
2024 жылға жоспарланған қаржы 14,5 млрд.ты құрап отыр.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Аудандағы 37 мектепке дейінгі ұйымда (10 мемлекеттік, 26 жекеменшік, 1 шағын орталық) 2508 бала тәрбиеленуде. МАД сыныптарында 604.
3 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту көрсеткіші - 100 %.
Жеке балабақшалардың үлесі-83,1%.
26 жекеменшік балабақшаның 15-і кентте, 11-ы ауылдық жерде орналасқан.
Апатты балабақша жоқ
Кентте орналасқан 5 балабақшаның (Арай, Жауқазын, Күншуақ, №19 санаторий, Ақмаржан) 3-уі (Күншуақ,№19 санаторий, Ақмаржан) табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылды. 2-уі (Арай, Жауқазын) қосуға байланысты ЖСҚ-ы дайындауға қажетті қаржыға 9356 мың теңгеге бюджеттік өтінім жасалды.
Орта білім беру туралы
Ауданда 20 мектеп жұмыс жасайды (20 мемлекеттік).Оқушы саны – 7012.
2024-2025 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы 655 оқушы қабылданды.Оқу жылының ұзақтығы 1 - сыныптарда – 33, 2 - 11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – білім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі.
2024 жылғы ҰБТ-ге аудандағы 420 бітірушінің 395-і яғни 93,6 пайызы қатыстырылды. Ауданның орташа балы – 82,7% құрап отыр.ҰБТ-ге қатысқан мектеп бітірушілердің 294 бітіруші мемлекеттік білім беру грант арқылы жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік алды (74,4%). Сонымен қатар Серпін - 2050 бағдарламасы арқылы 34 бітіруші солтүстік өңірлерде өз білімдерін жалғастырcа, 16 бітірушіміз әскери жоғары оқу орындарының грантын иеленді.Талапкерлердің 66-і техникалық, 130-і педагогикалық, 22-і медициналық, 32-сі ауыл шаруашылығы мамандықтарын таңдаса, 44- басқа да салаларды таңдаған. Қорыта айтқанда барлық мектеп бітірушілердің 80,5 пайызы жоғары оқу орындарын жалғастырса, 19,5 пайызы арнаулы оқу орындарына орналасуда.Жалпы бітірушілердің толық орналасуы бойынша сараптау жасалып, білім бөлімінің бақылауына алынған.
Қосымша білім беру
Қосымша білім беру ұйымдарына Оқушылар Үйіне – 18 үйірмеге 630 бала, Өнер мектебіне мектебіне 7 үйірмеге 160 бала білім алса, №202 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығына- 5 үйірмеге 395 бала қамтылған.Аудандық спорт мектептеріне – 1170 бала қамтылған. Мектепішілік 669 үйірмеге 4058 бала қамтылған.(88,4 % пайызды құрайды). Сонымен бірге, кент орталығындағы №201 мектеп-лицей жанында «Мұрагер» оркестр сыныптары жұмыс жасап, оған 140 бала қамтылып отыр. Жалпы 7012 баланың 6553 бала (92 пайызы ) үйірмелерге қамтылған.
Инклюзивті білім
Бүгінгі күні 343 ерекше білім беруді қажет ететін балалар анықталып отыр. 169 бала мектепте, 22 бала арнайы психикалық дамуы тежелген сыныпта, 54 бала үйден оқытылуда, 60 бала балабақшада, 43 бала психологиялық-педагогикалық түзету, 45 бала ресурстық орталықта, 30 бала логопедиялық пункте түзету сабақтарын алуда.Жұмыс жасайтын пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыруда арнайы инклюзивті курстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. 1260 педагогтың 560 (44%) арнайы инклюзивті курстан өткізілді. Мектептердің материалдық инфрақұрылымы
Мектептердің 2024 жылы ағымдағы жөндеуіне бюджеттен 111,8 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жасалды.
Сонымен қатар, Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл бағытта «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 428,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, Таң ауылындағы №118 орта мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 78,0 млн. теңге қаржы бағытталды.
Жалағаш кентінде орналасқан №201 мектеп-лицейге «Қазақстан халқына» қоры есебінен 250 млн. теңге қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базасын жаңарту және педагогтарды оқыту жұмыстары жүргізілуде.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға биылғы жылы модернизация жаңғырту жұмыстарына 4 мектеп (№34,38,114,115) енгізіліп, бұл мақсатта 983 млн теңге қаралды.
Облыстық бюджеттен 15,4 млн. теңге қаржы бөлініп, 2 мектеп (№34,115) жаңа модификациялық пәндік кабинеттерімен жабдықталуда.
Балалар қауіпсіздігіне қатысты 2024 жылы 3 мектепке (115, 119, 188 ) терроризмге қарсы қорғалуы жүйесіне қойылатын талаптарына сәйкес келетін бейнебақылау жүйесі орнатылды. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 28,8 млн. теңге қаржы қаралған.
Қазір 19 мектеп полиция бөлімінің жедел басқару жүйесіне қосылды, дабыл түймесі 100 пайыз орнатылды. 17 мектепке турникет орнатылды, кент орталығындағы 5 мектеп күзет қойылды.
Барлық мектептер «BilimLand» электронды платформасына қосылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының 82 - тармағы бойынша, балалар қауіпсіздігін, асхана мен кітапхана жұмысын цифрландыруға бағытталған сәйкестендіру карточкалары жүйесімен қамтылған мектептер үлесі 50 % құрауы тиіс. Осы бағытта тиісті қаржы бөлініп, 3 мектепке (№123,201,202) аппараттық бағдарламалық кешен орнатылып, жұмыстарын бастады.
Бүгінде «Күнделік» электронды журнал ақпараттық жүйесіне барлық мектеп қосылған.
Кадр резерв
Еліміздегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында Қызылорда облысынан 11 педагог іріктеуден өтсе, біздің ауданымыздан 2 педагог (№116,202 мектеп) республикалық кадрлық резервке енгізілді. Осы резервке енгізілген 2 педагогымыз №246,34 мектептерге конкурссыз мектеп директорлығына тағайындалды
Педагогтардың біліктілігі
Ауданда жалпы педагог саны-1258. Жаңа формат бойынша біліктілік талаптары бар педагогтар саны-1064 (84,5%). Педагог-шебер-4 (0,3%), педагог-зерттеуші-286 (22,8%), педагог-сарапшы-390 (31%), педагог-модератор-384 (30%), санатсыз педагог саны-174 (13,8%), І-ІІ санатты педагогтар саны-4.
Әлеуметтік сала
Аз қамытлған көмекке мұқтаж 2217 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 95,5 млн. теңге бөлініп, қаржылай көмек толық а.ж. тамыз айында толық берілді. 2024 жылы 1-4 сыныптарда 2239 оқушы, аз қамтылған 2111 оқушы 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылуда.
Құқық бұзушылық бойынша
Ауданда 6 қолайсыз отбасында 18 бала тәрбиеленуде. Мектепішілік бақылауда 25 бала алынған, 10 тәртібіне, 15 әлеуметтік жайына байланысты алынған. Аталған отбасы балаларымен адресті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
2024 жыл басында «2024-2025 жылдарға арналған құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейб темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен іс-шаралардың қадамдық жұмыс жоспары» әзірленді. Білім беру ұйымдарында аталған жоспарларға сәйкес мақсатты шаралар қабылдануда.
Анықтама ретінде: Қадамдық жоспарға сәйкес оқушылар арасында «Жасөспірім және Заң» құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында 36 шара (дебат қозғалысы, психолог сағаттары, семинар-тренингтер) ұйымдастырылды.Оған 5 мыңнан астам білім алушы қатысты.Жыл басынан бері жауапты органдармен қатар, ата-аналар тартылып, құқық бұзушылықтың алдын алу «Түнгі қаладағы балалар» рейді күшейтілді. Есепті мерзімде өткізілген 111 рейдке 1789 адам қатысты. (оның ішінде, 1210 педагог, 579 ата-ана). Балалар бойында жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру, құқықтық сананы жетілдіру мақсатында «Армандар орындалады» жобасы жүзеге асырылып, білім алушылар мен ата-аналарға арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді және психолог кеңестері өтті.Оқушылар мен зиялы қауым өкілдерінің, ауданға белгілі белсенді жастардың кездесулері ұйымдастырылуда. Кездесулер барысында ашық микрафон, жеке қабылдаулар өткізіліп, оқушыларды толғандырып жүрген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. /2024 жылдың 11 айымен 4 оқушы (№116 мектеп) полиция бөлімінің есебіне алынған/.