Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2025 жылға қаралған қаржы 1010392,4 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 58578,0 мың теңге), 2025 жылдың 1 шілдесіне игерілгені 425733,4  мың теңге.

Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары

2025 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 179012,0 мың теңге және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 20864,0  мың теңге қаралған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-15. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 1 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:

2025  жылы атаулы әлеуметтік көмекке  69 отбасының 447 мүшесіне 21554,8 мың теңге тағайындалып, 70 отбасының 446 мүшесіне 17928,4 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 65 отбасының 418 мүшесінің 135 баласына 3639,1 мың теңге тағайындалып, 66 отбасының 427 мүшесінің  137  баласына  3008,0  мың теңге төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 69 отбасы 447 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 301, мүгедектігі бар адам-1,  студенттер саны-20, зейнеткерлер-2. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-123, оның ішінде жұмыссыздар-14,  жүгіну кезінде жұмысы барлар-61,  бала күтімінде -48.

Белсенді шараға қатысушылар-14, қоғамдық жұмысқа-8, тұрақты жұмысқа орналасқандар-4, кәсіпкерлік бастамашылық-2.  

Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4925,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 7 отбасының 10 мүшесіне 375,6 мың теңге тағайындалып,  төленді.

         Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға  2025 жылға қаралған қаржысы 17930,0 мың теңге. Қосымша тамақтануға  38 адамға 6005,6  мың теңге тағайындалып, 38 адамға 5219,2 мың теңге төленді.

         «Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған  2 азаматқа  89,6  мың теңге  әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

          Өрттің салдарынан зардап шеккен 2 отбасына 1179,6 мың теңге тағайындалып, төленді.

          Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 71 азаматқа облыстық бюджеттен  13880,0  мың теңге, тағайындалып, төленді.

         Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 786,4 мың теңге тағайындалып, төленді.

          Кеңес армиясының мүгедек 2 азаматына 393,2  мың теңге төленді.

          Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 393,2 мың теңге төленді.

         Ауған соғысына қатысқан 20 азаматқа аудандық бюджеттен 3932,0 мың теңге төленді.

         Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 16 азаматқа 3145,6 мың теңге төленді.

         Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 15 азаматына 2949,0 мың теңге төленді.

         Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 18 азаматына 3538,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

         Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен               Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына  1 азаматқа 39,3 мың теңге  тағайындалып, төленді.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету

және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар

Аудан бойынша  мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2025  жылдың 1 шілдесіне  994 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-236.

Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы  1262 жеке оңалту бағдарламасы бойынша өтініш түсіп, 1115-ы  немесе 88,3 %-ға  орындалды.

2025 жылдың 1 шілдесіне 658 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 44-і кресло арбамен, 56-ы санаторлы-курорттық жолдамамен, 111-і тифлотехникалық құралдармен, 9-ы сурдотехникалық құралдармен, 130-ы  протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 101 адамға жеке көмекші қызмет көрсетілді.

Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2025 жылдың 1 шілдесіне  19 адам жіберілді, оның ішінде зейнеткері-6.

2025 жылдың 1 шілдесіне 99 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 65 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 6901,0 мың теңге қаралған. 2025 жылдың 1 шілдесіне 54 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 2940,6 мың теңге төленді.

Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне барлығы   33 өтініш түсіп, 29-ы  рұқсат берілсе,  4-уі  бас тартылған.

Пробация туралы

2025 жылдың 1 шілдесіне  Жалағаш ауданы бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны-56, оның ішінде 51 пробация қызметінде және 5 полиция бөлімінде есепке алынған.

Оның ішінде:

-шартты жазаға сотталғандар-9

-бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар-38

-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиім салынғандар-4

-мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып келгендер-5

Олардың, 34-і Жалағаш кентінен, 22-і ауылдық округтерден.

Статустары бойынша:

-тұрақты жұмысқа орналасқандар-25

-мемлекеттік грант алып өз кәсіптерін ашқандар-2

-қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-8

-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-2

-жұмыссыздар-5

-денсаулығына байланысты уақытша жұмыссыздар-2

-зейнеткерлер-5

-мүгедек-1

-студент-1

-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиым салынғандар-4

-сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тартылған-1

Жыл басынан бері «Мансап» орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 22 адам тіркеліп,  9-ы  тұрақты  жұмысқа  орналасты, оның ішінде 6-ы квота бойынша, 9-ы ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 2 адам Мемлекеттік қайтарымсыз грант алып өз кәсіптерін ашқан, 2 адам тіркеуден шығарылған.

 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында  15 айлық есептік  көрсеткіш  көлемінде  5 адамның  құжаттары арнайы комиссияда қаралып, тиісті қаражаттар төленді.

Наурыз, мамыр мерекелеріне орай пробация қызметіндегі 4 адамға 64,0 мың теңге көлемінде  азық-түліктей көмек көрсетілді.

Аудандық пробация қызметінің есебіндегі адамдарды әлеуметтік қолдау аясыннда “Жігер” Қызылорда облысы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 4 сәуір күні дойбыдан жарыс ұйымдастырды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға номинациялар, алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар 20 мамыр күні пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған әлеуметтік жоба бойынша есепте тұрған азаматтарға аудандық прокуратураның прокуроры, адвокат және психолог мамандар психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсету семинар-тренингтер өткізді.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіби мамандықтарға оқыту немесе жеке кәсіппен айналысу мүмкіндіктері туралы түсіндірмелер жасалып және қайта қылмысқа бейім азаматтардың қайталап қылмыс жасамау және қоғамдық тәртіп бұзып әкімшілік жауапкершілікке тартылмау туралы ескертулер жасалды.

Дата публикации
09 июля 2025
Дата обновления
09 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы