
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді Жалағаш ауданы бойынша 5 дербес бөлім және кент, ауылдық округ әкімі аппараттары көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес барлығы 98 қызмет түрі көрсетіліп келеді.
Атап айтқанда:
1) Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бойынша 18 қызмет түрі;
2) Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша 10 қызмет түрі;
3) Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі бойынша 26 қызмет түрі;
4) Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 11 қызмет түрі;
5) Жалағаш ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бойынша 13 қызмет түрі;
6) Жалағаш ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі бойынша 20 қызмет түрі.
Үстіміздегі жылдың 12 айында тұрғындарға барлығы 3735 қызмет көрсетілді.
Нақтысы:
-мемлекеттік органдарда қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 153 қызмет;
-мемлекеттік корпорация (ЦОН) арқылы – 245 қызмет;
-электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3337 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 153 қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін оңтайландыру мақсатында қазіргі таңда аудан бойынша 53 өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасауда (ауылдық округ әкімдіктері ғимараттарында, білім беру ұйымдарында, балабақшаларда, мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органдар ғимараттарында). Аталған бұрыштарға жауапты мамандар бекітіліп, бүгінгі күнге 530 мемлекеттік қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы көрсетілуіне оң септігін тигізуде.
Қызмет сапасын одан әрі жақсарту мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік қызмет көрсететін органдарда ішкі бақылау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес есептік кезеңде ішкі мемлекеттік бақылау шараларымен 10 объекті қамтылды.
Оның ішінде:
ведомстволық бағынысты мекемелер -5;
жергілікті атқарушы органдар -5;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны -10;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметшілер саны - 39;