Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2025 жылдың ІI тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 17 мәдениет мекемелері жұмыс жасайды. Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, 1 аудандық, 6 ауылдық мәдениет үйі мен 9 ауылдық клуб кәсіпорындары, 4 халықтық  ұжым, №1 және №2  жылжымалы  мәдени-демалыс  кешені  халыққа  мәдени  қызмет  көрсетеді.

         Жыл басынан  бастап мәдениет ұйымдарының жұмысы «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Жобада «Кино-тайм», «Әлем BOOK», «ART уақыт», «Жанұя шуағы», «Еріктілер тобы», «Сыр сұхбат», «Креативті хаб» бағыттары қарастырылған.

Балалар мен жасөспірімдердің мәдени тәрбиесін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған үйірмелермен қамту бағытында 108 үйірме жұмыс жасайды, оған тартылған өнерпаздар саны 1190. Оның ішінде 6-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын үйірме 79, қатысушылар саны 850.

Жалағаш ауданы бойынша мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарындағы үйірме қатысушылары 3 халықаралық байқау ,5 республикалық байқау, 28 облыстық байқау,14 аудандық байқауға қатысып жүлделі орындарды иеленді.

«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасына сәйкес ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, балалар мен жасөспірімдерді мәдени тәрбиемен қамтуға бағытталған түрлі форматтағы 494 іс-шаралар: оның ішінде театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, конференциялар, сұхбаттар, акциялар ұйымдастырылды. Оған 68746 көрермен тартылды.

2025 жылдың екінші тоқсанында ауықмды іс-шаралар өткізілді, атап айтқанда:

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына арналған «ХХҮІІ БОЗТОРҒАЙ» байқауының аудандық іріктеу кезеңі, Халықаралық би күніне орай "Би жұлдызы" атты бишілердің аудандық фестиваль-концерті, Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған «Мәдениетім - мәртебем» атты салтанатты мерекелік шара өткізілді.Руханият орталығында «Арт уақыт» жоба аясында орталық жанынан ашылған камералық ансамбльдің «Классика» атты есепті концерті және осы жоба аясында «Ардагерлер әуені» атты мәдениет және өнер ардагерлерінің облыстық өнер фестивалі өткізілді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық алаңда ауқымды шара, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Таң ауылдық округінде боздақтарды еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты ескерткіш монументі салтанатты түрде ашылуы өткізілсе, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы Халық театры жергілікті тарихшы Марат Шөмекейдің «Партизан Тұрғанбике» ІІ актілі драмасын аудан халқының назарына ұсынды. Бұл драмада Жалағаш ауданынан шыққан Ұлы Отан соғысының партизаны Тұрғанбике (Тұрғаш) Жұмабаеваның соғыс уақытындағы өмірі баяндалады.

Жаңадан бой көтерген "Руханият орталығы» ғимаратының алдында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара, орталық алаңдағы Рәміздер алаңында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Еңсесі биік – егемен елім!» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. 23 маусым күні мемлекеттік қызметші және Полиция қызметкерлерінің күні аталып өтті.

24 маусым күні Қызылорда қаласында орталық алаңда Қызылорда қаласының астана болғанына 100 толуына орай «Тарихтың таңбасы, рухтың ордасы-Қызылордам» тақырыбымен өтіп жатқан облыстық өнер байқауына Жалағаштық өнерпаздар қатысып  қала   тұрғындары мен қала қонақтарына рухани демалыс сыйлады.

КІТАПХАНА ІСІ

Аудан кітапханаларында кітап басылымдарын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасуда. Аудандық кітапхана қорындағы 916 дана жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен 2440 дана жергілікті мерзімді басылымның электрондық көшірмелерін санды форматқа көшіріп, бүгінгі күнге 1380 оқырманның пайдалануына мүмкіндік берілді.

Сондай-ақ, цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету бағытында «Руханият» орталығында электронды залдың мүмкіндігі жоғары. Оқырмандар Қазақстандағы кітапханалардың жиынтық электрондық каталогына, "kazneb.kz" мобильді қосымшасында тиімді пайдалануда. Қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында аудандық кітапхана түнгі мезгілде жұмыс жасауда.

Аудандық кітапхана ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Серік Бертаевпен кездесу кеші, "Ұлттық өнер қалыптастырушы" тақырыбында суретші Зәкіров Қайырбай туғанына 80 жыл толуына орай әуесқой суретшілер арасында шеберлік сағаты, “Заң және тәртіп апталығы” акциясының “Адалдық күні” аясында “Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз” атты ашық есік күні, "Тазалық сақшысы" атты Жұмысшы мамандармен кездесу кеші, "Адал адам" мәдени - тәрбие орталығының "Әлем Book" оқырмандар клубы аясындаШәменов ауылдық мәдениет үйі мен кітапхананың ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлері арасында "Қызық QUIZ" интеллектуалды сайыс, Таң ауылдық кітапханасында «Кітап әлеміне саяхат» атты ашық есік күні, № 2 филиал кітапханасында  З. Жарқынбаев атындағы № 202 орта мектептің Коворкинг залында Сейіл Боранбайұлының - 95 жылдығына орай "Сырлы сезімді сырлы ақын" атты жыр кеші, Жаңадария ауылдық кітапхана мен Жаңадария ауылдық клубының ұйымдастыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануына орай жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында «Өмірі - өнеге, еңбегі үлгі» атты Жаңадария ауылының жұмысшы мамандық иелерімен кездесу кеші өткізілді.

Сонымен қатар аудандық кітапхана жанынан «English club» және «Алтын қолдар»  үйірмесі жұмыс жасайды, үйірмеге барлығы 31 жас оқырман қатысады.

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ

Ауданда есепке алынған 72 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1 республикалық  маңызы  бар, 30 жергілікті маңызы бар, 41 тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алынған.    Аудан бойынша мемлекеттік тізімге енгізілген 72 ескерткіш толығымен теңгерімге алынған. Олардың ішінде 38 ескерткіштің мемлекеттік жер құқығын табыстау актісі мен техникалық паспорты заңдастырылған. Заңдастырылмаған (мемлекеттік жер құқығын табыстау актісі мен техникалық паспорты) 34 ескерткіштің құжаттарын рәсімдеу мақсатында аймақтарын жерге орналастыру жобалары мен жер актілерін әзірлеу жұмыстары  жүргізілуде.

Аудан бойынша 17 ескерткішке QR-код тақтайшалары орнатылды.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында 14 ескерткішке көркейту-көгалдандыру, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

2025 жылдың 18 маусым күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жастардың қатысуымен (маргинал, оқушы, студент, жасыл ел еңбек жасағы сарбаздары) Қалжан ахун, Оқшы Ата, Сауран, Сығанақ, Қожа Ахмет Яссауй кесенелеріне саяхат ұйымдастырды. Саяхат мақсаты жастарға қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттап, тарихын терең білуге шақыру болып табылады.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ

Тілдік ахуалды бейнелейтін басты көрсеткіш – құжат айналымы. Осы ретте мемлекеттік органдардағы тілдік ахуалға жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік тілдегі шығыс құжатының үлесі 100 пайызды құрап отыр.

Көрнекі ақпараттың пайдалануын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі басты назарда.Тоқсан сайын мәдениет және спорт бөлімі мен «Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының» мемлекеттік тіл мамандарының қатысуымен көрнекі ақпараттарға түсіндірме жұмыстарын  жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бап талаптарының сақталуына қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 10 кәсіпкерлік субъектілеріне (дүкендер, жарнама агенттігі, мейрамхана, сән салондары, т.б.) мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аудандағы шағын және орта бизнес өкілдеріне көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау және реттеу мақсатында whatsapp, телеграмм әлеуметтік желілері арқылы әдістемелік көмек  көрсету ұсынылған.

Дата публикации
09 июля 2025
Дата обновления
09 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы