- Автомобиль жолдары саласы бойынша
Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 124,0 шақырым барлығы 234,6 шақырым автомобиль жолдары бар.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 113,7 шақырымы немесе 92% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 10,3 шақырымы немесе 8% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Үстіміздегі жылы ауданның жол саласын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы – 1 млрд 731,3 млн. теңге бөлініп, төмендегі жұмыстар жүргізілетінболады.
- KND-12 «Қызылорда Жалағаш-Ақсу-Беркімбай кальпе» аудандық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеуге (2,3 шқ) облыстық бюджеттен 168,2 млн.теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда келісім шарттар жасалды. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады. Мердігер мекеме «Р и А сервис ЛТД» ЖШС.
- Жоба құны 403,1 млн.теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құрылысы жұмыстарына 2024 жылы республикалық бюджеттен 50,0 млн.теңге қаралып, қаржы шегінде 2 көшеге асфальт төселген болатын. Жоба 2025 жылға өтпелі.
Биылғы жылы жобаны аяқтау мақсатында республикалық бюджеттен 294,3 млн.теңге қаралды. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады. Мердігер мекеме: «Қыран» ЖШС.
- Жалпы жоба құны 715,2 млн. теңге құрайтын Жалағаш кентінің 11 көшесін күрделі жөндеу (9,3 шқ) жұмыстарына облыстық бюджеттен 678,7 млн.теңге қаралды. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады. Мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС.
- М.Шәменов ауылындағы Жамбыл, Ердозелов көшелерінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 69,0 млн.теңге қаралды. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады. Мердігер мекеме «Зәулім Шың» ЖШС.
- Жоба құны 518,3 млн.теңге құрайтын Қаракеткен және Далдабай ауылдарындағы ішкі көшелерді күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін биылғы жылға 165,3 млн.теңге қаралды. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады. Мердігер мекеме «Нұрлы Тау ЛТД» ЖШС.
- Жоба құны 375,2 млн.теңге құрайтын Жаңадария ауылындағы 4 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 175,2 млн.теңге қаралды. Жөндеу жұмыстары басталуда. Мердігер мекеме «Жаңақорған Жібек жолы» ЖШС.
- Жоба құны 486,5 млн.теңге құрайтын Аққыр елді мекеніндегі 5 көшесін күрделі жөндеу жұмыстарын бастау мақсатында облыстық бюджеттен 180,5 млн.теңге қаралды. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады. Мердігер мекеме «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС.
- Еңбек ауылының 3 көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 2023 жылы аудандық бюджеттен 2,0 млн. теңге бөлініп, игерілді. Жоба 2025 жылға өтпелі. Жалпы жоба құны 62,3 млн. теңге. Жөндеу жұмыстары сәуір айында басталатын болады. Мердігер мекеме: «Орда Автодор» ЖШС.
Сонымен қатар, «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Самара-Шымкент-Мәдениет-Жүргенов-Жаңаталап-Аққыр аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы Пірман каналы арқылы өтетін автомобиль көпірін реконструкциялауға» жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 11,0 млн.теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Проинсет» ЖШС.
- Газдандыру
- Жоба құны 1 млрд 178,4млн.теңге құрайтын «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен және Далдабаев елді мекендеріне газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерінің құрылысы» жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып «Сырэнергогазстрой» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Техникалық қадағалаушы «Айбар-Ш» ЖШС, авторлық қадағалаушы «Дос Құрылыс KZO» ЖШС. Бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда газдандыру жұмыстары басталатын болады.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр елді мекені, жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілеріне және ШГРП салу жұмыс жобасын қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім әзірленіп облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды. Жұмыс жобасы бойынша жоба құны 1 329 735,7 мың теңге.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Шәменов елді мекеніндегі мәдениет үйінің ғимаратының қазандығын табиғи газға ауыстыра отырып реконструкциялауға» аудандық бюджеттен 3,5 млн.теңге қаралып, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалаушы мекеме «Проект сервис» ЖШС.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі №31 мектеп-гимназия ғимараты, Ақсу ауылы №116 орта мектеп, Шаменов ауылы №34 орта мектеп, Жалағаш кенті «Жауқазын» бөбек бөбекжай-бақшасы, , М.Шаменов ауылы №18 бөбек бөбекжай-бақшасы» ғимараттарын табиғи газ отынына көшіру үшін жобалау-сметалық әзірлеу жобасын қаржыландыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
- Жарықтандыру
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы Ж.Жабаев, З.Қауқабаев көшелерін жарықтандыру» құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін ағымдағы жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қазіргі таңда, жобалау-сметалық құжаттамалары сараптамадан өтуге «Марат Сраптама» ЖШС-не жолданды. Жобалаушы мекеме «Димаш Сервис» ЖШС.
- «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылындағы А.Құнанбаев, Д.Тобаев көшелерін жарықтандыру» құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін ағымдағы жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қазіргі таңда, жобалау-сметалық құжаттамалары сараптамадан өтуге «Hyperion Expert» ЖШС-не жолданды. Жобалаушы мекеме «МК3 Проект» ЖШС.