
Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - ШОК) саны 2790 бірлікті, оның ішінде, 2679 субъектісі немесе 97,0 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр. Тоқтап тұрған ШОК субъектілер саны 111 бірлікті құрауда.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санын арттыру мақсатында кент және ауылдық округтердің халық санына шаққандағы үлесіне сәйкес аудан әкімінің іс-шара жоспары бекітіліп, ай сайын кент, ауылдық округ әкімдеріне қызметтік хат жіберіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша
Аудан бойынша 2025 жылдың 5 айында макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты.
Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы («Көлжан», «Номад солар», Арал СЖКБД Жалағаш аудандық филиалы (Ауыз су), ТОО «ПетроКазахстан Кумкол Ресорсиз», «Саутс Ойл» серіктестіктері) ағымдағы жылдың 5 айында 152,2 пайызға артып, 18 млрд. 388,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 5 айында 17 млрд. 129,0 млн. теңге).
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 5 айында шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 254,8 пайызға артып, 8 млрд. 684,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 5 айында 6 млрд. 787,0 млн. теңге).
Бөлшек сауда көлемі ағымдағы жылдың 5 айында 1 млрд. 232,9 млн.теңгеге немесе 100,6 пайызға орындалды (2024 жылдың 5 айында 1 млрд. 125,3 млн.теңге).
Жалағаш ауданы бойынша Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі ағымдағы жылдың басында 21 млрд. 300 млн. теңгеге орындау жоспарланып (2024 жылы 21 млрд. 359 млн. теңгеге орындалған), облыс әкімінің бекітілген жоспарды 10 пайызға ұлғайтып орындау тапсырмасына сәйкес 24 млрд. 400 млн. теңге болып меже бекітілді.
Ағымдағы жылдың 5 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 529,0 млн. теңгеге немесе 102,9 пайызға орындалды (2024 жылдың 5 айында 7 млрд. 148 млн. теңге).
Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 1 млрд. 121 млн. теңге, жеке қаражаты есебінен 6 млрд. 408 млн. теңгені құрауда.
Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бағытында аудан бойынша 2025 жылдың 1 маусымына 127 жоба 2 млрд. 372,3 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Қаржыландырылған жобалардың салық төлемдерін төлету жұмыстары нәтижесінде 2023-2024 жылдары «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында қаржыландырылған жобалар арқылы барлығы 2 759 956 теңге (екі миллион жеті жүз елу тоғыз мың тоғыз жүз елу алты) көлемінде салық төлемдері төленген.
Басқа өңірлерде тіркеліп, Қызылорда облысында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерді жергілікті салық төлеуші ретінде тіркету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2024 жылы ауданымызға басқа өңірлерден бүгінгі күнге 17 серіктестік Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді.
Аталған кәсіпкерлік субъектілері 2024 жылы жергілікті бюджетке 86 млн. теңге, 2025 жылдың 2 айында 32,6 млн. теңге көлемінде салықтық түсімдер түсірген. Салық базасын ұлғайту жұмыстары алдағы уақытта да тиісінше жүргізілетін болады.
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген инвестициялық жобалар:
Ағымдағы жылы ауданда жалпы құны 2,2 млрд. теңгеге барлығы 6 жобаның іске қосылуы жоспарланған.
Оның ішінде: ҰЦИП аясында:
«Агрохимсервис-С» ЖШС-нің жалпы құны 905 млн. теңгені құрайтын «Қоймалар және шатыр» құрылысы жобасын іске асыру жоспарлануда.
Бүгінгі күнге аталған нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы бар. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жоба толықтай іске қосылған уақытта 5 (бес) жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
Өңірлік пул аясында:
Ағымдағы жыл басынан бері «Ер Әлі» ШҚ Күріш ақтау зауыты, ЖК «Бейбарыс» Кондитерлік өнімдер шығару цехы іске қосылды.
Қалған жобалар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, жыл соңына дейін іске қосылатын болады.