Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандағы жастар саясаты саласында 2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 816 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5885 - ер азаматтар, 4931 - әйел.               

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 24135.0 мың.теңге және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10671.0 мың.теңге  қаржы бөлінді.

2025 жылдың 6 айы бойынша жастар ресурстық орталығы және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  95 шара өткізіліп, оған 3500-ге жуық жас қатыстырылды.

«Бүгіннен болашаққа» атты кездесу кеші өтті

«Ақтерек» оқушылар тынығу лагерінде «Заң мен тәртіп» қағидаты апталығы аясында «Бүгіннен болашаққа» атты жастармен кездесу кеші өткізілді.  Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақты заң мен тәртіпке шақырып, құқықтық сауаттылыққа баулу, жастардың арман-мақсаттарын айқындап, болашаққа сенімін нығайту. Кеш қонақтары — аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов пен аудан прокурорының орынбасары Рүстембек Бақбергенов оқушылармен ашық әңгіме құрып, олардың көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында оқушыларға, жастарға білім алудың, заң талаптарын сақтаудың, тәртіп пен адамгершілік құндылықтарының маңыздылығын түсіндірді.

«Таза өңір – сенің таңдауың»: жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу жөніндегі кездесу

«Заң және тәртіп» апталығы акциясы және 26 маусым - Нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында «Таза өңір – сенің таңдауың» тақырыбында жастар арасында өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған кездесу өткізілді. Іс-шара Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы, аудандық прокуратура және аудандық емхана қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Кездесу барысында:

– Жастарға зиянды әдеттердің психологиялық, құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат берілді;

– Прокурор  тәуелділіктің құқық бұзушылыққа әкелетін қатерлерін нақты мысалдармен жеткізді;

– Ашық пікір алмасу алаңы құрылып, жастар өз сұрақтарына жауап алды.

КітапFest – жастардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттырудың тамаша алаңы!

Шарада аудан жастары бас қосып, «КітапFest» оқырмандар кешінде өздері оқыған кітаптарын талдап, әсерлерімен бөлісті. Әр қатысушы сүйікті туындыларын таныстырып, оны өзгелерге ұсынды. Мақсатымыз — жастарды кітап оқуға баулу, әдебиетті насихаттау және бір-бірімізбен пайдалы ой бөлісу.

Адрестік жұмыстар жүргізілуде

«Отбасылық цифрлық картасы» базасын өзектендіру, сондай-ақ NEET санатындағы және маргинал жастарды анықтау мақсатында жастар ресурстық орталығының қызметкерлері адрестік жұмыстар жүргізуде. Жұмыс барысында әрбір жаспен жеке байланыс орнатылып, олардың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жан-жақты зерделенуде. Мақсат – нақты көмекке мұқтаж жастарды анықтап, оларды мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктеріне бағыттау. Сонымен қатар, кездесулер барысында жастарға арналған “Жастар практикасы”, “Алғашқы жұмыс орны”, “Дипломмен ауылға”, “Кәсіпкерлікке қолдау” секілді бағдарламалар таныстырылып, кеңес берілуде. Бұл жұмыстар жастардың қоғамнан шет қалмауына, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруына және еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.

Ақтерек лагерінде чемпионмен кездесу!

Ақтерек жазғы лагерінде ерекше кездесу өтті! Лагерь қатысушылары ауданымыздың мақтанышы, гір көтеруден Азия чемпионы Төлеген Қайсармен және оның білікті жаттықтырушысы Абдулхасан Сейтеновпен жүздесті. Жас спортшылар чемпионмен ашық сұхбат жүргізіп, оның табыс жолындағы қызықты оқиғаларымен танысты. Қайсардың табандылығы мен тәртіпке деген құрметі, спортқа деген махаббаты оқушыларға үлкен мотивация берді.

Қайта қылмыстың алдын алу – басты назарда

Жалағаш аудандық прокуратурасыны мен жастар ресурстық орталығыгың ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтармен кездесу өткізілді.

Кездесу аясында психолог маманның қатысуымен арнайы тренинг ұйымдастырылып, азаматтарға күйзелісті жеңу, ашу-ызаға бой алдырмау, қоғамда дұрыс қарым-қатынас орнату тақырыптарында кеңестер берілді.

Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пробация талаптарын сақтау мен қайта қылмыстың салдары түсіндірілді.

Жалағаштың мақтанышы — "Дәуімбай" құрамасы!

Алматы қаласында өткен Республикалық "Jaidarman JUNIOR" 1/4 ширек финалында "Дәуімбай" құрамасы жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жалағаш ауданының атынан қатысқан жастарымыз жеңімпаз атанып 1/2 жартылай финалға жолдама алды.

Бұл жеңіс — аудан абыройын асқақтатып жүрген жас жайдарманшылардың еңбегінің жемісі.

"Дәуімбай" құрамасы — вице-чемпион!

Қызылорда облысында өткен облыстық «Bastau liga" финалында Жалағаш ауданының абыройын асқақтатқан «Дәуімбай" құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп,  вице-чемпион атанды.  Көпшіліктің көңілінен шығып, тапқырлығымен көзге түскен жас жайдарманшылар облыс көлеміндегі сайыста үздік үштіктен көрінді. 

Дата публикации
08 июля 2025
Дата обновления
19 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы