
Аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет-Т.Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр» автомобиль жолының бойында орналасқан жалпы құны 281,6 млн теңгені құрайтын «Оңтүстік коллектор» көпірін қайта жаңғырту жұмыстары 2019 жылы басталды. Қазіргі таңда нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы Оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірінің техникалық жағдайына сараптама жасалынып, техникалық қорытынды алынды. Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудан бюджетінен 4,0 млн теңге бөлінген болатын. Конкурс қорытындысы бойынша 3,036 млн теңгеге жобалаушы мекеме «СанжарПроектСервис» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, бөлінген қаржы толық игерілді. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттарды мемлекеттік сараптамадан өткізуге құжаттар әзірленуде. Жобаның жалпы құны 171,9 млн теңгені құрады.
Биылғы жылға, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Мәдениет–Т.Жүргенов–Жаңаталап–Аққыр» автомобиль жолының 0-9,4 шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 146,6 млн теңге, Облыстық бюджеттен 5,0 млн теңге және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» автомобиль жолының 8,0-20,3 (12,3 шқ) шақырым аралығын орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 147,4 млн теңге, Облыстық бюджеттен 5,0 млн.теңге қаржы қаралды.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп, осы жұмыстар бойынша жеңімпаз болып «ТехСервис» ЖШС танылды. Бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қаракеткен ауылына кіре-беріс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталып, жалпы жоба құнының 30 пайызы (23,7 млн теңге) мердігер мекеме «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» ЖШС аударылып берілді. Сол сияқты, Таң ауылына кіре-беріс автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары да басталып, жалпы жоба құнының 30 пайызы (27,7 млн теңге) мердігер мекеме «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» ЖШС-не аударылды.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында Қаракеткен ауылына кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 20 адам, оның ішінде 10 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында Таң ауылына кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына барлығы 22 адам, оның ішінде 11 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.
Темір жол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 5,0 млн теңге қаржы бөлінген болатын, Конкурс қорытындысы бойынша жобалаушы мекеме «ПроектСервис» ЖШС-мен 4,2 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Бөлінген қаржы толығымен игеріліп, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттарды мемлекеттік сараптамадан өткізуге құжаттар әзірленуде.
Жалағаш кентіндегі Сәрке батыр (108,4 млн.теңге), Әйтеке би (119,9 млн.теңге), Сопбеков (74,9 млн теңге), Бисенов (77,3 млн теңге), Аманкелді (68,3 млн теңгеге), Қазыбек би (64,6 млн теңге) көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық маңыздағы Ақсу ауылына кіре беріс автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстары басталды. Жоба құны 18,2 млн.теңгені құрайды. Конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Сырдария Строй Сервис» ЖШС-мен 14,6 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда мердігер мекемесімен жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында бұл жұмыстарға жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 адам тартылды.
Жалағаш кентіндегі №202 орта мектептің жылу жүйесін газ отынына ауыстыруға аудандық бюджеттен 12,8 млн теңге бөлінген болатын. Конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған мердігер мекеме «Компания Газ Строй» ЖШС-мен 11,6 млн теңгеге келісім-шарт жасалып, қазіргі таңда газ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.