
Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылы 37149 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 19764 гектарға орналастырылады.
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
айырмасы |
|
|
2025 жыл |
2024 жыл |
|||
|
1 |
Күріш |
19764 |
19800 |
-36 |
|
2 |
Жаздық бидай |
800 |
770 |
+30 |
|
3 |
Күздік бидай |
- |
129 |
-129 |
|
4 |
Арпа |
50 |
40 |
+10 |
|
5 |
Мақсары |
600 |
665 |
-65 |
|
6 |
Қант құмайы |
200 |
200 |
- |
|
7 |
Соя |
65 |
65 |
- |
|
8 |
Сұлы |
5 |
5 |
- |
|
9 |
Жаңа жоңышқа |
4850 |
4850 |
- |
|
10 |
Ескі жоңышқа |
8150 |
7825 |
+325 |
|
11 |
Картоп |
250 |
188 |
+62 |
|
12 |
Көкөніс |
1115 |
1113 |
+2 |
|
13 |
Бақша |
1300 |
1296 |
+4 |
|
Барлығы |
37149 |
36946 |
+203 |
|
2025 жылы 209 құрылым егін орналастыру жұмыстарын жүргізеді деп жоспарлануда, оның ішінде күріш дақылын орналастыратын шаруашылықтар саны 162.
2025 жылы «Кең Дала – 2» бағдарламасы аясында көктемгі егін жұмыстарына несие берілетіндігі жөнінде шаруашылық құрылымдарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда 11 шаруашылық 1525,0 млн теңге несие алып жұмыс жасауда.
Шаруашылықтар тарапынан егінді күтіп баптауға қажетті 10400 тн минералдық тыңайтқыш пен 22300 литр гербицид алынып, егінге уақытылы берілуде.
Аудан шаруашылықтары тарапынан биылғы жылы 166,0 млн теңгеге қаржыға 11 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды. Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 1133 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Оның ішінде 678 дана трактор, 125 дана соқа, 55 дана тұқым сепкіш, 100 дана автомашина, 175 дана трактор тіркемесі бар.
Аудан шаруашылық құрылымдары тарапынан Госагро сайты арқылы көктемгі егін орналастыру жұмыстарына 64 шаруашылықтан 1802,1 тн дизель жанармайына өтінім беріліп, уақытылы жеңілдетілген дизель жанармайын алуда. Дизель жанармайының 1 литрі 254 теңгеден жеткізіліп берілуде.Шаруашылық құрылымдары тарапынан көктемгі егін орналастыру жұмыстарына 1193,2 тн (66,2%) дизель жанармайы алынған.
12000 га инженерлік жүйеге келтірілген жерлерде лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар суды үнемдеуде өз септігін тигізеді.
Аудан бойынша жоспарланған 4850 га жаңа жоңышқа, 800 га бидай, 600 га мақсары, 200 га қант құмайы, 65 га соя, 50 га арпа, 5 га сұлы дақылдары толық орналастырылып, 8150 га ескі жоңышқа дақылы күтімге алынды.
Орналастырылған 19764 га күріш дақылының 19207 га «Жалағашсушар» өндірістік учаскесімен келісім шартқа отыру арқылы орналастырылса, 557 га күріш дақылы қашыртқы суын қайта пайдалану арқылы насос қондырғыларымен орналастырылды.
Орын алған су тапшылығына байланысты күріш тұқымын суға бастыруда қиындықтар туындады. Бүгінгі күні аудан шаруашылық құрылымдары 29 дана («Жігер» ФҚ 4 дана, «Таң ЛТД» ЖШС 3 дана, «Ақниет» ШҚ 3 дана, «Ер Әлі» ШҚ 2 дана, «Сейіл Ата» ШҚ 2 дана, Парасат-2016 АӨК» ӨК 2 дана, «МЕГА Агро» ЖШС, «Мақпалкөл» ЖШС, «Балдихан» ЖШС, «Сыртолқыны» ШҚ, «Шахмұрат» ШҚ, «Дарын» ШҚ, «Береке» ШҚ, «Айнаш» ШҚ, «Мирас» ШҚ, 1 данадан) насос қондырғыларын қосып, егінді сумен қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, ауданда жеке тұрғындар тарапынан картоп, бақша дақылдарын орналастыруға 500 га жаңадан жер дайындалып, дақылдарды орналастыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Құрманбай Ата» ШҚ 10 га жерге тамшылатып суару әдісімен картоп, бақша дақылдарын орналастырды. Таң ауылдық округіндегі «Бірлік» ШҚ 10 га жерге бақша дақылдарын орналастыруды жоспарлауда.
Облыстық жұмысшы топ аудандағы инеженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдардың орналасу тәртібіне бақылау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауыспалы егіс тәртібін сақтамаған 23 құрылымнан 1228 га жер анықталса, су тапшылығына байланысты дақылдардың орналасу реттілігін ауыстырған 237 га жер анықталды.
Көктемгі егін орналастыру жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде 2025 жылдың 1қаңтарына барлығы 31111 бас мүйізді ірі қара, 23872 бас уақ мал, 31193 жылқы, 736 бас түйе, 50 бас шошқа, 9779 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 108,9 %, жылқы 113,7 %, түйе 89,1 %, уақ мал 76,5% , құс 88,6 % орындалды.
