
Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бойынша 2025 жылғы күнтізбелік жылдық жоспарында 80 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық жарыс жоспарланған. І тоқсан қорытындысы бойынша 21 аудандық спорттық шаралар өткізіліп, оған 2067 адам қамтылды.
Дене тәрбиесі, спорт және туризм саласы бойынша 2024 жылдың қорытындысымен дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 40,5 пайызға көтеріліп, 14603 адамға жетіп отыр.
Ағымдағы жылдың наурыз айындағы кент орталығындағы «Ауыл Ел - бесігі» бағдарламасы аясында салынған Дене шынықтыру-сауықтыру кешені аяқталып, пайдалануға берілді.