Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

  1. Автомобиль жолдары саласы бойынша

        Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 124,0 шақырым барлығы 234,6 шақырым автомобиль жолдары бар.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 92% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 10,3 шақырымы немесе 8% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Үстіміздегі жылы ауданның жол саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы – 1 млрд 731,3 млн. теңге бөлініп, төмендегі жұмыстар жүргізілетін болады.

  1. Ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Қызылорда-Жалағаш-Ақсу-Беркімбай кәлпе» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 168,2 млн. теңге қаралды. Мердігер мекеме  «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС. Техникалық қадағалаушы - «BSP CONSULTING» ЖШС. Авторлық қадағалаушы - «Игілік Стройпроект» ЖШС. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған автомобиль жолына толық асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, жол жиегіне тас төсеу, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілетін болады.
  2. Жоба құны 403,1 млн.теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құрылысы жұмыстарына 2024 жылы республикалық бюджеттен 50,0 млн.теңге қаралып, қаржы шегінде 2 көшеге асфальт төселген болатын. Жоба 2025 жылға өтпелі.

Биылғы жылы жобаны аяқтау мақсатында республикалық бюджеттен                    294,3 млн.теңге қаралып, көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айында аяқтау жоспарлануда. Мердігер мекеме - «Қыран» ЖШС. Техникалық қадағалаушы - «SD ПРОЕКТ Консалтинг». Авторлық қадағалаушы - ШС "Мекен и К" ТС. 

  1. Жалпы жоба құны 715,2 млн. теңге құрайтын Жалағаш кентінің 11 көшесін күрделі жөндеу (9,3 шқ) жұмыстарына облыстық бюджеттен 678,7 млн.теңге қаралып, Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме - «Қызылорда жолдары» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «SD Проект Консалтинг». Авторлық қадағалаушы - «Димаш Сервис».
  2. М.Шәменов ауылындағы Жамбыл, Ердүзелова көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 69,0 млн.теңге қаралды. Бүгінгі күні көшелерге асфальт төсеу жұмыстары аяқталып, жол белгілерін орнату және жолақтарын сызу жұмыстарын жүргізетін болады. Мердігер мекеме «Зәулім Шың» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «BSP CONSULTING»  ЖШС. Авторлық қадағалаушы – « ПРОИНСЕТ» ЖШС
  3. . Жоба құны 518,3 млн.теңге құрайтын Қаракеткен және Далдабай ауылдарындағы автомобиль жолдарын (16 көше) күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін биылғы жылға 165,3 млн.теңге қаралды. Жоба 2026 жылға өтпелі. Қазіргі таңда бөлінген қаржы шегінде Далдабай елді мекеніндегі 7 көшеге құм аралас тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС. Техникалық қадағалаушы- «СК Капитал» ЖШС. Авторлық қадағалаушы - « ПРОИНСЕТ» ЖШС. 
  4. . Жоба құны 375,2 млн.теңге құрайтын Жаңадария ауылындағы Қ.Сәтбаев, Жаңадария, Достық, Мектеп көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 175,2 млн.теңге бөлінген болатын алайда облыс әкімдігінің 23.05.2025 жылғы №113 қаулысына сәйкес 69,8 млн.теңге облыстық бюджетке қайтарылуда. Бүгінгі күні аталған көшелерге асфальт төселіп, жол жиегіне құм аралас тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2026 жылға өтпелі. Мердігер мекеме - «Жаңақорған Жібек жолы» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «Строительный контроль» ЖШС. Авторлық қадағалаушы – «Ремпроект» ЖШС.
  5. Жоба құны 486,5 млн.теңге құрайтын Аққыр елді мекеніндегі Ы.Ақмырзаев, Ш.Есов, М.Ахметов, Аққыр, Н.Тәспенов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын бастау мақсатында облыстық бюджеттен 180,5 млн.теңге қаралып, бүгінгі күнге бөлінген қаржы шегінде Аққыр, Таспенов көшелеріне асфльт төселіп, жол жиегіне құм аралас тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2026 жылға өтпелі. Мердігер мекеме «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС. Техникалық қадағалаушы – «СК Капитал» ЖШС. Авторлық қадағалаушы – «ТМ Проект Строй» ЖШС.
  6. Еңбек ауылының 3 көшесін (Т. Дәуітбаев, Абай, М. Байділдаев) орташа жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы 63,8 млн.теңге бөлінді. Бүнгінгі күні жобалау-сметалық құжаттарға түзетулер енгізілуде. Жобалау-сметалық құжаттарға түзетулер енгізілгеннен кейін орташа жөндеу  жұмыстары жүргізілетін болады. Мердігер мекеме – «Орда Автодор» ЖШС.

Сонымен қатар, «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Самара-Шымкент-Мәдениет-Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Пірман каналы арқылы өтетін автомобиль көпірін реконструкциялауға» жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 11,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жолданды. Жобалаушы мекеме «Проинсет» ЖШС.

  1. Газдандыру
  1. Жоба құны 1 млрд 178,4млн.теңге құрайтын «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен және Далдабаев елді мекендеріне газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып «Сырэнергогазстрой» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Техникалық қадағалаушы «Айбар-Ш» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Дос Құрылыс KZO» ЖШС. Бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда газдандыру жұмыстары басталатын болады.
  2. «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр елді мекені, жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілеріне және ШГРП салу жұмыс жобасын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірленіп облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды. Жұмыс жобасы бойынша жоба құны 1 329 735,7 мың теңге.
  3. «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Шәменов елді мекеніндегі мәдениет үйінің ғимаратының қазандығын табиғи газға ауыстыра отырып реконструкциялауға» аудандық бюджеттен 3,5 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Проект сервис» ЖШС.
  4. «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі №31 мектеп-гимназия ғимараты, Ақсу ауылы №116 орта мектеп, Шаменов ауылы №34 орта мектеп, Жалағаш кенті «Жауқазын» бөбек бөбекжай-бақшасы, , М.Шаменов ауылы №18 бөбек бөбекжай-бақшасы» ғимараттарын табиғи газ отынына көшіру үшін жобалау-сметалық әзірлеу жобасын қаржыландыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. 
  1. Жарықтандыру

 

  1. «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы Ж.Жабаев, З.Қауқабаев көшелерін жарықтандыру» құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін ағымдағы жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Димаш Сервис» ЖШС.
  2. «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы А.Құнанбаев, Д.Тобаев көшелерін жарықтандыру» құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін ағымдағы жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалаушы мекеме «МК3 Проект» ЖШС.
Дата публикации
08 июля 2025
Дата обновления
08 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы