Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары туралы. "Жалағаш ауданының Маңсап орталығы" филиалының ақпараты.

Жалағаш ауданы бойынша 2024 жылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары туралы

(2025 жылдың 1 қаңтарына)

Статистика

  • жұмыс күшінің саны – 14 866 адам
  • жұмыспен қамтылған халық саны – 13 926 адам;
  • жұмыссыздар саны – 758 адам;
  • жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,1%;
  • жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі(15-28 жас) – 4,4%;
  • 2025 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны –201 адам
  • Жұмыссыздық деңгейі – 1,4%

*****

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 2991 адамның тұжырымдамаға қатысушы ретінде 2447 адам тіркелді. (о.і.:1500- жұмыссыздар, 526 - жұмыс іздеушілер, 324 – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, 97- өзге санаттағылар). Олар келесі бағыттарға бағытталды:

- 1181 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 234 адам жолданып, олардың 175-і оқу курсын аяқтап сертификатын алды, 101-і өз кәсібін ашып, 3 адам қайтарымсыз грант алған.

- 257 адам(257 сертификат алды) немесе жоспарланған 250 адамның 102,8% «Электрондық еңбек биржасы» порталы (skills.enbek.kz платформасы) арқылы онлайн-оқудан өтті. 

- Қысқа мерзімді кәсіптік оқу негізінде оқу курсына «ветеринар санитар» мамандығы бойынша жолданған 22 адам оқуын аяқтап, өз мамандықтары бойынша оқуын аяқтады (жоспар 25 адам).

- 137 адамға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар берілді (жоспар 139 адам), оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар- 3, мүмкіндігі шектеулі жандар- 20, көп балалылар – 103, асырушысынан айырылғандар- 1, мүгедек баланы тәрбиелеушілер – 10 ( мынадай кәсіп түрлеріне: мүккәмал құралдары-11,еңбек құралдарын алуға -4, техникалық құралдар – 19, жануар – 97, құс және балықтар-5, жалдау ақы-1).

- субсидияланатын жұмыс орындарына 872 адам жұмысқа орналастырылды, яғни:

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 39 адам жолданып, (жоспар 39 адам) оның 15-і жұмысын аяқтап  тұрақты жұмысқа орналасты.

- жастар практикасына – 144 адам жолданып, 31 адам жұмысын мерзімінен бұрын тоқтатып, 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылды(жоспар 140 адам);

- ақылы қоғамдық жұмыстарға – 648 адам жолданды, оның 648 адам жұмысын аяқтап, 431-і тұрақты жұмысқа орналастырылды(жоспар 600 адам);

- «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 13 адам жолданып, 5-уі мерзімінен бұрын жұмысынан босатылып, 1 адам тұрақты жұмысқа орналасты (жоспар 13 адам);

- «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жолданған 3 адамның 2-уі тұрақты жұмыспен қамтылды (жоспар 3 адам).

- «Күміс жас» жобасына – 25 адам жолданып, оның 12-і жұмысын аяқтап, 7-і тұрақты жұмыспен қамтылды(жоспар 25 адам).

Жыл басынан бері 11 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 94 жұмыс беруші 236 бос жұмыс орнын ұсына отырып қатысып, 87 адам тұрақты, 1 адам уақытша жұмысқа орналасып, 251 адам кеңес алды.

 

 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы мәліметі

 

2025 жылдың 1 қаңтарына 143 отбасыға (880 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2023 жылмен салыстырғанда 242 отбасыға (1424 адам) 59% азайған.

Бүгінгі күнге өтініш білдірген 143 отбасының құжаттар пакеті отбасының материалдық жағдайын зерттеу үшін учаскелік қомиссияның қарауына ұсынылды, соның ішінде 143 отбасының құжаты учаскелік комиссиядан оң қорытынды алып, 143 (880 адам) отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. АӘК алушылардың ішінде:

         - бала күтімінде отырған аналар – 63 адам;

         - мүмкіндігі шектеулі жандар – 2 адам;

         - жүгіну кезінде жұмысы барлар – 138 адам;

         - студенттер – 50 адам;

         - жұмыссыздар – 43 адам;

         - кәсіпкерлер – 27 адам;

         - балалар саны – 557 адам (1 жасқа дейінгі бала саны – 28, 1-3 жасқа дейінгі бала саны – 100, 3-6 жасқа дейінгі бала саны – 103, 6-18 жас аралығында бала саны – 326).

         Бұл ретте шартты ақшалай көмек алушылар саны 137 адамды құрайды, оның ішінде 249 адам немесе 55% еңбекке қабілетті болып табылады, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 43 адам немесе 31,3%-ы қамтылды, оның ішінде:

         - 12 адам қоғамдық жұмыстарға;

         - 1 адам жастар практикасына;

- 12 адам мемлекеттік грантқа;

- 2 адам кәсіптік оқыту;

         - 16 тұрақты жұмысқа орналасқан.

Дата публикации
13 января 2025
Дата обновления
13 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы