Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2025 жылы I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылы 37185 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 19800 гектарға орналастырылады.

Р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

айырмасы

2025 жыл

2024 жыл

1

Күріш

19800

19800

-

2

Жаздық бидай

800

770

+30

3

Күздік бидай

-

129

-129

4

Арпа

50

40

+10

5

Мақсары

600

665

-65

6

Қант құмайы

200

200

-

7

Соя

65

65

-

8

Сұлы

5

5

-

9

Жаңа жоңышқа

4850

4850

-

10

Ескі жоңышқа

8150

7825

+325

11

Картоп

250

188

+62

12

Көкөніс

1115

1113

+2

13

Бақша

1300

1296

+4

Барлығы

37185

36946

+239

 

2025 жылы 209 құрылым егін орналастыру жұмыстарын жүргізеді деп жоспарлануда, оның ішінде күріш дақылын орналастыратын шаруашылықтар саны 162.

2025 жылға егін орналастыруға қажетті 6800,0 млн теңге қаржының бүгінгі күні шаруашылықтардың қолында бар қаржысы 4353,5 млн теңге немесе 64,0 пайыз.

Шаруашылықтар тарапынан 2025 жылғы егін орналастыруға қажетті 4950 тн күріш, 160 тн бидай, 0,6 тн сұлы, 13 тн мақсары, 10 тн арпа, 4 тн соя, 48 тн жоңышқа тұқымдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

4950 тн күріш тұқымының бүгінгі күні 4910 тн (99,2%) тазартылды.

Егінді күтіп баптауға қажетті 10400 тн минералдық тыңайтқыш пен 22300 литр гербицид дайындалуда. Қазіргі таңда 8170 тн (72,9%) минералдық тыңайтқыш пен 5360 литр  (24,0%) алынды.

Аудан шаруашылық құрылымдары техника паркін жаңарту жұмыстарын басты назарда ұстауда. 2025 жылы 37,8 млн теңге қаржыға 6 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алды. Көктемгі егісті орналастыру жұмыстарына аудан бойынша 1133 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысады деп жоспарлануда. Оның ішінде 678 дана трактор, 125 дана соқа, 55 дана тұқым сепкіш, 100 дана автомашина, 175 дана трактор тіркемесі бар.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникалары егін орналастыру жұмыстарына толық дайын.

Аудан шаруашылық құрылымдары тарапынан Госагро сайты арқылы көктемгі егін орналастыру жұмыстарына 64 шаруашылық 1815,7 тн дизель жанармайына өтінім берді. Қазіргі таңда  145,0  тн (8,0%) дизель жанармайы алынды.

Егін орналастыру жұмыстарына дейін шаруашылық каналдарынан 21,5 мың м3, ішкі шаруашылық каналдардан 225,6 мың м3 топырақ тазартылатын болады. Шаруашылық каналдардан 5 дана гидротехникалық құрылыс, ішкі шаруашылық каналдардан 172 дана гидротехникалық құрылыс  жөнделеді. Егінді сумен қамтамасыз етуге қажетті 32 дана насос қондырғысы толық жөнделді, 23 дана гидробекеттер жөндеуден өткізіледі. 8512 га жерді ылғалдандырып суару, 15450 га шабындық жерлерді суару жұмыстары жүргізілетін болады.

Аудан бойынша 13000 га жерге сүдігер айдау жұмыстары жүргізілді.

12000 га инженерлік жүйеге келтірілген жерлерде лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар суды үнемдеуде өз септігін тигізеді.

Аудан бойынша 4850 га жерге жаңа жоңышқа дақылын орналастыру жоспарланып, бүгінгі күнге 1540 га (31,8%) жаңа жоңышқа, 800 га бидайдың 350 га (43,8%), 600 га мақсарының 350 га (11,8%), 200 га қант құмайының 10 га (5,0%) орналастырылды. 8150 га ескі жоңышқаның 1240 га (15,2%) тырмаланып, күтімге алынды

Сонымен қатар, ауданда картоп, бақша дақылдарын орналастыруға 500 га жаңадан жер дайындалады. Дайындалған жерлер жеке тұрғындарға берілетін болады.

Сондай-ақ, Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» шаруа қожалығы 10 га жерге тамшылатып суару әдісімен картоп, бақша дақылдарын орналастыруды жоспарлап отыр.

2025 жылы «Кең Дала – 2» бағдарламасы аясында көктемгі егін жұмыстарына несие алу үшін шаруашылық құрылымдары құжаттарын дайындауда. Қазіргі таңда 2 шаруашылық 773,0 млн теңге («Асыл Дән» ЖШС 500,0 млн тг, «Ер Әлі» ШҚ 273,0 млн тг) несие алып жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 4 шаруашылық («Ақниет» ШҚ 50,0 млн тг, «Жігер» ФҚ 65,0 млн тг, «Сатурн» ШҚ 60,0 млн тг, «Сәйгүлік» ШҚ 25,0 млн тг) 200,0 млн теңге қаржыға құжаттарын толық өткізген

Көктемгі егін орналастыру жұмыстары толығымен бақылауға алынып, қадағалануда.

Мал шаруашылығы туралы

Аудан көлемінде 2025 жылдың 1 наурызына  барлығы 31719 бас мүйізді ірі қара, 24749 бас  уақ мал,  30862 жылқы,  721 бас түйе,  50 бас шошқа, 9549 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 107,8%, жылқы 107,2 %, түйе 83,2 %, уақ мал 72,9, құс 85,2% орындалды.

Барлығы  577,9 тн (тірілей салмақта) ет,  583,9 тн сүт, 77,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,2 пайызға, сүт 101,2 пайызға, жұмыртқа 97,3 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.

Аққұм ауылдық округіндегі  «Бақдаулет-57» ШҚ асыл тұқымды сүт бағытындағы 93 бас аналықтан тәулігіне 450-500 литр шамасында сүт өқнлдіріліп халыққа сатылуда.

Сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен  сатып алып жұмыс жасауда 2027 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

 Азық-түлік туралы

 Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

2025 жылдың 28 ақпан мен 28 наурыз (1 ай) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық–түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық – түлік өнімдерінің ішінде 6 өнімнің бағасы қымбаттаған.

сиыр еті-200 теңгеге, тауық еті-10 теңгеге, сары май-100 теңгеге, қырыққабат-25 теңгеге, жуа-10 теңгеге, қант-20 теңгеге.

4 өнімнің бағасы арзандаған.

қарақұмық жармасы-5 теңгеге, сүт-35 теңгеге, тауық жұмыртқасы-20 теңгеге, картоп-30 теңгеге.

9 өнімнің бағасы тұрақты.

ақ күріш, ұн, нан, рожки, айран, ірімшік, өсімдік майы, сәбіз,  тұз.

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 516,2 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.

 Анықтама үшін:

Ұн-112 тн, күріш-70 тн, қант-28 тн, макарон-110 тн, күнбағыс майы-40 тн, тұз-40 тн, жуа-28 тн, картоп-43 тн, сәбіз-10 тн.

Ауданда азық-түлік өнімдерінің бағаларына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді. Монтиторинг нәтижесімен азық-түлік өнімдерін жоғары бағада сатқан кәсіпкерлер тиісті мекемелерге шара қолдану үшін ұсынылуда. Сонымен қатар, мониторинг барысында азық – түлік сататын дүкендердегі өнімдердің бағасын негізсіз көтермеу және сөрелерде бағалардың болуы қажет екендігі ескертілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген  «ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы көтерме жәрдем ақы сомасы 393 200 теңгені құрайды. 2025 жылы жергілікті бюджеттен 57226,0 мың теңге қаржы қаралып, 40 сала мамандарына көтерме жәрдем ақы төленді. Қазіргі уақытта 150 сала мамандары кезекте бар.

Биылғы жылдың ерекшелігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит. 2025 жылға сомасы  9 830 000 мың теңге.

2) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит – 2025 жылға 7 864 000 теңгені құрайды.

2025 жылға республикалық бюджеттен 320480,0 мың теңге қаржы қаралып, оның ішінде 35 маманға тұрғын үй несиесін беру жоспарлануда.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт  арқылы мамандардан құжаттары қабылдануда.

Жер мәселесі туралы

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға  берілген.

Санаттар бойынша;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 275615,8 га,

Елді мекен жерлері – 42760 га,

Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс жерлері – 16083,7 га,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 6,9 га,

Орман қоры жерлері – 769482,2 га,

Су қоры – 14915,1 га,

Босалқы жерлер – 1754776,3 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.

Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда –  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні көлемі 1168 гектар болатын 7 жер учаскелеріне жалдау мерзімі ұзартылды.

Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 8183 гектар болатын 11 жер учаскелері мемлекет қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 323 гектар болатын 1 жер учаскесі заңды тұлғаға табыс етілді.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес үстіміздегі жылдың I тоқсанында 54 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар Жер кодексінде бекітілген нормадан артық жер учаскесін жеке меншікке сатудан және нысаналы мақсатын өзгертуден жергілікті бюджетке 2699,0 мың теңге қаржы түсірілді. 

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

Дата публикации
09 апреля 2025
Дата обновления
09 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы