
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Жалағаш ауданында арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылған жұмыстарды халық арасында кеңінен ақпараттандыру мақсатында «Жалағаш жаршысы» аудандық газет бетіне, «Facebook» әлеуметтік желісінің «Жалағаш ауданының әкімдігі» атты парақшасында және әкімдіктің ресми сайтына жарияланады.
Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2020 жылы 2 рет (2019 жылы - 4) комиссия отырысы өткізілді.
Аудан әкімдігіне қарасты кент, ауылдық округі әкімдеріне, аудандық бөлімдер мен мекеме басшыларына ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен осал тұстарына аса мән беріп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы бағытталған шараларды күшейту тапсырылды.
Бұл ретте, қызметкерлермен персоналды түрде профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізу және заңнама талаптарын қатаң сақтау керектігі жөнінде ескертпе хаттар берілді.
Тұрмыстық жемқорлықты жою, халыққа қолайлы орта қалыптастыру бағытында әзірленген арнайы видеоролик аудан әкімдігінің фейсбук парақшасына жарияланды.
Кент, ауылдық округтерде, мемлекеттік мекемелерде, мектептер мен аурухана ғимараттарында және халық көп шоғырланатын орындарда ақпараттық-насихаттық брошюралар ілінді.
Жастар ресурстық орталығының ғимаратында орналасқан COWORKING орталығында аудан мектептерінде құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мүшелерімен кездесу өткізіліп, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында еркін пікір алмасулар өткізілуде.
Бүгінгі күні ауданда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының мүшелері 238-ге жетті.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп кент, ауылдық округтер мен жергілікті атқарушы органдарда түрлі форматтағы профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Жалағаш кентінде, ауылдық округтерде және Халыққа қызмет көрсету орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «1424-ке хабарласыңыз» тақырыбында билбордтар мен кернеулер орнатылды (кент, ауылдық округтерде-12 билборд, 2-кернеу, барлығы - 14).
Сонымен қатар, 2018 жылы үкіметтік емес ұйым мүшелерінен тұратын Сыртқы талдау және бағалау жүргізу жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылып, сол уақыттан бері өз жұмысын жүргізуде.
Атап айтқанда, мониторингтік топ мүшелері аудан мекемелерінде ұжымдармен кездесіп, семинар-кеңестер өткізуде. Сонымен қатар, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмысшылармен кездесіп, еңбек қатынастарындағы заңнама талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп келеді.
Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы бұйрығына сәйкес бөлімдер мен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарына ішкі талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша аудан әкімінің аппараты, кент, ауылдық округі әкімдерінің аппараттары және аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хаттарына арналған жәшіктер орнатылған.
Аталған мекемелерде «Сенім телефондары» белгіленіп, бұл туралы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жарияланды.
Қоғаммен ашық байланыс орнатуға бағыттау мақсатындаАудан көлемінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2019 жылдан бастап «Халықтық заңгер» акциясы өткізілуде және де барлық кент, ауылдық округтерде «адалдық бұрышы» жұмыс жасауда.
2020 жылы әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған жобаға аудандық бюджеттен 500,0 қаржы қаралып, «Достық мекені» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды.
2019 жылы және 2020 жылдың 7 айында аудан бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар орын алған жоқ.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе алдағы уақытта да атқарылатын жұмыстар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.