Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ауруханасының 2024 жылдың 12 ай көлемінде атқарылған жұмыстары туралы анықтама

         Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі  тұжырымдамасы  аясында халыққа медициналық көмек көрсетудің  қолжетімділігін, уақтылылығын , сапасын және сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған біріңғай  әлеуметтік бағдарланған жүйе бойынша Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.

 Қазіргі таңда 31 818 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік - акушерлік бекет және  2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

 Жалпы халық санының ішінде: 14 жасқа дейінгі бала саны 10 535, жасөспірімдер – 1 700, ересектер саны – 19 583.

 

Кадр

Мекемеде жалпы штат бірліктері: 677,25

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 103,25.
  • Орта буын қызметкерлері – 316,75
  • Кіші буын – 118,5
  • Техникалық және басқалары- 138,75

 Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 810.

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 96(бала күтімінде 5)
  • Орта буын қызметкерлері – 414 (бала күтімінде 46)
  • Кіші буын – 139(бала күтімінде 3) .
  • Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -161 (бала күтімінде 2)

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 96 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 29,9%.

Оның ішінде: 57дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 59,3 %.

  • жоғарғы санат – 19 дәрігер.
  • І санат – 19 дәрігер.
  • ІІ санат – 19 дәрігер.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 417 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 130,2 %.

Орта буын медицина қызметкерлерінің 274 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 65,7пайыз.

  • Жоғарғы санат – 149
  • І санат – 84
  • ІІ санат – 41

 

            2024 жылдың 12 айында   жоғары оқу орнын бітіріп келген 6 - жас маман дәрігерлер ОДСБ-ның жолдамасымен жұмысқа қабылданды.

 

    Оның ішінде:

 

  1. Жалпы тәжірибелі дәрігері – 3.
  2. Анестезиолог – реаниматолог дәрігері – 2.
  3. Оториноларинголог балалар дәрігері – 1.

 

2024 жылдың 12 айында жұмысқа (уақытша және тұрақты) 6 - дәрігерлер қабылданды.

 

Оның ішінде:

  1. Хирург дәрігері – 1.
  2. Эксперт дәрігері – 1.
  3. Терапевт дәрігер – 1.
  4. Акушер – гинеколог дәрігері – 1.
  5. Жалпы тәжірибелі дәрігері – 2.

      

Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік

 

Мамандықтар атауы

Жұмыс орны

(ДА,СВА атауы)

Бірлік саны

Бос тұрақты вакансия

Фтизиопедиатр дәрігері

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Хирург дәрігері балалар

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Рентгенолог дәрігері

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Барлығы

 

3,0

 

 

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Аудан бойынша барлық  дәрігерлік қабылдау  2024  жылдың         12 айы бойынша –219 461,  1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 6,3 (2023 жылдың 12 айы бойынша –214 234 – 6,2) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны  2024 жылы – 97 560 – 44,4%, (2023 жылы – 94 479 – 44,1%).  Алдын ала тексерілу – 119 777 болып жалпы қабылдаудың  54,5%-ды құрады  (2023 жылы 112 291 – 52,4% ) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға төмендеген. Үйде қаралу 2024 жылдың 12  айы бойынша –       20 276   құрап  (2023 жылдың 12  айы – 16 678), өткен жылмен салыстырғанда – 3 598 жағдайға 18,7 пайызға өскен. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы  2024  жылы 92 740  болып, жалпы қабылдаудың  42,2% құрады (2023 жылы – 82 949– 38,7%).  Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 126 721 болып 57,7%-ды құрап отыр. (2023 жылы 131 285–61,2%).

     2024 жылдың 12 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны – 17 374  жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 51375,0 (2023 жыл 12 айы – алғаш тіркелген аурушаңдық – 17 670 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 55002,1 құраған).Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші   бір деңгейді көрсетіп тұр. Атап айтқанда, 2024 жылдың 12 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:

І орында тыныс алу жүйесінің аурулары 5160 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға жоғарылаған.

ІІ орында асқорыту жүйесі аурулары 1464 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға өскен.

ІІІ орында  жүйке жүйесінің аурулары 1390 жағдай тіркеліп былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда  2,3 пайызға көбейген.

 

     Диспансерлеу. Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы – 8095 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 6702, 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 1 393.

   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен толықтырулармен өзгерістер енгізу бұйрығымен сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін   дәрі-дәрмекпен қамту барысында 275 976 584,11 теңгеге 28 542 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 100% игерілді.

 

Демографиялық көрсеткіштер

 

 2024 жылдың 12 айында  аудан бойынша 709 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 22,2 промильді құрады (2023 жылы 730 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 22,7 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш  21 жағдайға 0,5 промильге төмендеп отыр. Сәби өлімі 2024 жылдың есептік кезеңінде  2 жағдай тіркеліп 2,8 промиль құрады, (2023 жылы 6 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 8,2-ні құраған). 2024 жылы аудан бойынша 178  өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 5,6 құрап отыр.  (2023 жылы 189 жағдай – 5,9), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш  11 жағдайға азайып  отыр.

 

          14 жылдан аса ауданда ана өлімі тіркелмеген.

№

Негізгі көрсеткіштер

2024 жыл 12 ай

2023 жыл 12 ай

1

Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.)

709-22,2

730-22,7

2

Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда)

178-5,6

189-5,9

3

1 жасқа дейінгі сәби өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.)

2-2,8

6-8,2

4

Материнская смертность   (на 100 тыс. живорож-ных)

0

0

 

Өлім - жітім себептері бойынша:

     

 

 

2024 жыл 12 ай

2023 жыл 12 ай

1

Жалпы қайтыс болғандар саны

178

189

1.1

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

45-25,3

52-27,5

1

Үйден қайтыс болғандар

121-68,0

122-64,6

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

20-44,4

22-42,3

2

Ауруханадан қайтыс болғандар

34-19,1

46-24,3

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

12-26,7

16-30,8

3

Өзгеде себептер

23-12,9

21-11,1

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

13-28,9

14-26,9

 

Оның ішінде:

 

 

2024 жыл 12 ай

2023 жыл 12 ай

1

Жүрек қантамыр аурулары

38-119,4

49-152,5

2

Қатерлі ісік аурулары

16-50,3

16-49,8

3

Жарақаттар

10-31,4

8-24,9

4

Тыныс алу жолдары

13-40,9

13-40,5

5

Жұқпалы аурулары

0

2-6,2

6

Туберкулез

0

0

7

Ас қорыту ағзалары

12-37,7

12-37,4

8

Несеп жолдары

8-25,1

9-28,0

9

Ішкі секреция жүйесі

10-31,4

10-31,1

10

Жүйке жүйесі аурулары

21-66,0

24-74,7

11

Кәрілік

30-94,3

26-80,9

12

Короновирусты инфекция

0

0

13

Тағы басқа

20-62,9

20-62,3

 

Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:

      1-ші орында: Жүрек қантамыр аурулары  бойынша қайтыс болғандар саны – 38 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 119,4. (2023 жылы – 49– 152,5). Былтырғы жылмен салыстырғанда 25,6 пайызға төмендеген.

     2- ші орында: Кәріліктен қайтыс болғандар саны 2024 жыл бойынша 30-94,3 (2023 жыл – 26-80,9). Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 13,4 пайызға жоғарылаған.

     3- ші орында: Жүйке жүйесі ауруларынан қайтыс  болғандар саны 2024 жылы – 21-66,0. (2023 жыл 24-74,7). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 8,7 пайызға  төмендеген.

 

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер

 

             Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды  технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді  жоспармен жұмыс жасау;

       Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;

       Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;

  • Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;
  • Цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпараттандыру жүйесіне енгізу арқылы қағазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру;
  • МӘМС жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру.
Дата публикации
23 января 2025
Дата обновления
23 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы