Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының тұрғындары назарына!

Жалағаш ауданының тұрғындары назарына!

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын серуендету, жаю кезінде (айдап өткенде) тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иелері тікелей жауапты болады және де көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа  да қоғамдық  ортақ  пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға қатаң тыйым салынады.

Жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі айқындалған, мал жаятын орындардандан басқа орындарда жануарларды жаюға рұқсат етілмейтіндігін ескертеміз.

Осының  негізінде “Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы” Қызылорда облыстық  мәслихатының  2015  жылғы 18  наурыздағы № 263 шешімі бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 408-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзғаны үшін облыстардың, республика-лық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығы және жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығы көзделген.

 

Жалағаш ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

Дата публикации
28 апреля 2020
Дата обновления
28 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы