
Әлеуметтік көмек
Атаулы әлеуметтік көмек: 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 220,0 млн теңге қаржы бөлініп, үстіміздегі жылдың 6 айында атаулы әлеуметтік көмек 425 отбасының 2560 мүшесіне 93369,1 мың теңге төленді.
Тұрғын үй көмегі: Жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін көрсетуге 4788,0 мың теңге қаржы қаралды. Есепті кезеңге 23 отбасының 41 мүшесіне тұрғын үй көмегі тағайындалып 670,0 мың теңге төленді.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: 2020 жылдың 1 жарты жылдығына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2824 адамға 63984,4 мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді.
МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
2020 жылдың ІІ тоқсанына 965 мүгедек тіркелген, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны-208.
2020 жылғы ІІ тоқсанына мүгедектерді оңалтудан өткізу мақсатында 230 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 106-ы орындалды немесе 46,1 %. Сондай-ақ, өткен жылдардың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 614-і орындалды.
2020 жылғы ІІ тоқсанына 27 мүгедек таяқпен, 3 мүгедек балдақпен, 1 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 2 мүгедек тифлотехникалық құралдармен, 4 мүгедек жетек арбамен, 4 мүгедек кресло арбамен, 214 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, есту кемістігі бар 3 мүгедекке 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 89 мүгедекке 85 жек көмекші «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жосалы корпоративтік қоры арқылы қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар «Инва такси» қызметі ұйымдастырылып жұмыс жасауда. 2020 жылға әлеуметтік такси қызметіне облыстық бюджеттен 2766,0 мың теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда 60 мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері осы қызмет түрін пайдаланды.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2020 жылдың 1 шілдесіне 6 мүмкіндігі шектеулі адам жолдамамен жіберілді.
2020 жылдың есепті кезеңіне 85 мүмкіндігі шектеулі адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 58 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Аудан бойынша 2020 жылдың 1 шілдесіне мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 48 мүгедек баланың ата-анасына 1782,2 мың теңге төленді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2020 жылғы ІІ тоқсанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 3389. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің 8 түрі бойынша 761 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді.