Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2020 жылдың II тоқсанында құрылыс саласында атқарылған жұмыстары туралы

«Өңірлерді дамытудың  2020  жылға дейінгі бағдарламасына» сәйкес, республикалық, облыстық бюджеттен Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі «Жаңақоныс»  елді мекені және Қаракеткен ауылдық округі «Далдабай»  елді мекендеріндегі ауыз су жүйесін қайта жаңғырту жұмыс жобасына 2019-2020 жылға қаржыландыруға ҚР-ның құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне бюджеттік өтінім ұсынылыды. 2019 жылға бөлінген қаржыға құрылыс жұмыстары жүргізілді.  Қазіргі  таңда 2020 жылға қаралған қаржылары  бөлініп,  құрылыс жұмыстар жалғасуда.

Жалағаш кенті, «Дәуімбай» учаскесінде салынатын бір пәтерлі 3 бөлмелі 10 тұрғын үй  құрылысына» мемлекеттік сатып алудың арнаулы тәртіп қолданылған конкурс  жарияланып, «Иман» ЖШС-і мекемесі  жеңімпаз атанды.  Құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

         Жалағаш кентінен 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі құрылысына мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде «Самат Мұнай» ЖШС- мекемесі  жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда жұмыстар жүргізуде. Тапсырысшы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.. 

Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі әкімшілік ғимараты құрылысына облыстық бюджеттен қаржы  бөлініп мердігер мекеме «RealStroiInvest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Құрылыс өтпелі. Тапсыру  мерзімі   2020 жылдың қыркүйек  айы.

«Жалағаш кентіндегі Алмағанбетов көшесі №15 «Емхана ғимаратын бала бақша етіп реконструкциялау»  құрылысына мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібімен мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде «ДГУ-Сервис» ЖШС мекемесі  жеңімпаз атанды. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізуде.

Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №3 әкімшілік ғимаратын шатырлау құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Касиет LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жеңімпаз болып танылды. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды.

         Жалағаш ауданы, Аламесек және Мәдениет ауылдық округ аумақтарына мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізілді. Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім беріліп, 2020 жылы әр ауылға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Ашық конкурс  жарияланып «Максат LTD»ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қазіргі уақытта  мердігер мекемемен жұмыстар жүргізілуде.

         Жалағаш кентіндегі 100 төсектік орталық аурухана ғимараты құрылысына қаржы бөлініп, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы  арқылы конкурс жүргізілді. Өтпелі құрылыс қазіргі таңда  қарқынды  жүргізілуде.

         Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, М.Шәменов ауылдық округіндегі 140 орындық №34 мектеп құрылысына 2019 жылы қаржы  бөлініп, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы  арқылы конкурс жүргізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары  аяқталып ғимарат  тапсырылды.

         2020 жылдың 6 айында жеке тұрғындар есебінен салынған 41 жеке тұрғын үй (жалпы ауданы 4 725,0 шаршы метр)  пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда 103% пайызға артығымен орындалды.

Дата публикации
15 июля 2020
Дата обновления
15 июля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы