Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданында 2025 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

2025 жылдың І жарты жылдығының қорытындысымен Жалағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 420 өтініштер (Жеке тұлғалардан - 324 өтініш, заңды тұлғалардан - 96 өтініш) түскен. 

Оның ішінде:
202 өтініш  - аудан әкімі аппаратына;
114 өтініш  - аудандық бөлімдерге;
104 өтініш  - Жалағаш кенті және ауылдық округтерге.
Қазіргі таңда аудан тұрғындары арасындағы көтеріліп отырған өзекті мәселелердің  көрсеткіштері төмендегідей:

№

2025 жылдың І жартыжылдық

бойынша өтініште көтерілген салалары

% көрсеткіш

1.

Жер және ауыл шаруашылығы мәселесі

144 (34,3%)

2.

Әлеуметтік және жұмыспен қамту

54 (12,9%)

3.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

49 (11,7%)

4.

Білім және денсаулық сақтау мәселесі

5 (1,2%)

5.

Ішкі саясат, ономастика

36 (8,6%)

6.

Кәсіпкерлік

9 (2,1%)

7.

Мәдениет және спорт

31(7,4 %)

8.

Тұрғын үй мәселесі

22 (5,2 %)

9

Мемлекеттік сатып алу

23 (5,5%)

10

Басқалары

47 (11,1 %)

Барлығы

420

2025 жылдың І тоқсанында статистикалық есепке сәйкес жергілікті атқарушы органдарға түскен 420 өтініштердің:
- 7 немесе 1,7 % құзыреттілігі бойынша басқа органдарға жолданды;
- 179 немесе 42,6 % ішінара немесе толық қанағаттандырылды;
- 35 немесе 8,3 % өтініш тоқтатылды;
- 176 немесе 41,9 % заң талаптарына сәйкес түсіндірілді;
- 23 немесе 5,5 % орындалу мерзімі бар өтініштер.

 Келіп түскен жолданымдардың қаралуы бақылауда болып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілген. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары сақтала отырып жүргізіліп келген. 

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселелермен қабылдау туралы:

2025 жылдың І  жартыжылдығында аудан әкімдігімен 134 жеке және заңды тұлғалар (тұлғалардыңдың өкілдері) жеке қабылдауда болып, оның: 93-і аудан әкімінің, 41-і міндеттер бөлінісіне сәйкес аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке қабылдауында болып, заңдылыққа сәйкес тиісті тапсырмалар берілді.

Бүгінгі таңда 18 азамат жеке қабылдауға кезекте тұр.        

Жеке қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері төмендегідей:

№

Жеке қабылдауда көтерілген салалары

2025 жылдың І жартыжылдық бойынша

1.

Тұрғын үй  мәселесі және коммуналдық шаруашылық

33

2.

Жұмысқа орналасу

76

3.

Қаржылай қолдау және  әлеуметтік көмек мәселесі

2

4.

Жер мәселесі

8

5.

Мәдениет саласы

3

6.

Кәсіпкерлік

5

7.

Білім мәселесі

1

8.

Басқа да мәселелер

6

Барлығы

134

Сонымен қатар, кент, ауылдық округі әкімдері және дербес бөлім басшыларының жеке және заңды тұлғалардың (тұлғалардың өкілдерін) жеке қабылдауын жүргізу барысына талдау нәтижесінде кент, ауылдық округ әкімдері тарапынан -102  тұрғынға, ал бөлім басшылары тарапынан - 28 тұрғынға жеке қабылдау жүргізілген.

Қабылдау кестесі мен сенім телефоны бұқаралық ақпараттық құралдарында тоқсан сайын жариялануда.

Аудан әкімі аппаратының ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан жұмыс бөлмесінде өтініштерді шұғыл түрде жолдау үшін азаматтарға «Фронт-кеңсе»  арналған.

Дата публикации
14 июля 2025
Дата обновления
22 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы