Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің 2020 жылғы ІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Жалағаш ауданы бойынша 2020 жылдың бүгінгі күнге қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Мекеме, кәсіпорын ұжымдары және тұрғындар тарапынан ешқандай наразылық акциялар, бас көтерулер болған жоқ.

Аудандық дербес бөлім, сала басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне ауданда қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, ұдайы бақылауда ұстап, алдын алу және әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін кез-келген мәселелер туындаған жағдайда аудан әкімі аппараты мен аудандық ішкі саясат бөліміне шұғыл хабар беріп, мәселені шешу бойынша жұмыстар атқару қажеттілігі туралы тапсырмалар берілген. Шиеленісуі мүмкін  жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына  кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдар, іс-шаралар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары, бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілгендігі және өткізуге арыздар тіркелген жоқ, тұрмыстық қажеттіліктегі тауар бағаларына, жанармай бағасына күнделікті мониторинг жүргізіліп бақылауда.                    

Жалағаш ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмекті алушылар арасында ешқандай наразылықтар жоқ.

«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары» туралы Жалағаш аудандық мәслихатының              2020 жылғы 24 маусымдағы №59-11 шешімі шығарылып, әділет органдарынан тіркеуден өткізілді.

 Жалағаш кенті бойынша 2 жер белгіленді (1) Абай көшесінің бойындағы орталық стадионның алды, 2) Жеңістің елу жылдығы көшесі бойындағы І.Қабылов атындағы саябақ).     

 Абай көшесі бойындағы орталық стадионның алдындағы орын бейнекамерамен қамтамасыз етілген, І.Қабылов атындағы саябаққа демеушілер есебінен орнату жоспарлануда.

 Діни бірлестіктермен жұмыс

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша діни ахуал тұрақты. Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты аудан көлемінде 14 мешіт жұмыс жасайды.

2019  жылы Шәменов, Мырзабай ахун ауылдық округінде жаңадан мешіт салынып, шілде айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда аталған мешіттердің заңға сәйкес құжаттары рәсімделу үстінде. Ал қалған 12 мешіттердің барлығы әділет органдарында тіркелген.                   

Сонымен қатар, кәсіпкер Е.Сағынбаевтың демеушілігімен кент орталығынан 900 орындық мешіт пен 350 орындық асхананың құрылысы 2020 жылы толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Жыл басынан бастап аудан көлемінде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 39 шара (20 кездесу, 3 семинар-тренинг,                      1 «дөңгелек-үстел», 10 акция, 5 мәрте /жеке кездесу/) өткізіліп, оларға 1300 аудан тұрғындары қамтылды.

Аудан тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің қаупін көрнекі үгіт-насихат құралдары арқылы алдын алу мақсатында                       «Қауырт желі -114», «Терроризмге жол жоқ» секілді тақырыптарда аудан бойынша 5 билборд орнатылды.

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы  2020 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс негізінде 1 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорымен келісім-шарт жасалып, жұмыс жоспары бекітілді.       

 Жыл басынан бастап аудан көлемінде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 29 шара ұйымдастырылып /17 кездесу, 3 семинар-тренинг, 1 дөңгелек-үстел, 6 акция, 2 мәрте - жеке кездесу/, оларға 900 аудан тұрғындары қамтылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Жалағаш ауданы бойынша бүгінгі таңда әділет органдарында тіркелген 25 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 12-і қоғамдық қор болса, қалған                   13-і қоғамдық бірлестіктер.

13 қоғамдық бірлестік және 6 қоғамдық қор 2020 жылдың 31 наурызына  дейін  ҮЕҰ  Дерекқорлар базасына енгізілді. 6 қоғамдық қор жұмысын уақытша тоқтатқан. 2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.

Жыл басынан бастап, Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 23 іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 950-ге жуық аудан тұрғындары қатыстырылды. Сондай-ақ онлайн форматта 15 іс-шара өткізіліп, 1100 аудан тұрғындары қамтылды.

2020 жылғы БАҚ және интернет кеңістігінде жарияланған мақалаларға ақпараттық-сараптамалық шолу

Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2020 жылдың басынан осы уақыт аралығында шыққан мақалалар саны – 601. Оның ішінде:

- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны – 48;

- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны – 537;

- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны – 16.

Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі аудан әкімдігінің ресми парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» «Ақмешіт ақшамы», «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт жастары», «Сыр дидары», «Ел тілегі» газеттеріне және басылым сайттарына, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты түрде жарияланып келеді.

2020 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 8 млн 215 мың теңге бөлінді.

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.

2020 жылдың 1 маусымына «Жалағаш жаршысы» газетінің 3149 дана таралымы, сондай-ақ интернет желісінде веб-нұсқасы бар.

Қоғамдық саяси маңызы бар шаралар

2020 жылы Жалағаш ауданының  қоғамдық - саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 58 түрлі шаралар енгізіліп, бекітілді.          Оның ішінде 55 шара мерекелік күндер мен ұйымдастырылатын шаралар болса, республикалық деңгейде спорттық турнирлер саны 3.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

 

         «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайы бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

         Сонымен қатар аудан әкімінің өкімімен тиісті, іс-шаралар жоспары бектіліп, жұмысшы топ құрылды.

         Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде тақырыптық билбордтар орналастырылды. Аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне, әлеуметтік желілерде (фейсбук) 45 мақала  жарияланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі форматтағы 18  шара өткізілді. Бағдарлама бойынша тиісті шаралар өз жалғасын табатын болады.

Дата публикации
24 августа 2020
Дата обновления
24 августа 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы