
«Қазақстан халқына» қорынан 172 000,0 мың теңге бөлініп «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында салынатын ангар типтес спорт кешені құрылысы» жүргізілуде. Мердігер мекеме «АИР Строй Монтаж» ЖШС.
Аққыр елді мекенінде денешынықтыру алаңы құрылысына облыстық, ауыдандық бюджеттен 16463,0 мың теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме «Зәулім шың» ЖШС.
2025 жылы бөлім арқылы аудандық бюджеттен 100,0 мың теңгеден бөлінген қаржыға Есет батыр елді мекенінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, «Жалағаш кенті емдеу мекемелерінің (100 төсек орнына арналған орталық аурухана, 20 төсек орнына арналған жұқпалы аурулар ауруханасы, бір ауысымда 250 келушіге арналған аудандық емхана) кәріздік құрылыстарын салу» жобалары бойынша мердігерлер анықталып, республикалық бюджеттен қаржылары күтілуде.
Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік-инфрақұрылым (жаяу жүргіншілер тротуарлар) жоба-сметалық құжаттар әзірленіп,сараптамадан өтті. Мердігер мекеме «НаргулЭлитСтрой» ЖШС.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек, М.Шәменов ауылдық округіндегі электр желілерінің құрылысына» жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтіп, 2025 жылға қаржыландыруға Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылды.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің темір жол желісінің арғы бөлігіндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын (электр беру желілерін) салу» құрылсына жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтіп, 2025 жылға қаржыландыруға Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.