Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2024 жылы 4-ші тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

Жалағаш ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы

 Ауданның ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі жыл сайын артып келеді. 2024 жылдың 1 желтоқсанына 31870,9 млн теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндіріліп, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,3 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі 1313,1 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 169,2 пайызға орындалды.

Егін шаруашылығы бойынша ауданда 2024 жылы 36952 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

айырмасы

2024 жыл

2023 жыл

1

Күріш

19800

19800

-

2

Жаздық бидай

770

750

+20

3

Күздік бидай

129

-

+129

4

Арпа

40

70

-30

5

Сүрлемдік жүгері

-

700

+700

6

Мақсары

665

520

+145

7

Қант құмайы

200

70

+130

8

Соя

65

64

+1

9

Сұлы

5

5

0

10

Жаңа жоңышқа

4850

4850

0

11

Ескі жоңышқа

7825

7200

+625

12

Картоп

188

188   

-

13

Көкөніс

1115

1108

+7

14

Бақша

1300

1296

+4

Барлығы

36952

36621

+331   

 

Егілген ауылшаруашылығы дақылдарынан жиналған жалпы өнімдер

р/с

Дақылдар

Егіс көлемі, га

Орташа өнім, цн/га

Жалпы өнім, цн

1

Күріш

19800

60,5

1197900

2

Жаздық бидай

770

9

6930

3

Күздік бидай

129

13

1677

4

Арпа

40

8,2

328

5

Мақсары

665

8,7

5785

6

Қант құмайы

200

41

8195

7

Соя

65

20

1300

8

Сұлы

5

12,8

64

9

Жоңышқа

12675

65

823875

10

Картоп

188

177

33276

11

Көкөніс

1115

195

217040

12

Бақша

1300

230,5

299650

Аудан шаруашылықтары техника паркін жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Биылғы жылы 1886,1 млн теңгеге 27 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Тиісті сала мамандары аудандағы суармалы жерде дақылдарды орналастыру тәртібіне тұрақты бақылау жұмыстарын жүргізуде. 2024 жылы 4756 га күріш дақылын артық егіп, ауыспалы егіс тәртібін өрескел бұзған 47 шаруашылықтар анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін Қызылорда облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

2025 жылы аудан бойынша 37155 гектарға ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 19800 гектарға орналастырылатын болады.

Мал шаруашылығы туралы

 Аудан көлемінде 2024 жылдың 1 желтоқсанына  барлығы 34964 бас мүйізді ірі қара, 29881 бас  уақ мал,  27330 жылқы,  829 бас түйе,  45 бас шошқа, 10401 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 120,7 %, жылқы 97,1 %, түйе 94,6 %, уақ мал 90,52, құс 93,8% орындалды.

1 желтоқсанға  барлығы  3610,6 тн (тірілей салмақта) ет,  5037,4 тн сүт, 275,8 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 101,2 пайызға, сүт 100,9 пайызға, жұмыртқа 120,7 пайызға орындалды.

Аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ, Еркебұлан ЖК), 1 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен (Атамекен ШҚ) айналысуда.

Алдағы уақытта сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында «Адал» ЖК 2022 жылы  30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен  сатып алып жұмыс жасауда 2026 жылы шаруашылық жанынан сүт өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2024 жылы барлығы 39525,0 мың тенге мемлекеті тарапынан субсидия төленді. Оның ішінде 16 шаруашылық мүйізді ірі қара малының аналығының тұқымдық түрлендірілуіне  1286 басқа 13325,0 мың, 6 шаруашылық сатып алынған асыл тұқымды бұқаның құнын арзандатуға 6 басқа 1950,0 мың тенге, қой малының селекциялық жұмыстарына 1 шаруашылыққа 3100,0 мың тенге төленді.

2024-2025 жылдың қысына түсетін  64740 бас шартты мал басына 135,5 мың тонна табиғи шөп, 19 мың тонна жем, 29,5 мың тонна сабан дайындау жоспарлынып,   шөп дайндау  105,3 %,  жем 100,5% ,  сабан жинау 110,1% орындалды.

 Азық-түлік туралы

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг нәтижесінде 2024 жылдың 20-27 желтоқсан (1 апта) аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық–түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық – түлік өнімдерінің ішінде 2 өнімнің бағасы қымбаттаған.

сиыр еті-100 теңгеге, тауық саны-10 теңгеге, жуа-25 теңгеге.

2 өнімнің бағасы арзандаған.

тауық жұмыртқасы-15 теңгеге, қырыққабат-10 теңгеге.

2 өнімнің бағасы арзандаған.

жуа-25 теңгеге, картоп-10 теңгеге.

15 өнімнің  бағасы тұрақты.

ақ күріш, ұн, қарақұмық жармасы, нан, рожки, сиыр еті, тауық саны, сүт, айран, ірімшік, сары май, өсімдік майы, сәбіз, құмшекер, тұз.

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында өндірілетін және сырттан келетін 601,5 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.

 Анықтама үшін:

Ұн-120 тн, күріш-40 тн, қант-59 тн, макарон-116 тн, күнбағыс майы-61 тн, тұз-45 тн, жуа-48 тн, картоп-50 тн, сәбіз-24 тн.

Азық-түлік бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Жыл басынан азық түлік бағаларын негізсіз көтерген үшін 23 сауда орындарының материалдары тиісті шара қабылдау үшін құзырлы мекемелерге жолданды.

 Жергілікті тұрғындар өзін өзі әлеуметтік маңызы бар көкөніс, бақша өнімдерімен қамту үшін 500 га егістік жерлер дайындалып, 610 отбасыларына үйлестірілді. Оған тұрғындар тарапынан 235 га картоп, 73 га көкөніс, 192 га бақша дақылдары егілді.  Сонымен қатар, Мақпалкөл ауылдық округіндегі «Ер-Әлі» шаруа қожалығы 6 га картоп, 2 га бақша, 2 га көкөніс дақылдарын тамшылатып су ару әдісімен  орналастырды.

Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстар жалғасын табатын болады.                                      

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген  «ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасына сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2024 жылғы көтерме жәрдем ақы сомасы 369 200 теңгені құрайды. 2024 жылы жергілікті бюджеттен 57226,0 мың теңге қаржы қаралып, 155 сала мамандарына көтерме жәрдем ақы төленді. Қазіргі уақытта  110 сала мамандары кезекте бар.

Биылғы жылдың ерекшелігі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:

1) ауданның әкімшілік орталығына (Жалағаш кенті) келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит. 2024 жылға сомасы  9 230 000 мың теңге.

2) ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бюджеттік кредит – 2024 жылға 7 384 000 теңгені құрайды.

2024 жылға республикалық бюджеттен 238134,0 мың теңге қаржы қаралды, оның ішінде 22 маманға тұрғын үй несиесі берілді, 6 маман құжаттарын дайындауда.

 «Дипломмен ауылға» бағдарламасы «Отбасы Банк» АҚ-мы «Баспана маркет» сайт  арқылы мамандардан құжаттары қабылдануда.

Жер мәселесі туралы

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды, оның ішінде 591 563 гектары Қарағанды облысынан ұзақ мерзімді пайдалануға алынған. Бұдан басқа Жалағаш аумағының 11 149 гектар жері Ресей Федерациясына пайдалануға  берілген.

Санаттар бойынша;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 275615,8 га,

Елді мекен жерлері – 42760 га,

Өнеркәсіп, көлік,  байланыс, қорғаныс жерлері – 16083,7 га,

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 6,9 га,

Орман қоры жерлері – 769482,2 га,

Су қоры – 14915,1 га,

Босалқы жерлер – 1754776,3 гектарды құрайды.

Аудан бойынша 33 016 гектарды құрайтын, жалпы саны 60 инженерлік тұрғыда әзірленген күріш ауыспалы егіс жүйесі, 1 мал азығындық және 1 картоп ауыспалы егіс жүйелері бар.

Аудан бойынша жерді қашықтан зондтау нәтижесімен анықталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге пайдалану жағдайына талдау жүргізіп, шаруашылықтарға мал басын тіркеу, қайта тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру, жайылымдарда –  жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасының елу пайыздан жоғары ауыл шаруашылығы малдарының тіркеу қажеттілігі жөнінде шаруашылықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Жерді қашықтан зондтау нәтижесімен  ауданда 47 жеке және заңды тұлғаларға табысталған жалпы көлемі 39414 гектарды құрайтын 51 жер учаскесінде пайдаланбау белгілері анықталған.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде  жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбаған көлемі 3594 гектар болатын 10 жер учаскесі тиісті шара көру үшін Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

Бұдан бөлек, 2015-2023 жылдары аралығында жеке және заңды тұлғаларға табысталған ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесімен жер учаскелерін өз мақсатына сай пайдаланбаған жалпы көлемі 1908 гектар болатын 16 жер учаскелері тиісті шара көру үшін Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.

2024 жылы мерзімі аяқталатын жалпы көлемі 4863 гектарды құрайтын 26 жер учаскелеріне талдау жасалды.

Оның ішінде бүгінгі күні көлемі 4080 гектар болатын 21 жер учаскелеріне жалдау мерзімі ұзартылса, көлемі 783 гектар болатын 5 жер учаскесі мемлекет қорына қайтарылды.

Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып отырған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде, бүгінгі күнге жалпы көлемі 5341 гектар  жерлер мемлекет қорына қайтарылды.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта айналымға енгізу мақсатында жалпы көлемі 16649 гектар болатын 21 жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға табыс етілді.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес үстіміздегі жылы 447 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар Жер кодексінде бекітілген нормадан артық жер учаскесін жеке меншікке сатудан және нысаналы мақсатын өзгертуден жергілікті бюджетке 21772,0 мың теңге қаржы түсірілуде. 

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

 

 

 

 

Дата публикации
13 января 2025
Дата обновления
13 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы