Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі облыстық спорт басқармасының күнтізбелік жоспарын негізге ала отырып, аудандық спорттық іс-шаралар жоспары жасалынып, аудан әкімінің орынбасарының қолымен бекітілді. Жоспарда облыстық спорт басқармасының ұсынған рейтингілік жарыстарына сәйкес аудандық жарыстар және мемлекеттік тапсырмаларға байланысты (Елбасының тестілері, бұқаралық спортты көтеру, ұлттық спорттық ойындарын, мүгедектер спортын дамыту) өткізілетін спорттық іс-шаралар көрсетілді. Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жоспарында аудандық Егде жастағы тұрғындар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ішкі істер есебінде тұратын кәмелетке толмаған жасөспірімдер, аудандық ішкі істер  бөлімі мен ҚАИ мекемесі, үкіметтік емес ұйымдар:  аудан ардагерлері кеңесі, «Нұр Отан», «Отан» ҚБ, әріптес ұйымдар-Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының Жалағаш ауданындағы бөлімшесімен  аудандық комиссариат мекемелері мүддесіне сай спорттық іс-шаралар өткізу қамтылған.

Күнтізбелік  жоспарда 2 республикалық, 8 облыстық, 76 аудандық  жарыс өткізілу жоспарланған. 

Қазіргі таңда 3 республикалық, 8 облыстық, 83 аудандық жарыстар өткізілді. Спорттық іс-шараларға тартылған адам саны 17828.

Аудан бойынша 2018 жылы спортпен тұрақты айналысатын тұрғындар саны 10004 адам -28%  пайызын құрады. 2019 жылдың  статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 149 спорттық нысанда спорттың 26 түрімен 10572 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Яғни бұл көрсеткіш аудан халқының 30,1 пайызын құрап отыр.

(Жалағаш ауданының халық саны 01.09.2019 ж.-35116).

2019 жылдың ІV тоқсанында барлығы 21 спорттық іс-шаралар оның ішінде 2 республикалық 1 облыстық жарыстар өткізіліп оған 1805 адам қатыстырылған.

Спортшыларымыздың әлемдік додаларда жеткен жетістіктері. 

  1. Есенов Жайдарбай 2019 жылы Маңғолия елінде өткен Қазақ күресінен Азия чемпионатында қола медаль.
  2. Тынарбай Тілеген дзюдо күресінен жастар арасында 2019 жылы ҚР чемпионы, Европа кубогының иегері, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
  3. Оразбай Арайлым 2019 жылы самбо күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
  4. Думан Аружан 2019 жылы белбеу күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2019 жылдың 2-7 қазан аралығында Қармақшы ауданында «Алтын күз - 2019» ауыл спортшылары спартакиадасында аудан спортшылары біршама жетістікттерге жетті атап айтқанда (футбол,  Қазақ күресі, бесасық ойындары ІІ орын, тоғызқұмалақ, көкпар, жеңілатлетика ІІІ орын) иеленді.

Дата публикации
07 апреля 2020
Дата обновления
07 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы