Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы бойынша 2020 жылдың 1 жарты жылдығындағы атқарылған жұмысы

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Статистика мәліметтеріне сәйкес Жалағаш ауданы бойынша жұмыс күшінің саны – 15841 адам, жалпы жұмыссыздар саны – 786 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%, құрады.

Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 1318 адам хабарласып, соның ішінен 912 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 69,2 пайызы) жұмысқа орналастырылды.

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша облыстық бюджеттен 100 адамға 26,4 млн. теңге қаржы қаралған.

Екінші бағыт: Бүгінгі күнге 2019 жылға қосымша бөлінген қаржының есебінен 38 адамға 147,2 млн  теңге шағын несие берілді. Мемлекеттік грант бойынша 165 адамға 200 АЕК мөлшерінде 84,8 млн теңге берілді.

Үшінші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша,

бұл бағытта 469 млн. 305 мың теңге қаржы қаралып, 1141 адамды орналастыру жоспарланды. Қазіргі таңда 794 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 69,6%-ға орындалды. О.і.:

-әлеуметтік жұмыс орындарына 57 адам (154,0 %);

-жастар тәжірибесіне 143 жас маман (36,3 %);

-қоғамдық жұмыстарға 594 адам (83,7%) жіберіліп, барлығы 38 млн. 885 мың теңге қаржы жұмсалды.

2020 жылы 940 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 604 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 264-і тұрақты). Оның ішінде: Ауылшаруашылық саласы -76, экономикалық қызметтің басқа салаларында-151, көтерме және бөлшек сауда -16, көлік және қоймалау -16, денсаулық өнеркәсіп-4, құрылыс-1,уақытша және маусымдық жұмыстар – 340.

Дата публикации
15 июля 2020
Дата обновления
15 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы