
1.Бөлім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес 13, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі 219 бұйрығымен бекітілген азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселері бойыша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес 10, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес 1, барлығы 24 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Есептік кезеңде бөлімде барлығы 21 қызмет түрі бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 3389.
Мемлекеттік орган арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы 1859 қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 854 болып орындалды.
ЭҮӨШ ЭҮП және ЕЛ ЭҮП ақпараттық жүйелерінің мониторингі бойынша электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –676.
2) Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне 2 рет мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары жарияланды. 8 рет құқықтық оқу,1 рет семинар сабақтар өткізілді.
3.Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау
1)Қызметтi алушылардан мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселесi жөнiнде шағым туралы ақпарат (қосымша) - жоқ.
2)Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына iшкi бақылау нәтижелерi - бұзушылықтар жоқ.
3)Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi - жүргiзiлген жоқ.