Барлығы 4065,5 тн (тірілей салмақта) ет, 5709,7 тн сүт, 294,8 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 10,0 пайызға, сүт 100,9 пайызға, жұмыртқа 121,3 пайызға орындалды.
Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.
Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.
«Бақдаулет-57» ФҚ Чехия мемлекетінен 95 бас асыл тұқымды «Симменталь»сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын сатып алып жұмыс жасауда, бүгінгі күнге сатып алынған малдың 65 пайызы төлдеп тәулігіне 700 литр сүт өндіруде.
«АгроЛидер Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне 0,5 тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2024 жылы барлығы 39 млн 525 мың тенге субсидия алынды. Оның ішінде 16 шаруашылық мүйізді ірі қара малының аналығының тұқымдық түрлендірілуіне 1286 басқа 13млн 325 мың, 6 шаруашылық сатып алынған асыл тұқымды бұқаның құнын арзандатуға 6 басқа 1 млн 950 мың тенге, қой малының селекциялық жұмыстарына 1 шаруашылық 3 млн 100 мың тенге.
2024-2025 жылдың қысына түсетін 64740 бас шартты мал басына 135,5 мың тонна табиғи шөп, 19 мың тонна жем, 29,5 мың тонна сабан дайындау жоспарлынып, 142,7 мың тонна шөп оның 43 мың тоннасы жонышқа шөбі 105,3%, 19,1 мың тонна жем 100,5%, 32,5 мың тонна сабан 110,1% дайындалды.
Азық-түлік туралы
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Жыл басымен 04 шілде аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағалары бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 7 өнімнің бағасы арзандаған.
Ақ күріш-18,4 % (80 теңгеге), бидай ұны-7,4 % (17 теңгеге), қарақұмық жармасы-34,9 % (95 теңгеге), рожки-5,6 % (20 теңгеге), сүт-8,9 % (40 теңгеге), ірімшік-15,4 % (200 теңгеге), тауық жұмыртқасы (10 дана)-48,9 % (240 теңгеге).
11 өнімнің бағасы қымбаттаған.
Нан-8,7 %, сиыр еті-24 %, тауық саны-31,8 %, айран-12,7 %, өсімдік майы-28,6 %, қырыққабат-10,5 %, пияз-90,4 %, сәбіз-73,7 %, картоп-82,1 %, құмшекер-11,5 %, тұз-8,7%.
1 өнімнің бағасы тұрақты
сары май.
Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 538,4 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар
Анықтама үшін:
Ұн-113 тн, күріш-60 тн, қант-30 тн, макарон-110 тн, күнбағыс майы-40 тн, тұз-45 тн, жуа-36 тн, картоп-48 тн, сәбіз-18 тн.
Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Мониторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда.
Мониторинг нәтижесімен жыл басынан бүгінгі күнге дейін сауда және тұтынушыларды қорғау департаментіне жеке тұлғалардан азық түлік бағаларын негіссіз көтермелеп сатқаны үшін 16 өтініш беріліп (Микс маркет, Ақкерке, Алихан 2 рет, Рита, Дони, Бастау, Нұрлыбек ата, Қаракөз, Данияр, Дарын, Жанерке, ЖК Касымова, Сәтті, Аружан,Қашақбай-ата), 4 сауда орындарына айып пұл салынды.
Сонымен қатар сауда орындарында кассалық аппараттардың болмауы, тұтынушыларға тауарлы чектерді бермегені үшін аудандық кірістер басқармасына 20 сауда орындарының тиісті құжаттары ұсынылды. (Қашақбай ата, Жәния, Эврика 2 рет, Адиля, Айжан, Әбдібек 2 рет, Ерсұлтан, Айнұр, Айдана, Ұлжан, Айжан, Аделя, Батырбек, Несібе, Қарақат, Асель, Эврика, Өрлеу, Адия).
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бүгінгі күнге дейін аудан орталығында 5 мәрте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Жәрменкелерде азық түлік өнімдері аудандағы сауда орындарындағы бағалармен салыстырғанда 10-12 пайызға төмен ұсынылды.
Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы көтерме жәрдем ақы сомасы 393 200 теңгені құрайды. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 57226,0 мың теңге қаржы қаралып, 40 сала мамандарына көтерме жәрдем ақы төленді. Қазіргі уақытта 150 сала мамандары кезекте бар.
Биылғы жылдың ерекшелігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:
1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит. 2025 жылға сомасы 9 830 000 мың теңге.
2) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит – 2025 жылға 7 864 000 теңгені құрайды.
2025 жылға республикалық бюджеттен 320480,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде 35 маманға тұрғын үй несиесін беру жоспарлануда.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт арқылы мамандардан құжаттары қабылдануда.
Жер мәселесі туралы
Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға берілген.
Санаттар бойынша;
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 275615,8 га,
Елді мекен жерлері – 42760 га,
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері – 16083,7 га,
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 6,9 га,
Орман қоры жерлері – 769482,2 га,
Су қоры – 14915,1 га,
Босалқы жерлер – 1754776,3 гектарды құрайды.
Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.
Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда – жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі күні көлемі 210 гектар болатын 1 жер учаскелеріне жалдау мерзімі ұзартылды.
Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.
Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 8753 гектар болатын 15 жер учаскелері мемлекет қорына қайтарылды.
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 1803 гектар болатын 7 жер учаскесі заңды тұлғаға табыс етілді.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес үстіміздегі жылдың II тоқсанында 79 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.