Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандағы жастар саясаты саласында 2025 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 866 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5902 - ер азаматтар, 4964 - әйел.               

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 24135.0 мың.теңге және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10671.0 мың.теңге  қаржы бөлінді.

2025 жылдың 3 айы бойынша жастар ресурстық орталығы және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  47 шара өткізіліп, оған 1700-ға жуық жас қатыстырылды.

Жайдарман ойындарының аудандық лигасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Облыстық жастар ресурстық орталығы мен @jaidarman_qyzylorda ұйымдастыруымен “Достық үйі” ғимаратында облыстық “Мектеп лига” Жайдарман ойындарының жартылай финалдық сайысы өтті. Тартысты өткен додаға облыс көлемінен 11 команда қатысты. Ауданымыздың намысын қорғап “Дәуімбай” құрамасы және Еңбек ауылының “No stress” құрамалары қатысты.“No stress” құрамасы Жартылай финалда жоғары деңгейде өнер көрсетті.  “Дәуімбай” құрамасы финалдық кезеңге жолдама алды.

«Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ филиалына қарасты «Orda» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Orda» колледжі директорының кубогына арналған жайдарман сайысы өз мәресіне жетті. Аталған сайысқа Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Дәуімбай» командасы қатысып, жүлделі І орынға ие болып, жеңімпаз атанды.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Есмахановтың қатысуымен ауданымыздың белсенді жалынды жастарымен кездесуі өтті. шарада Жалағаш аудандық «Жастар рухы» Жастар қанатының жетекшісі Ахметжамиев Асхат Ғалымжанұлы «Жастар рухы» Жастар қанатының 2024 жылы атқарылған жұмыстарының есебі мен 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы баяндама жасады.

Ауданда алғаш рет мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері арасында Кітап оқырмандары клубы бастау алды. Оқырмандар ортасын құру мақсатында өткен еркін форматтағы кездесуде кітап оқуды әдетке айналдыру, жастар арасында терең танымдық түсінік қалыптастыру бағытында пікір алмасулар болды.

Жаңа мақсатқа жол тартқан жаңа құраммен кездесуге Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Дүйсекеев Жасұлан Талғатұлы қатысты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – қоғам үшін маңызды әрі өзекті қадам. Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған. Осы ретте, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және жастарға кәсіптік бағдар беру, дұрыс мамандық таңдауға көмектесу мақсатында аудандық «Руханият» орталығында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жастармен ТЕdX форматында кездесу өткізілді.

Аудандық «Руханият» орталығында облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Басаровпен «Заң және қоғам тақырыбында «Talqylau» ашық пікір алаңы өтті. Шараға ауданға қарасты барлық кент және ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі мамандар қатысты.  Жалпы тақырып, NEET санатындағы жастармен жұмыс, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша мәселелер және алдағы уақытта аудан көлемінде креативті жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен аудан, ауыл мекемелері қызметкерлерінің арасында еркін жүзуден аудандық ашық біріншілік өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауданда жүзу спортын дамыту мақсатында Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің «Жалағаш аудандық жабық бассейні» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында мекеме қызметкерлері арасында суда еркін жүзуден сайыс өткізілді.

Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің жастар ресурстық орталығы мен “Темірқазық” ҚБ ұйымдастыруымен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 36 жылдығына орай еске алу рәсімі өтті. «Тағзым» алаңына жиылған жұртшылық Семей полигонында қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Мұнан соң, Семей сынақ алаңында қаза тапқан жауынгерлерге құран бағышталды.

 

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы