
Жалағаш ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны – 146 бірлік.
Оның ішінде:
Аудан әкімі -1, аудан әкімінің орынбасарлары -3, аудан әкімінің аппараты – 19 (аппарат басшысы -1, бөлім басшылары -6, бас инспекторлар -11, бас мамандар -2);
Аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда - 56 (13 бөлім басшылары, 3 бөлім басшысының орынбасары, 18 сектор меңгерушілері, 22 бас маман);
Жалағаш кенті, ауылдық округі әкімдері аппараттарында – 67 (15 кент, ауылдық округ әкімдері, 1 кент әкімінің орынбасары, 2 бөлім басшысы, 31 бас маман, 18 жетекші маман).
Қазіргі уақытта 144 мемлекеттік қызметшілер нақты жұмыс атқарады.
Оның ішінде:
99-і (69 %) ерлер, 45-і (31 %) әйел;
23-29 жас аралығындағылар - 20 (14,0%). Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы - 41,5;
132-і (92,0 %) жоғары білімді (оның ішінде 30-ы (21,0 %) екі, үш жоғары мамандығы барлар), 12-і (8,0 %) арнаулы орта білімді;
2020 жылы 14 мемлекеттік қызметшіні қайта даярлау, 46 мемлекеттік қызметшіні біліктілігін арттыру курсынан өткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда 8 мемлекеттік қызметші қайта даярлау, 23 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.
2020 жылдың басынан бері бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға барлығы 9 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 6 азамат қызметке қабылданды.