
2025 жылға қаралған қаржы 1002923,0 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 58578,0 мың теңге), 2025 жылдың 1 сәуіріне игерілгені 169995,4 мың теңге.
Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары
2025 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 179012 мың теңге (РБ-75176,0 мың теңге, ЖБ-103836,0 мың теңге) және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанда 20864,0 мың теңге қаралған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-19. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 5 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:
2025 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 53 отбасының 344 мүшесіне 10706,9 мың теңге тағайындалып, 51 отбасының 324 мүшесіне 7072,8 мың теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 51 отбасының 324 мүшесінің 101 баласына 1757,6 мың теңге тағайындалып, 49 отбасының 314 мүшесінің 98 баласына 1156,0 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 53 отбасы 344 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 235, мүгедектігі бар адам-1, студенттер саны-17. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-91, оның ішінде жұмыссыздар-6, жүгіну кезінде жұмысы барлар-47, бала күтімінде -38.
Белсенді шараға қатысушылар-7, қоғамдық жұмысқа-6, тұрақты жұмысқа орналасқандар-1.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4925,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 7 отбасының 10 мүшесіне 196,3 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға 2025 жылға қаралған қаржысы 17930,0 мың теңге. Қосымша тамақтануға 31 адамға 3379,0 мың теңге тағайындалып, 30 адамға 2399,2 мың теңге төленді.
«Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа 44,8 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Өрттің салдарынан зардап шеккен 1 отбасына 589,8 мың теңге тағайындалып, төленді.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету
және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар
Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2025 жылдың 1 сәуіріне 978 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-229.
Мүгедектерді сауықтыру жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы 919 жеке оңалту бағдарламасы бойынша өтініш түсіп, 739-ы немесе 80,4 %-ға орындалды.
2025 жылдың 1 сәуіріне 465 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 25-ы кресло арбамен, 9-ы санаторлы-курорттық жолдамамен, 86-ы тифлотехникалық құралдармен, 4-і сурдотехникалық құралдармен, 50-ы протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.
Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 94 адамға жеке көмекші қызмет көрсетілді.
Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден 2025 жылдың 1 сәуіріне 7 адам жіберілді, оның ішінде зейнеткері-2.
2025 жылдың 1 сәуіріне 95 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 65 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.
Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 6901,0 мың теңге қаралған. 2025 жылдың 1 сәуіріне 54 мүгедектігі бар баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 1824,0 мың теңге төленді.
Еңбек мигранттарына еңбек қызметімен айналысуға рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша 2025 жылдың 1 сәуіріне барлығы 6 өтініш түсіп, 4-уіне рұқсат берілсе, 2-уі бас тартылған.
Пробация туралы
2025 жылдың 1 сәуіріне Жалағаш ауданы бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың саны-52, оның ішінде 47 пробация қызметінде және 5 полиция бөлімінде есепке алынған.
Оның ішінде:
-шартты жазаға сотталғандар-9
-бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар-34
-белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тиім салынғандар-5
-мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып келгендер-5.
Олардың, 31-і Жалағаш кентінен, 21-і ауылдық округтерден.
Статустары бойынша:
-тұрақты жұмысқа орналасқандар-30
-қоғамдық жұмысқа жіберілгендер-5
-жастар практикасына жолданған-1
-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-4
-жұмыссыздар-6
-денсаулығына байланысты уақытша жұмыссыздар-2
-зейнеткерлер-3
-студент-1
Жыл басынан бері «Мансап» орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 11 адам тіркеліп, 2-уі квота бойынша ЖК «Сырымжан»-ға тұрақты жұмысқа орналасты, 7-і ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды. 2 адам тіркеуден шығарылған.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беру мақсатында 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 3 адамның құжаттары арнайы комиссияда қаралып, оң қорытынды беріліп, 176,9 мың теңге төленді.
Наурыз мерекесіне орай пробация қызметіндегі 2 адамға 30,0 мың теңге көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.
Аудан бойынша есепте тұратын жазасын өтеп келген, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген азаматтардың әлеуметтік тұрмыс жағдайына жүйелі түрде зерттеулер жүргізу бойынша аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізді.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіби мамандықтарға оқыту немесе жеке кәсіппен айналысу мүмкіндіктері туралы түсіндірмелер жасалып және қайта қылмысқа бейім азаматтардың қайталап қылмыс жасамау және қоғамдық тәртіп бұзып әкімшілік жауапкершілікке тартылмау туралы ескертулер жасалды.