
«Регион Юг-Запад» қоғамдық бірлестігі арқылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша респондеттердің 100% қазақ тілін, 60% орыс тілін және 12% үш тілді қатар меңгергендерін атап көрсеткен.
Бюджеттік сала қызметкерлерін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне оқыту шаралары облыстық тілдерді оқыту орталығы арқылы жүргізілуде. Мемлекеттік тілді оқығандар саны 48, ағылшын тілін оқығандар саны 36, орыс тілін оқығандар саны 60 адам.
Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты сәуір айынан бастап оқу курстары қашықтықтан оқытылуда.
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіруді қолдау бағытында аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде ақпан-маусым айларында тұрғындардың оң пікірлері (15 мақала) жарияланды.
Ономастика саласы бойынша ауданда 32 әкімшілік-аумақтық бірліктердің 24-і географиялық атаулармен аталса, 8-не, сонымен қоса 9 әлеуметтік нысанға мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімдері берілген.
Беймәлім тұлғалар мен белгісіз тарихи оқиғаларға байланысты, рулық қайшылықтар тудыратын атаулар мен атауы жоқ елді мекендер орын алмаған.
Аудан көлеміндегі 214 көшенің 147-і ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарды ұлықтау мақсатында кісі есімдерімен аталса, 60-ы тарихи атаулармен, 2 көше шартты белгімен белгіленген, 5 көшенің атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген.