Лого

Меню

Страницы

Статья

2025 жылғы І тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Мектепке дейінгі ұйым  

Ауданда  37 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік,  жеке балабақша 26, 1 шағын орталық)  2508 бала тәрбиеленуде ( МАД-595 ).    Қамтылу көрсеткіші 3-6 жас 2495 бала 100%, 2-6 жас 3103 бала 83,1 %.

Биылғы жылы  10 балабақшада  консультациялық пункттер ашылып, балалары балабақшамен қамтылмаған 32 ата-анаға тұрақты кеңестер берілді.

Биылғы жылы 5 балабақшада бейіні бойынша құзіреттіліктер желісі құрылып, жұмысын бастады. Үздік тәжірибелер басқа балабақшаларға таратылатын болады.

Анықтама үшін: IT балабақша -«Ақмаржан», Жасыл балабақша -«№19 санаторлық балабақша», «№7 Шұғыла»,  Балабақша театры - «№13 балдырған», Ұлттық құндылықтар бағытындағы балабақша  «Жауқазын».

МДҰ жұмыс жасайтын 329 педагогтардың (жоғары-215, арнаулы-114)

6-зерттеуші (1,8 пайыз), 37-сарапшы (11,6 пайыз)  107-модератор санатында ( 33,1 пайыз), санатсыз-179

2024 жылы 65 педагогты курстан өткізу жоспарланған. Бүгінгі күні  47- курстан  (72,3%) өткізілді, оның 10-і жеке балабақшаның педагогтары.

2025 жылға  170 орынмен 2 жеке балабақша ашу жоспарлануда.

Қауіпсіздік бағытында 10 балабақша полиция бөлімінің жедел басқару жүйесіне қосылатын цифрлы бейнекамералармен қамтуға қаржы қаралды 72 млн теңге, дабыл түймесімен қамтуға 5 млн 355 мың теңге қаралды. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Инфрақұрылым бойынша, материалдық база

Ауданда 3-і мектеп –лицейлер 2177,1-і мектеп-гимназия 449,16-ы орта мектеп 4446.                   7012 оқушы білім алуда. Апатты және үш ауысымдық мектептер жоқ.

Ғимараттардың жай күйі бойынша 8 мектеп (33,34,115,118,123,188,202,246) жақсы деңгейде, орта деңгейде 9 мектеп (№32,116,117,119,122,124,201,124,201,203,232), төмен деңгейде 3 мектеп (№114,31,38) қалыптастып отыр.

Олардың 90 жылға дейінгі-13, 2010 жылғы 5 мектеп,2020 жылы салынған 2

2025 жылы жәй жөндеу жұмыстарына қаралған қаржы 58 млн 178 мың. 1 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланды (№31). ПСД жобасын өзгертуге 2 млн теңге, күрделі жөндеуге қажетті қаржы 450 млн теңге

2025 жылы Мәдениет ауылы №32 мектеп-лицей сыртқы ғимаратына жөндеу жұмысына  /20 млн 746 млн теңге/.

3 мектепке (№31,122,202) спорт алаңдарын салу және 2 мектепке /246,201/ спорт алаңдарын қайта жаңғырту, күрделі жөндеуге барлығы 134 млн теңге қаржы қаралды.

 Қауіпсіздік бойынша  100 пайыз бейне бақылау жүйесімен қамтылған. 19  мектеп полиция бөлімімен интеграция жасалған.

2024 жылы қалған 4 мектепті (№188,119,203,115 мектептер) қосуға 43 млн 200 мың теңге қаржы қаралды, 3 мектепке орнатылды, №203 мектепке  2025 жылы орнату жоспарлануда.

 4 мектепке (№119,188,203,115 мектепке) дабыл түймесі орнатылды. Қаралған қаржы 729,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 100 пайыз дабыл түймесі орнатылды. Кент орталығындағы 5 мектеп күзет қызметімен қамтылған.

Қосымша білім беру ұйымдары Оқушылар Үйі, Өнер мектеп,Ақтерек сауықытру лагеріне  бейне камера орнатуға 21 млн 600 мың, дабыл түймесін орнатуға 1 млн 600 мың теңге қаралды.

 2024 жылы модернизация жаңғырту жұмыстарына 4 мектеп  (№34,38,114,115) жоспарға енгізіліп, бұл мақсатта 983 млн  теңге қаралды. Облыстық бюджеттен 15,4 млн. теңге қаржы бөлініп,                    3 мектеп  STEM кабинеттермен (№34,115,114) ,жаңа модификациялық пәндік кабинеттерімен 2 мектеп (№114,115) жабдықталды.

Мектептерде 22 мультимедиялық кабинет,жаңа модификациялық  82 кабинет (биология-25, химия-29,физика-28), роботехника кабинеті 13, STEM кабинеттер саны-4.

 №201 мектеп-лицейге «Қазақстан халқына» қоры есебінен 250 млн. теңге қаржы бөлінді (21 пәндік кабинеттер, 56 моноблок, 18 интерактивті панель  мен кітапхана, спорт зал, коворкинг аймағы, арт студия, қыш студия, теле студия, робототехника, STEM лабораториясы, шахмат кабинеттері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен және жиһаздармен толық жабдықталды. Өнім беруші ТОО «QurmetIndustry»)

/ 34 млн-ға мектеп кітапханасына лэд экран, мәжіліс залына лэд экранның екі жағына кулиса қойылды, муз аппаратура, логопедиялық кабинетке ақылды айна (умное зеркало), екі қызмет көрсету  роботы комплектісімен келді. Енді музыка кабинетіне 10 домбыра мен фортепиано келеді/.

Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 50 % құрауы тиіс. Осы бағытта 3,5 млн теңге қаржы бөлініп, 3 мектепке (№123,201,202) аппараттық бағдарламалық кешен орнатылып, жұмыстары жүргізілуде. Барлық мектептер интернет желісіне қосылған (11 мектеп «Транстелеком» АҚ, 9 мектеп «Қазақстелеком» АҚ  арқылы жұмыс жасайды.   

 2024 жылы интернет жылдамдығы төмен Далдабай ауылындағы №115 мектептің интернет жылдамдығын көтеру бағытында 1,4 млн. тг. қаржы бөлініп, «Starlink» спутниктік интернет желісіне қосылды.

 Аудан бойынша барлығы 2885 компьютерлік құрылғы (дербес компьютер, ноутбук, планшет) бар.

Оқу- әдістемелік кешен

 Мектеп кітапханалардағы  барлық кітап қоры-  493 520 дана. Оның ішінде қазақ  тілінде-269 818 дана, орыс тілінде-18595 дана. Оқырмандар саны-8114 адам. Көркем әдебиеттер саны -195 636 дана оның ішінде  балалар кітапханасы 4546 дана. 17717  дана электрондық оқулықтар. Жыл сайынғы қордың өсу-55379 дана.

 2025 жылға қаралған қаржы 71 млн 311 мың теңге.

Орта білім

 

Елді мекенде орналасқан білім беру ұйымдарын нығайту үшін  Жалағаш кентінінен негізгі 1 білім беру округы №201 мектеп-лицей базасында жұмыс жасауда. Құрамына  кенттегі 3 мектеп,   5 балабақша, 1 Оқушылар Үйі топтастырылды.  14 ауылдық елді мекендерден негізгі білім беру оркугы арқылы   әдістемелік көмек берілуде.

          

Білім сапасына жасалған талдау қорытындылары  бастауыш сыныпты аяқтап, негізгі буынға көшкен 5-9 сынып оқушыларының білім сапасының төмендеп кететіндігін көрсетіп отыр.  Бұл олқылықтарды шешу үшін төмендегі бағытта жұмыс жүргізудеміз.

Біріншіден, 4 сыныпты аяқтайтын оқушылардан қараша айында алынды, алдағы сәуір, мамыр айларында  математика, жаратылыстану, қазақ тілі пәндері бойынша бақылау жұмыстарын алып, мониторинг жүргізілді. Қорытындысымен төмен нәтиже көрсеткен оқушыларға біліміндегі олқылықтармен нақты жұмыс жүргізетін болады.

