Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылғы 1 шілдесіне халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары туралы

Статистика

  • жұмыс күшінің саны – 14 866 адам
  • жұмыспен қамтылған халық саны – 13 926 адам;
  • жұмыссыздар саны – 17 адам;
  • жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,3%;
  • жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас) – 4,4%;
  • 2025 жылдың 1 сәуіріне тіркелген жұмыссыздар саны –1960 адам
  • Жұмыссыздық деңгейі – 5,3%

*****

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 1960 адамның тұжырымдамаға қатысушы ретінде 846 адам тіркелді. (о.і.:17- жұмыссыздар, 4 - жұмыс іздеушілер, – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 104- өзге санаттағылар).Олар келесі бағыттарға бағытталды:

- 257 адамбос жұмыс орындарына орналастырылды;

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 102 адам жолданып, олардың 87-ы оқу курсын аяқтап сертификатын алды,44-і өз кәсібін ашып, 2-уі қайтарымсыз гранттар алды.

- 1498 адам(1498 сертификат алды) немесе жоспарланған 1353 адамның 110,7% «Электрондық еңбек биржасы» порталы (skills.enbek.kz платформасы) арқылы онлайн-оқудан өтті.

- Қысқа мерзімді кәсіптік оқу негізінде оқу курсыүстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап оқытылу жоспарлануда (жоспар 50 адам).

- жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бойынша 65 адам грант алды.(жоспар 136 адам).

- субсидияланатын жұмыс орындарына 660 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 30 адам жолданып, (жоспар 30 адам) оның 8-і жұмысын аяқтап , 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

- жастар практикасына – 36 адам жолданып, 5 адам жұмысын мерзімінен бұрынөз еркімен тоқтаттып, 1-еуі тұрақты жұмысқа орналасты(жоспар 160 адам);

- қоғамдық жұмыстарға – 562 адам жолданды, оның 40 адамы жұмысын мерзімінен бұрын аяқтап,12-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 560 адам);

- «Күміс жас» жобасына – 32адам жолданып, оның4-уі мерзімінен бұрын жұмысын тоқтатып, 1-еуі тұрақты жұмысқа орналастырылды (жоспар 25 адам).

Жыл басынан бері 5 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 46 жұмыс беруші 214 бос жұмыс орнын ұсына отырып қатысып, 29 адам тұрақты, 55 адам уақытша жұмысқа орналасып, 130 адам кеңес алды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы мәліметі

2025 жылдың 1 шілдесіне 69 отбасыға (447 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2024 жылмен салыстырғанда 93 отбасыға (575 адам) 58% азайған.

Бүгінгі күнге өтініш білдірген 54 отбасының құжаттар пакеті отбасының материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік қомиссияның қарауына ұсынылды, соның ішінде 54 отбасының құжаты учаскелік комиссиядан оң қорытынды алып, 54(344 адам) отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. АӘК алушылардың ішінде:

         - бала күтімінде отырған аналар – 38 адам;

         - мүмкіндігі шектеулі жандар – 3 адам;

         - жүгіну кезінде жұмысы барлар – 47 адам;

         - студенттер – 17 адам;

         - жұмыссыздар – 7 адам;

         - кәсіпкерлер – 6 адам;

         - балалар саны – 235 адам (1 жасқа дейінгі бала саны – 12, 1-3 жасқа дейінгі бала саны – 38, 3-6 жасқа дейінгі бала саны – 48, 6-18 жас аралығында бала саны – 137).

         Бұл ретте шартты ақшалай көмек алушылар саны 49 адамды құрайды, оның ішінде 87 адам немесе 27% еңбекке қабілетті болып табылады, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 7 адам немесе 8%-ы қамтылды, оның ішінде:

         - 6 адам қоғамдық жұмыстарға;

         - 1 тұрақты жұмысқа орналасқан.

Дата публикации
09 июля 2025
Дата обновления
09 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы