
Мәдениет және тілдерді дамытубөлімінің2025 жылдың Iтоқсанында«Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Кітап Amanat», «Менің елім-менің тілім», «Tazalike», «Ұлттық мұра», «Qaisar»,жобалары аясында, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалағаш аудандық Руханият орталығы мен мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарын І тоқсан бойынша – 253 мәдени –көпшілік шара ұйымдастырылып, оған 30228 көрермен қамтылған.
Атап айтқанда қазақ халқының әндерін классикалық бағытта дәріптеп, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанып, Италия еліндегі Король академиясының тыңдаушысы, Қазақ ұлттық университетінің магистрі Хайрулла Айбек БолатбекұлыменРуханият орталығында кездесу кеші өткізілді. Шара барысында өнер саласындағы жастармен сыр сұхбат өткізілді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Руханият орталығында аудан әкімі А.Ибраимов батыр аналармен кездесті.Кездесу барысында А.Ибраимов облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп,Алтын алқа иегерлеріне алғысын білдірді.
Сонымен қатар, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында аудан әкімі құттықтап, аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.
"Руханият" орталығы ғимаратында 14 наурыз - «Амал» мерекесіне арналған «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен қауышу» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып,"Руханият" орталығы ғимаратындағы мекемелер арасында спорттық сайыстар мен қолөнер бұйымдары және ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырылды.
16-19 наурыз аралығында Ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде III аудандық «Көне дәуір күмбезі» атты ұлттық өнер фесиваліде"Бастанғы","Нәзір", "Тұсау кесу", "Ашамайға мінгізу"салт-дәстүрлері насихатталды.
Ұлттық киім күні орталық алаңнан 200 адамның қатысуымен шеру ұйымдастырылыпРуханият орталығына дейін жүріп өтті,шеру әрі қарай «Руханият» орталығында «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты сән үлгісі байқауына ұласты.
Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда «Нұр себеле, Әз-Наурыз» атты наурыз мерекесіне арналған мерекелік театрландырылған қойылым және "Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы" атты ұлттық қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырылды.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындаРуханият орталығы ғимаратында халықаралық әйелдер күні қарсаңында мәдениет саласында ұзақ жылдар қызмет жасап зейнеткерлікке шыққан Жаңадария ауылдық кітапханасының еден сыпрушысы Бисембаева Манат, Руханият орталығының билет тексерушісі Әбіласанова Нағима, Есет батыр ауылдық мәдениет үйінің басшысы Калменова Райкүл, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, режиссеры Азанбаева Жарқынғақұрмет көрсетіліп,сый сияпат табысталды.
«Qaisar» жобасы аясындаКеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 36 жылдығына орай «Тағзым» алаңында Семей полигонында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы аясында ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімін ұйымдастырды.
Руханият орталығының көрермендер залында патриоттық сезімді ояту мақсатында аудан жастарына "Набат операциясы", "Жау жүрек мың бала", "Қазақ хандығы" отандық көркем фильмдердің көрсетілімі тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында«Мейірім-жүректен» атты көп балалы, аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға "Мәдени мұра" бастауыш партия ұйымы азық-түлік себеттерін табыстады.
Партия белсенділері мен жастары жалғызбасты ардагерлерге қысқы мезгілде үйлеріне тазалық жұмыстарын жасап, қардан тазалау жұмыстарына қол көмектерін беріп келеді.
«Tazalike» жобасы аясында«Мәдени мұра» бастауыш партия ұйымы Жалағаш кентіндегі көшелердің бойындағы арықтарды қоқыстардан тазартып, талдарды әктеу және көшет отырғызу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Сонымен қатар бастауыш партия ұйымының мүшелері орталық алаңдағы Бұқарбай батыр ескерткішіне, ғимараттардың қасбеттері мен ауласынатазалық жұмыстары жүргізілді.
«Менің елім-менің тілім» жобасы аясындаЖалағаш ауданындағы бірқатар кәсіпкерлік нысан иелеріне, қызметкерлеріне ішкі, сыртқы көрнекі ақпараттар мен деректемелердің, маңдайшалардың, жарнамалардың "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы заңының 21-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Түсіндіру барысында кәсіпкерлік нысан иелеріне Заңнан үзінділер, көрнекі ақпарат мәтіндерін жазудың және орналастырудың схема-үлгілері, анықтама алу және сұрақтар бойынша бөлімнің байланыс телефондары мен әдістемелік көмектер көрсету үшін электронды поштасы жазылған таратпа материалдар берілді.
«Кітап Amanat»жобасы аясындаАқиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні қарсаңында "Жырлайды жүрек" атты әдеби-сазды, рухани танымдық кеш,ҚазақстанЖурналистерОдағыныңмүшесі, ақынСерікБертаевпенкездесукеші,ақын, философ, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша ІІІ республикалық "Шәкәрім оқулары" байқауының аудандық кезеңі,"ӘлемBOOK" оқырмандар клубыаясында "Адалазамат-Адалеңбек" тақырыбыменкітапкөрмесі,мемлекет қайраткері Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлына арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Ономастика. Көшеге атау беру бойынша 2, объектіге атау беру бойынша -1 ұсыныс келіп түсті. Келіп түскен ұсыныстар бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныстар берілді.
Биыл Ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Кеңес Одағының батырлары мен ІІ Дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелер мен даңғылдарға 1 реттік беру мүмкіндігі қарастырылған болатын. Жалағаш ауданы бойынша - 6 Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылды.