Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандағы жастар саясаты саласында 2024 жылы атқарылған жұмыстар жайлы мәлімет

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 866 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5902 - ер азаматтар, 4964 - әйел.               

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 20,389 млн.теңге (2023 ж. 18 млн. теңге)  және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10 692 млн.теңге (2023 ж. 3 жоба – 4,2 млн. теңге) қаржы бөлінді.

            2024 жылдың 12 айы бойынша жастар ресурстық орталығы және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  210 шара өткізіліп, оған 7000-ға жуық жас қатыстырылды. Барлық жобалар бойынша қаржы толық игерілді.

Жайдарман ойындарының аудандық лигасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жайдарман лигасы өз нәтижесін көрсетіп, Тасбөгет кенті әкімінің кубогіне арналған ойында Жалағаш ауданының атынан қатысқан «Дәуімбай» құрамасы Тасбөгет кенті әкімі кубогының иегері атанды. Сонымен қатар облыстық «Bastau Liga» ойынында және «Сыр лигасы» жобасында «Дәуімбай» құрамасы ІІІ орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы Жайдарман сайысында «Жалағаш құрамасы» жүлделі ІІ орынды иеленді.

         Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Жалағаш ауданы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық жайдарман сайысы өтті. Республикалық жайдарман ойынында еліміздің басқа өңірлерінен келген 13 команда бақ сынады. Жеңімпаздарға аудан әкімінің алғысы мен қаржылай сыйақы табысталды.

         22 наурыз - Ұлыстың ұлы күніне орай спорттың 4 түрінен (арқан тарту, көлік тарту, қол күрес, гір тасын көтеру) сайыс өткізілді.

         З. Жарқынбаев атындағы №202 орта мектебінде аудан әкімінің кубогіне арналған шағын футболдан аудандық біріншілікте кент және ауылдық округтерінің 8-10 сынып оқушыларынан құралған 10 команда қатысты.

         «12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай апталық шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тазалық акциялары, «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру жұмыстары, ашық аспан астында кинокөрсетілім,  «Денсаулық - зор байлық» тақырыбы аясында ашық есік күні, интеллектуалды сайыс, «Түнгі кітапхана» акциясы, «Игі істер» марафоны, «Қазақстан жастары» тақырыбында жастар арасында пікірталас, «ҚОРҒАН 24» жастарға ақпараттық рейд, аудан әкімінің белсенді жастармен кездесуі және «Жастармен бірге» мерекелік гала-концерт өтті.

          Жалағаш ауданының 85 жылдығына орай «Ақтерек» сауықтыру лагерінде жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында «Ауылға барам» жобасы өткізілді.

         Кент және ауылдық окрутерде сала мамандарының қатысуымен жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Мүмкіндіктер керуені» кеңес беру шарасы өткізіліп, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен ақпарат берілді.

         Студенттердің мамандыққа қызығушылықтарын арттыру, шеберлікке тәрбиелеу мақсатында Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде «Үздік жас аспаз» байқауы өткізілді. Байқауға колледждің «Аспазшы» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты. Сондай-ақ шара аясында «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі ұйымдастырылды.

         Аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері, ақжаулықты аналар, этнос өкілдері және жастардың Түркістан қаласына саяхаты ұйымдастырылды.

         Желтоқсан айында жыл қорытындысы бойынша Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы өз саласында жетістікке жеткен 10 жасқа табысталды. Сонымен қатар шара аясында белсенді жастар марапатталды. 

Дата публикации
10 января 2025
Дата обновления
10 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы