берлді.
Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша,
бұл бағытта 215,6 млн теңге қаржы қаралып, 889 адамды орналастыру жоспарланды. Қазіргі таңда 415 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 46,7%-ға орындалды. О.і.:
-әлеуметтік жұмыс орындарына 47 адам (127,0 %);
-жастар тәжірибесіне 118 жас маман (39,1 %);
-қоғамдық жұмыстарға 250 адам (45,5%) жіберіліп, барлығы 14,7 млн. теңге қаржы жұмсалды.
2020 жылы 940 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 171 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 128-і тұрақты). Оның ішінде: Ауылшаруашылық саласы -52, экономикалық қызметтің басқа салаларында-65, көтерме және бөлшек сауда -4, көлік және қоймалау -3, денсаулық өнеркәсіп-4, уақытша және маусымдық жұмыстар – 43.
Атаулы әлеуметтік көмек: 2020 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жергілікті бюджеттен 34,6 млн теңге, республикалық бюджеттен 185,4млн теңге, барлығы 220,0 млн теңге қаржы қаралған. 2020 жылдың 1 тоқсанына 399 отбасының 2393 мүшесіне 53,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 399 отбасының 2393 мүшесіне 35,0 млн теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі: Жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 4788,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 23 отбасының 41 мүшесіне тұрғын үй көмегі тағайындалып 670,0 мың теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:
-мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезбен емделудің сүйемелдеу сатысындағы 39 азаматқа 2279,9 мың теңге төленді,
-Отан, Даңқ ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 3 азаматқа 45,3 мың теңге қоғамдық көлікте жүруі үшін әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді,
-Ауған соғысына қатысқан 24 азаматқа аудандық бюджеттен 1908,7 мың теңге төленді.
МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
2020 жылдың 1 тоқсанына 966 мүгедек тіркелген, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-186.
2020 жылғы 1 тоқсанына мүгедектерді оңалтудан өткізу мақсатында 113 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 41 ЖОБ орындалды немесе 36,3 %. Сондай-ақ, өткен жылдардың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 519 ЖОБ орындалды.
2020 жылғы 1 тоқсанына 14 мүгедек таяқпен, 1 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 1 мүгедек жетек арбамен, 1 мүгедек кресло арбамен, 211 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, есту кемістігі бар 3 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 89 мүгедекке 85 жек көмекші «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жосалы корпоративтік қоры арқылы қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар «Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2020 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 2766,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда 46 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланды.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2020 жылдың 1 тоқсанына 6 мүмкіндігі шектеулі адам жолдамамен жіберілді. 2020 жылдың 1 тоқсанына 84 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 54 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Аудан бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанына мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 47 мүгедек баланың ата-анасына 1105,5 мың теңге төленді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2020 жылғы 1 тоқсанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 2009. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің 8 түрі бойынша 398 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде: 186-ы бала тууды тіркеу, 58-і қайтыс болуды тіркеу, 43-і неке қиюды тіркеу, 12-і некені бұзу, 8-і әкелікті анықтауды тіркеу, 2-уі тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, 2-бала (қыз) асырап алу, 87-і қайталама куәлік беру мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді.