Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2025 жылдың ІI тоқсанында атқарылған шаралар туралы АНЫҚТАМА

Жалағаш ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен

сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары

 туралы

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілді.

Қабылданған Тұжырымдамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында бес жылдықты қамтыған міндеттемелерге байланысты Жалағаш ауданы әкімдігімен өз деңгейінде тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Аудан әкімдігіне қарасты мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстарды халық арасында кеңінен ақпараттандыру мақсатында жергілікті «Жалағаш жаршысы» газетіне, «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінің «Жалағаш ауданының әкімдігі» атты парақшасында және әкімдіктің ресми сайтына ақпарат тұрақты жарияланып отыр.

Тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылып, атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер тоқсан сайын енгізіліп келеді.

Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырыстары 2024 жылы 4 рет, 2025 жылы 2 рет өткізілді. Комиссия отырыстарында аудан әкімдігіне қарасты мекемелер, ауылдық округі әкімдері, денсаулық сақтау, білім және құқық қорғау органдары басшыларының атқарған жұмыстарының есептері тыңдалып, тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Аудан әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.

Бұл ретте, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпелер берілді.

Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видеороликтер әлеуметтік желілерге тұрақты жариялануда.

Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихаттық брошюралар ілінді.

Жалағаш кентінде, ауылдық округтерде және Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыптарында билбордтар мен баннерлер орнатылды.

Есепті мерзімде, жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және олардың құқықтарын өрескел бұзу фактілері жөніндегі арыз-шағымдар түскен жоқ.

Қоғаммен ашық байланыс орнатуға бағыттау, аудан көлемінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында биылғы жылдың 30 мамырында «Руханият орталығы» ғимаратында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді. Акция барысында 100-ге жуық аудан тұрғындарына заңгерлер, мемлекеттік органдар өкілдері тарапынан құқықтық көмек көрсетілді.

 Сонымен қатар,  кент, ауылдық округтерде «адалдық бұрышы» жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында мемлекеттік мекемелермен ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде көрсетілуіне аса мән берілуде. Атап айтсақ:

2024 жылы барлығы   қызмет алушыларға 3735 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның  ішінде 3337 қызмет немесе 89,3 пайызы электронды түрде көрсетілді.

2025 жылдың 1 тоқсанында барлығы  1086  мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 984 қызмет немесе 90,6 пайызы электронды түрде көрсетілді.

Соңғы 5 жыл көлемінде аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жоқ.

Ішкі талдау жұмыстары туралы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес   2024 жылы 28 коммуналдық мемлекеттік мекемелерде, 17 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда (барлығы 45 нысанда) ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Талдау жүргізілген мекемелер, кәсіпорындармен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша облыс әкімінің аппаратына нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге 18 ұсыным берілді.

2025 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында 29 коммуналдық мемлекеттік мекемелерде, 17 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарда ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау жүргізілген мекемелермен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша облыс әкімінің аппаратына нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге 13 ұсыным берілді.

2024 жылы және 2025 жылдың  өткен мерзімінде мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау жағдайлары анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша барлық тиісті ақпарат аудан әкімдігінің ресми сайтына орналастырылды.

Алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Дата публикации
24 июля 2025
Дата обновления
24 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы