
«Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал- актілерін тіркеу бөлімі» КММ-нің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің негізі: Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2020 жылғы 25 маусымдағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №52/а бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2020 жылдың 1 жарты жылдығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі.
1) бөлімнің функцияларын қозғайтын нормативтік – құқықтық актілер;
2)бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер;
4) мемлекеттік қызметшілердің ауысуы.
Бөлімде 2020 жылдың басында 29,5 штаттық бірлікте 7 мемлекеттік, 2 әлеуметтік қызметкер, 12,5 штаттан тыс техникалық қызметкер, 8 техникалық қызметкерлер еңбек шарты негізінде қызмет атқарған.
Кадрлардың ауысуы:
Жалпы бөлім бойынша кадрлардың ауысу көрсеткіші - 1 адамды құрады.
Жұмыстан шығу себебі;
- өз еркімен – 1 мемлекеттік қызметкер;
Мүдделер қақтығысын реттеу:
Мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына сәйкес келеді.
Тәртіптік жауапкершілік:
Есептік кезеңде – 1 әлеуметтік қызметкерге, 4 штаттан тыс қызметкерге лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жауапкершілікке тартылған қызметшілер арасында қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағандығы анықталған жоқ. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің табысы мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы тапсыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.
Аудан әкімдігінің интернет-ресурсында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат орналастырылған, сенім телефоны көрсетілген.
Есептік кезеңде бөлімде барлығы 21 қызмет түрі бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 3389.
Мемлекеттік орган арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы 1859 қызмет көрсетілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 854 болып орындалды.
ЭҮӨШ ЭҮП және ЕЛ ЭҮП ақпараттық жүйелерінің мониторингі бойынша электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –676.
2020 жылғы жүргізілген талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша:
Есепті кезеңге бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 27 өтініш келіп түсті. Жазбаша түсіндірілгені-13, жеке қабылдау кезінде түсіндірілгені -14. Бөлімге түскен өтініштерге уақытылы жауап берілген. Ішкі талдау барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
5.Қорытынды бөлім.
Жұмыс тобы бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу бойынша жүргізілген жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтіп, тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақытылы жүргізу қажет екендігін ұсынды.