
Мырзабай ахун елді мекеніндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілері) жұмыстары жүргізіліп,нысан пайдалануға қабылданды. Мердігер мекеме«РГ Нұрай Ақжол» ЖШС.
«Қазақстан халқына» қорынан 172,0 млн. бөлініп «Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр ауылында салынатын ангар типтес спорт кешені құрылысы» жүргізілуде. Мердігер мекеме «АИР Строй Монтаж» ЖШС.
Жалағаш кентінің бас жоспарына және Жалағаш ауданы, Аламесек, Мәдениет, Есет батыр, Бұқарбай батыр ауылдық округі елді мекендерінің дамыту және құрылысын салу схемасына түзету енгізу жұмыстарына Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы конкурстар жүргізілді. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз мекемелер анықталып, жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, «Ақтерек-170 га» гектарға инженерлік-инфрақұрылым (жаяу жүргіншілер тротуарлар) жоба-сметалық құжаттар әзірлеу және сараптамадан өтуге сатып алу конкурсын жүргізіліп, конкурс нәтижесінде «НаргулЭлитСтрой» ЖШС жеңімпаз болып танылып келісім шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Еңбек, М.Шәменов ауылдық округіндегі электр желілерінің құрылысына» жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтіп, 2025 жылға қаржыландыруға Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылды.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінің темір жол желісінің арғы бөлігіндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын (электр беру желілерін) салу» құрылсына жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өтіп, 2025 жылға қаржыландыруға Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылды.
Азаматтарды қызметтік баспанамен қамтамасыз етіп олардың әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартып халықтың даму мақсатында 2024 жылға облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан пәтерлер сатып алуға қаржы бөлініп 111 пәтер сатып алынды.