 Екіншіден, білім бөлімі тарапынан білім беру сапасын сырттай бағалау мақсатында жаратылыстану-математикалық  және қазақ тілі пәндер бойынша   жылына 2 рет  қазан, наурыз айларында    4, 5, 7, 8  сынып оқушыларынан тест алынып, мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қорытындысы бойынша қиындық тудыратын тақырыптар анықталып,  пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ұйымдастырылады. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жеке дайындық жұмыстары жүргізіледі.  

Білім алушылардың білім жетістігін мониторингілеуге (МОДО) 2024 жылы  7 мектеп (№201,188,33,203,119,114,116 )қатысты. Көрсеткіштері бойынша салтыстырмалы деңгейде 2 мектеп жоғары (/614-657/, 3 мектеп орта /592-576/ төмен деңгейде 2 мектеп /372-356/.

2024 жылы PIZA халықаралық зерттеуіне 2 мектептен (№246-30,38-26 мектептер)  Барлығы 53 оқушы қатысты.

2025 жылы №201,246 мектептен 81 бала қатысады.

2024 жылғы ҰБТ-ге  аудандағы 420 бітірушінің 395-і яғни 93,6 пайызы қатыстырылды. Ауданның орташа балы – 82,7% құрады.

 ҰБТ-ге қатысқан мектеп бітірушілердің  294 бітіруші мемлекеттік білім беру грант арқылы жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік алды (74,4%). Сонымен қатар  Серпін - 2050 бағдарламасы арқылы 34 бітіруші солтүстік өңірлерде өз білімдерін жалғастырcа, 16 бітірушіміз әскери жоғары оқу орындарының грантын иеленді.

Талапкерлердің  66-і техникалық, 130-і педагогикалық, 22-і медициналық, 32-сі ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдаса, 44- басқа да салаларды таңдаған. Мектеп бітірушілердің 80,5 пайызы жоғары оқу орындарын жалғастырса, 19,5 пайызы арнаулы оқу орындарына орналасуда. «Алтын белгі» белгісін алған 18 түлектің 9-і яғни 50%-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданды. Жыл сайын педагогика саласын таңдап отырған үздік түлектеріміздің саны артып келеді.

2025 жылы бітіруші саны-448, ҰБТ –ге қатысатыны -424,  орташа көрсеткіші 75,8%

 «Жас дарын» олимпиадалық резерв бойынша 150-ден астам оқушы қамтылды. Жалпы білім беретін пәндердің мұғалімдерімен облыстық және республикалық пәндік олимпиада тапсырмаларын талдау жұмыстарын жүргізу үшін «Олимпиада күнделігі» жобасы енгізілді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 6 пән бойынша  «Қамбаш» Олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары 3 кезең бойынша 96 (64%) оқушымыз дайындық курстарынан өтті.   Түрлі танымдық байқауларға облыстық деңгейде  300-ден астам оқушы қатысып 182 орын (46%), ал республикалық деңгейде 29   жүлделі орын еншіледі.

2024 жылы Республикалық кезеңге (жаратылыстану-гуманитарлық бағытта) 15 оқушы қатысып, 12 оқушы жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, 3 оқушы 1-орын “Алтын медаль”, 4 оқушы  2-орын “Күміс медаль”,  5 оқушы 3-орын “Қола медаль” иеленді.

Республикалық деңгейде  Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицей «Үздік ауыл мектебі» номинациясымен және осы 201 мектеп-лицейінің  11 - сынып оқушысы Азамат Тұрсынбек Сүлеймен Демирел атындағы университетінің білім грантын жеңіп алды, 10-сынып оқушысы Айзат Тұрсынбек О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебіне оқуға жолдама алды.

Жалпы пәндік олимпиада көрсеткіші бойынша облыстық кезеңде 37 оқушы қатысып 24 оқушы жүлдеді орындады иеленді (64,8%)

Білім сапасын арттыру мақсатында «мақсатты мектептерді» дамыту  жобасына  енген 4 мектепке (№203,232,188,115) нысаналы әдістемелік көмек көрсетілуде.

Жалпы 4 мектепте педагогтар саны-88 (зерттеуші-13,сарапшы-33,модератор-28, педагог-12, І санат-1, жоғары санат-1).

Аталған педагогтар базалық деңгей бойынша курстардан толық өткізілді. Қорытынды тестілеуге 84 педагог қатысты. Тесттен өтпеген педагог саны-5 (№232-1,№203-3,№188-1 педагог).

Негізгі деңгей бойынша №232,188 мектептен 51 педагог курсты (11 пән бойынша) толық аяқтады. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес 2 мектеп өтеді.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған       12 семинар-практикум, 11 ашық есік күндері және тапсырмаларды шешу  алгоритмі көрсетілген дидактикалық материалдар әзірленді.

Облыстық деңгейде пәндер бойынша 7 семинар-практикум өткізіліп тәжірибе алмасты.

Лицей, гимназиялардың  көрсеткіштеріне  5 жылғы талдау жұмысатры жүргізілді. Білім сапасы бойынша №32,31 мектептер жылма жыл төмен көрсеткішті көрсетуде.

Олимпида, ғылыми жоба конкурстары бойынша №201,123 мектептер жоғары көрсеткіштерді қалыптастыруда.

Педагогтардың біліктілігі бойынша №32 (53,8%),31(45%) мектептерде зерттеуші, сарапшы педагогтардың үлесі төмен.

Цифрлы ұстаз бойынша 194 оқушы есепке алынған таңдау пәндер бойынша (математика, физика, химия, биология, тарих) І оқу тоқсаны білім сапасы 19% (4-76, 3-312 мен ІІ оқу саны 20% (4-79, 3-309).

Педагогтардың кәсіби дамуы (4 слайд)

Мектеп директорларының сапалық құрамы біліктілік санаттары бойынша 8 педагог-зерттеуші, 9 педагог-сарапшы біліктілік, 3 мектеп ваканция (№202,188,32);

Басшылық деңгей бойынша 2 мектеп директоры І ші деңгей, 10 мектеп директоры «басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», ІІ-ІІІ деңгей біліктілік санаттары бар (60%)

1258 педагог жұмыс жасайды. Жоғары білімді-1221 педагог (97%), арнаулы орта білімді -37 педагог (3%).

Біліктіліктері бойынша кезең-кезеңде курстан өткізілуде 2023-2024 оқу жылында  жылы  157 педагог, 18 мектеп директоры, 11 мектеп директорының орынбасарлары біліктіліктен өткізілді.

2024-2025 оқу жылында пәндер бойынша 249 педагог, 16 орынбасар, 6 мектеп директоры біліктілік курстарынан өткізілді

  1258 педагогтардың жаңа формат бойынша аттестациядан өткені  84,5% 1064 педагог  /2023 жыл 70% 903 педагог/ құрап отыр. 

Педагог-шебер-4  педагог 0,3%  /2023 ж 1 педагог/,  педагог-зерттеуші- 286 педагог 22,8% /2023 ж 248 педагог 19,1%/, педагог-сарапшы-390 педагог 31% /2023 ж сарапшы 372 (28,7%/, педагог-модератор-384 педагог 30% /2023 жылы модератор 282 (21,8%/, санатсыз педагог саны-174 13,8% /2023 жылы педагог 390  30,1%/ , І-ІІ санатты педагогтар саны-4.

Ауданда 1258 педагогтың магистр дәрежесі бар педагогтар саны-88 (6,9%). 2024 жылы 3 педагог Республикада жүлделі орындарды иеленді.

 «Үздік мектепке дейінгі ұйым педагогі -2024» Республикалық байқауында №19 санаторлық бөбекжай бақшасының тәрбиешісі жүлделі І орын, «Үздік сынып жетекші - 2024» Республикалық байқауында Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейдің мұғалімі жүлделі ІІ орын, «Үздік физика пәні мұғалімі 2024» облыстық байқауынан №123 мектеп-лицей мұғалімі Құдабаев Нұрбол 3-орын  иеленді.

Білім сапасын арттыру мақсатында  әдістемелік кабинет арқылы сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы оқу жылында әр түрлі бағытта 31 әдістемелік шаралар ұйымдастырылса (2023 жылы -51) , №203, 188, 119, 115 мектептерге десанттық топ барып,  «ашық есік» күндері өткізіліп  әдістемелік көмек көрсетілді

Инклюзивті білім беру –Бүгінгі күні 343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр. 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 бала балабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте   түзету сабақтарын алуда. Жұмыс жасайтын пән мұғалімдері арнайы инклюзивті курстан тұрақты түрде өткізілуде.

1258 педагогтың  (70%) арнайы инклюзивті курстан өтті.

4.Білім беру менеджментінің сапасын жақсарту

Білім беру ұйымдарында ашықтықты қамтаамсыз ету бағытында ресми сайттар жұмыс жасайды. Әлеуметтік парақшалары бар. YouTube  каналына 2024 жылы 66 педагогтың әдістемелік сабақтары жарияланған.

Мектеп басшыларының және орынбасарларының біліктілік курстардан үш жыл сайын өтуі бойынша

2024 жылы 494 педагог 21 орынбасар,10 мектеп директоры курстан өткізілді.

2025 жылы 697 педагог 12 орынбасар, 5 мектеп директоры біліктіліктен өткізу жоспарланды.

 

5.Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында

 «Мектеп парламенті» өзін өзі басқару ұйымы 3048 оқушы, «Мектеп театры» жобасына 180 оқушы ,«Дебат» ойындары 88 оқушы,  «Оқуға құштар мектеп» жобаларымен 2789дан астам оқушылар қамтылды.

  «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса», «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Еңбегі   адал жас өрен»,«Тоғыз  айға  9 іс-шара», «Төрт тоқсан- төрт өнер», «Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы,  «Балаларкітапханасы» жобалары бойынша былтырғы оқу жылында нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Жоба аясында 150-ден астам шаралар өткізіліп, 4000-нан астам оқушылар қамтылды

 «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары»  ашылып, ай сайын психологиялық-педагогикалық білім беру сабақтары ұйымдастырылды.Шараға 1800-ден астам ата-аналар қамтылды.

  «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты құндылыққа негізделген тәрбие жұмысы басшылыққа алынып жұмыс жүруде. Білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамыту мақсатында сыныптан тыс жұмыстар шеңберінде  «Қамқор»,  «Еңбегі адал жас өрен»,  «Шабыт»,  «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы»    әлеуметтік жобалары  назарға алынып 50-ден астам шаралар өткізіліп 3500-ден астам оқушылар қамтылды.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының аумағында оқыс жағдайлар орын алған жоқ.

2024 жылы суицид жағдайы орын алған жоқ. «»Психологиялық қолдау тобында 25 бала есепке алынып, дәрігерге қаралып тиісті профилактикалық шаралар жүруде.

Анықтама ретінде: Қадамдық жоспарға сәйкес оқушылар арасында «Жасөспірім және Заң» құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында 36 шара (дебат қозғалысы, психолог сағаттары, семинар-тренингтер) ұйымдастырылды.Оған 5  мыңнан астам білім алушы қатысты.

Жыл басынан бері жауапты органдармен қатар, ата-аналар тартылып, құқық бұзушылықтың алдын алу «Түнгі қаладағы балалар» рейді күшейтілді. Есепті мерзімде өткізілген 111 рейдке 1789 адам қатысты. (оның ішінде, 1210  педагог, 579  ата-ана). Балалар бойында жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сананы жетілдіру мақсатында «Армандар орындалады» жобасы жүзеге асырылып, білім алушылар мен ата-аналарға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді және психолог кеңестері өтті.

2024 жылдың 12 айымен 4 оқушы  (№116 мектеп) полиция бөлімінің есебіне алынды. Аталған оқушылар мектепішілік спорттық үйірмелерге қамтылған.

Қосымша білім беру ұйымдарына қамту

   Оқушылар Үйіне – 18 үйірмеге 630 бала, Өнер мектебіне  мектебіне 7 үйірмеге  160 бала білім алса, №202 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығына- 5 үйірмеге 395 бала қамтылған.

Аудандық  спорт  мектептеріне – 1170 бала қамтылған.

 Мектепішілік 669 үйірмеге 4058 бала қамтылған.(88,4 % пайызды құрайды).

Сонымен бірге, кент орталығындағы №201 мектеп-лицей жанында «Мұрагер» оркестр сыныптары жұмыс жасап, оған  140 бала қамтылып отыр.

Жалпы 7012 баланың 6553 бала (92 пайызы ) үйірмелерге қамтылған.

 

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы