Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 4 тоқсанына Жалағаш ауданы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы

Жалағаш ауданы бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - ШОК) саны 2937 бірлікті, оның ішінде, 2807 субъектісі немесе 95,6 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр. Тоқтап тұрған ШОК субъектілер саны 130 бірлікті құрауда.

Мәлімет үшін: 2023 жылдың 12 айында тіркелген ШОК субъектілер саны 2953, нақты жұмыс жасап тұрғандар саны 2821, ал тоқтап тұрған ШОК субъектілер саны 132 бірлікті құраған.

 Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша

2024 жылға ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің жылдық болжамы әзірленген. Атап айтқанда: өнеркәсіп өнімі – 32,0 млрд теңге, өңдеу өнеркәсібі – 8,0 млрд теңге, негізгі капиталға салынған инвестиция – 20,4 млрд теңге, бөлшек сауда – 4,0 млрд теңге. Аудан бойынша 2024 жылдың 11 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өсім қалыптасып, көрсеткіштер толық орындалды.

Атап айтқанда:

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 108,8 пайызға артып, 37 млрд. 954,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2023 жылдың 12 айында 31 млрд. 911,7 млн. теңге).

Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау және «Өркен Әлем» ЖШС-нің өндірген өнімі есебінен 114,9 пайызға артып, 12 млрд. 303,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді (2023 жылдың 12 айында 7 млрд. 376,6 млн. теңге).

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 117,5 пайызға артып 21 млрд. 359,0 млн. теңгені құрады (2023 жылдың 12 айы 17 млрд. 443,0 млн. теңге).

Бөлшек сауда көлемі 4 млрд. 267,5 млн. теңге болып, 101,5 пайызға орындалды.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту және жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант бағытында аудан бойынша 2024 жылдың 12 айында 330 жоба 5 млрд. 104,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Анықтама ретінде:

2022-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банк арқылы несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бағыты бойынша 39 жоба 1664,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Агро Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 127 жоба 3 млрд. 39,2 млн теңгеге қаржыландырылды.

 «Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Іскер» «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 6 жоба 95,5 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ арқылы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 21 жоба 103,0 млн.теңгеге қаржыландырылды.

Оның ішінде, орта кәсіпкерліктің үлесін ұлғайту мақсатында 2024 жылдың басында «Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ арқылы «Ауыл Аманаты» жобасы аясында қаржыландыруға аудан бойынша 318,3 млн. теңгені құрайтын 49 жобаның құжаттары әзірленді. 

«Ауыл Аманаты» жобасының тиімділігін арттыру және несие алушылардың құжат жинақтау мерзімін үнемдеу мақсатында «Ауыл Аманаты» цифрлық патформасы құрылды.

2024 жылдың 12 айында аудан бойынша «Байқоңыр ӘКК» ҰК» АҚ арқылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржылық қолдауға ие болу үшін әр-түрлі бағыттар бойынша құжаты толық 272,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба (өңдеу бағыты бойынша 12 жоба 60,1 млн. теңге, асыл тұқымды мал бағыты 13 жоба 70,7 млн. теңге, құс шаруашылығы 1 жоба 1,5 млн теңге, басқа да бағыты бойынша 24 жоба 140,0 млн. теңге) «Ауыл Аманаты» цифрлық платформасына енгізілді.

Анықтама үшін:

Жалағаш кенті – 16 жоба 99,6 млн. теңге;

Аққұм а.о – 1 жоба 11,4 млн. теңге;

Ақсу а.о – 3 жоба 19,1 млн. теңге;

Мақпалкөл а.о – 7 жоба 43,9 млн. теңге;

Бұқарбай батыр а.о – 6 жоба 23,0 млн. теңге;

Шәменов а.о – 1 жоба 3,1 млн. теңге;

Қаракеткен а.о - 1 жоба 5,8 млн. теңге;

Мәдениет а.о - 1 жоба 3,4 млн. теңге;

Еңбек а.о – 4 жоба 17,8 млн. теңге;

Аламесек а.о – 3 жоба 11,2 млн. теңге;

Жаңаталап а.о – 3 жоба 6,7 млн. теңге;

Аққыр а.о – 1 жоба 6,0 млн. теңге.

Таң а.о – 3 жоба 21,1 млн. теңге.

Оның ішінде 174,6 млн. теңгені құрайтын 26 жоба комиссияның қарауында қаралып, 103,0 млн. теңгенің 21 жоба қаржыландырылса (өңдеу бағыты бойынша 5 жоба 24,2 млн. теңге, асыл тұқымды мал бағыты 5 жоба 24,8 млн. теңге, басқа да бағыты бойынша 11 жоба 54,0 млн. теңге), 28,6 млн.теңгені құрайтын 5 жоба комиссия қарауында мақұлданбады. Жаңадан 21 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

Анықтама үшін:

Жалағаш кенті – 6 жоба 31,2 млн.теңге;

Аққұм а.о – 1 жоба 11,4 млн. теңге;

Ақсу а.о – 1 жоба 6,2 млн. теңге;

Мақпалкөл а.о – 4 жоба 21,5 млн. теңге;

Бұқарбай батыр а.о – 3 жоба 12,0 млн. теңге;

Шәменов а.о – 1 жоба 3,1 млн. теңге;

Қаракеткен а.о –1 жоба 5,8 млн. теңге;

Жаңаталап а.о – 2 жоба 3,7 млн. теңге;

Аламесек а.о – 1 жоба 3,8 млн. теңге;

Еңбек а.о – 1 жоба 4,3 млн. теңге;

Бұдан бөлек аудан бойынша қосымша 5,0 теңгені құрайтын 1 жобаның құжаттары жинақталуда.

«Ауыл Аманаты» жобасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.

Облыс әкімінің салық базасын ұлғайту тапсырмасына сәйкес өзге өңірлерде тіркеліп, Қызылорда облысында қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерді жергілікті салық төлеуші ретінде тіркету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауданымызға басқа өңірлерден оннан астам жеке кәсіпкерлермен серіктестіктер Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді.

Аталған кәсіпкерлік субъектілері бүгінгі күнге жергілікті бюджетке салықтық түсімдер түсіріп отыр.

2024 жылға жоспарланған жалпы құны 950 млн. теңгені құрайтын 4 жоба іске қосылып, 25 жаңа жұмыс орны ашылды.

Анықтама ретінде:

  1. Жеке кәсіпкер Е.Кайповтың сауда орталығы. Жоба құны 200,0 млн. теңге (5 адам).
  2. Б.Ахметованың сауда орталығы құрылысы. Жоба құны 100,0 млн. теңге (3 адам).

3.Қ.Байдаулетовтың жанар жағар май бекеті. Жоба құны 150,0 млн. теңге (2 адам).

  1. Жеке кәсіпкер Д.Ержановтың «күріш ақтау және өндіру зауыты». Жоба құны 500,0 млн. теңге (15 адам).

Жалағаш ауданы бойынша Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2023 жылдың 29 желтоқсанында №175 Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік - инновациялық жобаларды бірыңғай индустриаландыру картасына енгізілген, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған Бірыңғай Жалпыұлттық жобалар пулы аясында жеке кәсіпкер Д.Ержановтың жеке қаражаты есебінен құны 500,0 млн. тенгені құрайтын «Күріш ақтау және жем өндіру зауыты» 2024 жылдың 22 қазанында толықтай іске қосылды. Жобаны іске асыру үшін Жалағаш ауданы жер комиссиясының шешімімен Жалағаш ауданы, Ақсу өңірінен 5 гектар жер беріліп, құжаттары заңға сәйкес толықтай рәсімделді.

Зауыттың құрал жабдықтар Қытай елінен әкелінген. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 30 тонна ақ күріш шығарып, 5 тонна жем өндіретін болады. Қазіргі таңда екі ауысыммен жұмыс жасауда.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасының Жол картасындағы жоспарына сәйкес тамыз айынан бастап жұмысшы алу көзделген, қазіргі уақытта     15 жұмысшымен еңбек шарты жасалынды. Зейнетақы аударымдары толықтай төленуде.

Сонымен қатар инвестициялық жобалар қатарында «Таң LTD» ЖШС-ң «Өндірістік база» (мақсары майын, күріш лапшасын, жүгері ұнын өндіру) құрылысы. Жоба құны 422 млн. теңге, жеке қаражаты 300 млн. теңге, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ  арқылы 122,0 млн. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау шараларына ие болған. Қазіргі таңда көлемі 20*40 метрді құрайтын «Өндірістік база» цехының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, Қытай елінен жалпы құны 122,0 млн. теңгені құрайтын құрал жабдықтары жеткізіліп, орнатылуда. Жобаның қуаттылығы жылына 150 тонна мақсары майын, 2000 тонна жүгері ұнын, 200 тонна күріш лапшасын өндіреді деп жоспарлануда. Жоба 2025 жылы іске қосылады деп күтілуде. Зауыт іске қосылғанда 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Дата публикации
20 января 2025
Дата обновления
20 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы