Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы әкімдігінің 2024 жыл қорытындысы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жылдық есебі

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

Жалағаш ауданы әкімінің аппараттары

Кент және ауылдық округ әкімінің аппараттары

 «Жалағаш аудандық  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жалағаш аудандық мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

"Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 2024 жылы аудан әкімдігі мен және аудан әкімдігіне қарасты аудандық жергілікті атқарушы органдар арқылы 106 қызмет түрін ұсынады. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер туралы мәліметті аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсынан алуға болады

1)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

106

2)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

24

3)

Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін – 101 қызмет

Ақылы негізде – 5 қызмет

4)

Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

82

5)

Бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттер саны

-

2. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/article/details/156793?lang=kk) арнайы бөлім ашылып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен қызмет көрсетуші мекемелер жайлы ақпараттар орналастырылған. Қызмет көрсетуші жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты қағидалары ілінген ақпараттық тақталар жасалынған.

2)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

-

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар)

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлердің қатысуымен барлығы 10 рет семинарлар мен құқықтық оқытулар өткізіліп, практикалық көмектер көрсетілді.

Баламалы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электрондық үлесін арттыру бойынша көп шоғырланатын орындарда брошюралар таратылды және 8 бейнеролик әлеуметтік желілерге (you tube, facebook, Жалағаш аудан әкімдігінің сайты) орналастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар (түсiндiру жұмыстары, семинарлар, кездесулер).

Жалағаш ауданы бойынша қызмет алушыларды кеңінен ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің жұмысына баға беру жөніндегі «Digital agent» және «e-gov mobile» мобильдік қосымшасы туралы таратпалар (брошюра) халыққа таратылып, билборд орнатылған.

Үстімізде жыл көлемінде қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жұмыстары  жүргізілді. Мониторинг шарасы Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі, Жалағаш ауданы жастарының  «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төребек Нұрсұлтан Қайратұлы білім саласына қатысты «Жалағаш индустриалды- Аграрлық колледжі» мен мектепкерге және  Жалағаш ауданы әкімі аппаратына қарасты мемлекеттік мекемелер мен бөлімдеріне  жүргізді.

3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ПРОЦЕСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

-

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

-

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

-

4. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ:

1)

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша)

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ

2)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

2024 жылдың І, ІІ, ІІІ, IV тоқсанында аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің ұсынуымен аудандық мемлекеттік қызмет көрсетілетін бөлімдердің қатысуымен  «Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын сұрақтар, оларды шешу жолдары және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмыстары»  туралы тақырыбында Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

            Анықталған бұзушылықтар: Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мерзім бұзу фактілері:

Бұқарбай батыр ауылдық округінде С.Изкеновтың және Мақпалкөл ауылдық округінде Қ.Мустафиннің өтінімінде Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар беру мемлекеттік қызметін көрсету өтінімдерінің  мерзімі кешіктіріп орындалғаны анықталған. Жауапты маманға жіберген кемшіліктеріне байланысты тиісті шара қабылданды.

Жалағаш кенті әкімінің аппаратында С.Айнабаеваның, К.Мустафаеваның , Мақпалкөл ауылдық округінде Қ.Мустафиннің және Ақсу ауылдық округінде Ж.Телибаевтың Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар беру мемлекеттік қызметін көрсету өтінімдерінде мемлекеттің органдардың қол қоюға уәкілетті бірінші басшылары іс-сапарда немесе еңбек демалысында болған уақыттарында өз функциналдық міндеттерін лауазымды тұлғаға жүктегенімен мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-сын заңсыз пайдалану деректері анықталған. Аталған кемшіліктер бойынша жауапты мамандарға тиісті тәртіптік шара, айыппұл төледі.

3)

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

-

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері:

-

6. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің переспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

-

Дата публикации
29 апреля 2025
Дата обновления
29 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы