Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының 2025 жылдың 1 тоқсанына атқарылған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - ШОК) саны 2864 бірлікті, оның ішінде, 2754 субъектісі немесе 98,9 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр. Тоқтап тұрған ШОК субъектілер саны 110 бірлікті құрауда.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санын арттыру мақсатында кент және ауылдық округтердің халық санына шаққандағы үлесіне сәйкес аудан әкімінің іс-шара жоспары бекітіліп, ай сайын кент, ауылдық округ әкімдеріне қызметтік хат жіберіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша

         Аудан бойынша 2025 жылдың 2 айында макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты.

Атап айтқанда:

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 154,6 пайызға артып, 7 млрд. 68 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 2 айында 5 млрд. 775 млн. теңге).

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 246 пайыз болып, 3 млрд 146 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2024 жылдың 2 айында 2 млрд. 252,3 млн. теңге).

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3 млрд. 978 млн. теңгені немесе 101,8 пайызды құрады (2024 жылдың 2 айында 3 млрд. 829,9 млн. теңге).

Бөлшек сауда көлемі 485,7 млн. теңге болып, 101,1 пайызға орындалды (2024 жылдың 2 айында 443,2 млн. теңге).

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бағытында аудан бойынша 2024 жылдың 12 айында 330 жоба 5 млрд. 104,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Қаржыландырылған жобалардың салық төлемдерін төлету жұмыстары нәтижесінде 2023-2024 жылдары «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында қаржыландырылған жобалар арқылы барлығы 2 759 956 теңге (екі миллион жеті жүз елу тоғыз мың тоғыз жүз елу алты) көлемінде салық төлемдері төленген.

 Сонымен қатар 2025 жылдың 2 айында 10 жоба 40,3 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Анықтама ретінде:

 «Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ арқылы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 10 жоба 40,3 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Басқа өңірлерде тіркеліп, Қызылорда облысында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерді жергілікті салық төлеуші ретінде тіркету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2024 жылы ауданымызға басқа өңірлерден бүгінгі күнге 17 серіктестік Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді.

Аталған кәсіпкерлік субъектілері 2024 жылы жергілікті бюджетке 86 млн. теңге, 2025 жылдың 2 айында 32,6 млн. теңге көлемінде салықтық түсімдер түсірген. Салық базасын ұлғайту жұмыстары алдағы уақытта да тиісінше жүргізілетін болады.

Сұйытылған газ тапшылығын болдырмау үшін аудан әкімінің №303 25.09.2024 жылғы өкімімен комиссия құрылды.

Аудан аумағы бойынша барлық газ құю бекеттері сұйытылған газдың еркін сатылуына қатаң бақылау жасалып, қолдан тапшылықты болдырмау бағытында тиісті жұмыстар үзбей жүргізіліп келеді.

Барлық операторлардың газ қорлары мен оның бағасына зерделеу жұмыстары күніне 2-рет жүргізіліп, ақпарат облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсынылуда.

Қазіргі таңда барлық газ құю бекеттерінде ешқандай мәселелер туындап тұрған жоқ.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, жыл басынан «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорының қоймасынан картоп, пияз, сәбіз көкөніс өнімдері алынуда.

Аталған өнімдер аудан бойынша нарықтағы бағадан төмен бағада сатылып, кең көлемде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.

Алдағы уақыттада ӘМАТ бағаларының өсіп кетпеуіне тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Аудан бойынша құрылған жұмысшы топ азық-түлік тауарларының бағасын өспеуіне мониторинг жұмыстары апта сайын жүргізілуде.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы