
Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бойынша 2025 жылғы күнтізбелік жылдық жоспарында 80 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық жарыс жоспарланған. 2025 жылдың ІІ тоқсанында 18 аудандық,6 облыстық, 2 республикалық және ауыл аймақтарда спорттық шаралар өткізіліп, оған 11486 спортшы қамтылды.
Бүгінгі күні аудан спортшылары Қол добы, Тоғызқұмалақ, Асық ату, Жеңіл атлетика, Ауыр атлетика спорт түрлерінен ҚР чемпионаттарында 8 алтын, 4 күміс, 2 қола, Гір көтеру, әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальдар, Азия чемпионатынан 4 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды.
Спортшылар гір спорты бойынша Сейтенов Абдулхасан, Төлеген Қайсар, Орынбасар Нұрислам, Мажиев Ислам, Ербол Әзиз, Әділбекұлы Өтеген, Өмірбек Әлтайыр, Нұрлан Қуаныш.
Қол добынан Мұңайтпас Айым, Төлеміс Алинұр, Шәкір Хадиша, Жеңілатлетикадан Ғалымұлы Нұрзат, Шығанбай Сезім, Қалнияз Балнұр.
Ауыр атлетикадан Дәуренбек Жанарыс,
Ұлттық спорт бес асықтан Таңатар Еркеназ,
Тоғызқұмалақтан Кенжебекова Ақерке