Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудандық қоғамдық даму бөлімінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы

Мемлекеттік ақпараттық саясат

 

Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2024 жылы шыққан мақалалар саны – 557. Оның ішінде;

- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны-207;

- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны -322;

- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны-28.

         Аудан жаңалықтары негізінен аудан әкімі аппаратының ресми сайтына, Facebook, Instagram, Youtube әлеуметтік желілеріндегі «Жалағаш ауданының әкімдігі» парақшасына, республикалық сайттарға, облыстық «Qyzylorda», «Қоғам тв» телеарнасына, республикалық «Егемен Қазақстан», «Халық», облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттеріне және басылым сайттарына, аудандық  «Жалағаш жаршысы» газетіне және газет сайтына тұрақты жарияланды.

 

Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат

 

        Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық  «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасауда.

         Интернет желісінде 1 БАҚ-тың веб-нұсқасы бар («Жалағаш жаршысы» газеті).

2025 жылдың 1 қаңтарынан «Жалағаш жаршысы» газетінің 2850 дана таралымы бар.

 

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

 

Жалағаш ауданы бойынша әділет органдарында тіркелген  22  үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғамдық қор – 9, қоғамдық бірлестіктер  – 13.

Олардың ішінде белсенді жұмыс жасап тұрғаны 4 қоғамдық бірлестік  және 1 қоғамдық  қор, атап айтқанда «Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі,  «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі, Жалағаш ауданы жастарының  «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш Даму» қоғамдық қоры.

Бүгінгі күнге 13 қоғамдық  бірлестіктің  11-і  және  3 қоғамдық  қор  2024  жылы ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 7 қоғамдық қор және 1 қоғамдық бірлестік жұмысын уақытша тоқтатқан.

2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы», «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген.

2024 жылы Жалағаш ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен барлығы 73 іс-шара өткізіліп, оларға барлығы 6000 жуық аудан тұрғындары қатысты.

 

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл

 

2024 жылдың есепті мерізіміндегі жағдай бойынша Жалағаш ауданында діни ахуал тұрақты. Ауданда діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында аудандық ақпараттық түсіндірме тобы, Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия және ҚМДБ қарасты аудан көлемінде 16 мешіт жұмыс атқаруда. Демеушілер арқылы барлық мешіттердің жағдайларын қалыпты ұстап отыру мүмкіндіктері қарастырылған. 

Ауданда діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тұрғындарға дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру шеңберінде жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндірме тобының мүшелерімен түрлі бағытта 45  шара  өткізілді.

 

Этносаралық қатынастар туралы

 

Жалағаш ауданында этносаралық ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталуды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.  

Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауда, этносаралық қатынастарға мониторинг жасалуда.

Аудан халқының 99,3% - қазақ, 0,7% - этностық топтан құралған адам саны – 254. Жалағаш ауданы бойынша 99 этнос отбасы бар, барлығы – 254 адам. 0-14 жас аралығы – 48 адам, 14-29 жас аралығында – 48 адам, 29-35 жас аралығында – 21 адам, 35 жастан жоғары  – 137 тұрғын бар.

2024 жылы атқарылған жұмыстар «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жалағаш ауданы бойынша этносаралық сарапшысының және «Жалағаш Достық мекені» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 15 шара ұйымдастырылып, 165 этнос өкілі қамтылды.

 

Жастар саясаты

 

Жалағаш ауданындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 35 жас аралығында 10 866 (30,1%) жас тіркелген, оның ішінде 5902 - ер азаматтар, 4964 - әйел.               

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылған. Штат саны – 7 (директор – 1, кеңесші – 6). Қазіргі таңда «Руханият орталығы» ғимаратында орналасқан.

Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 20,389 млн.теңге (2023 ж. 18 млн. теңге)  және жастарды дамыту мен қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 10 692 млн.теңге (2023 ж. 3 жоба – 4,2 млн. теңге) қаржы бөлінді.

            2024 жылдың 12 айы бойынша жастар ресурстық орталығы және «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  210 шара өткізіліп, оған 7000-ға жуық жас қатыстырылды. Барлық жобалар бойынша қаржы толық игерілді.

Жайдарман ойындарының аудандық лигасы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жайдарман лигасы өз нәтижесін көрсетіп, Тасбөгет кенті әкімінің кубогіне арналған ойында Жалағаш ауданының атынан қатысқан «Дәуімбай» құрамасы Тасбөгет кенті әкімі кубогының иегері атанды. Сонымен қатар облыстық «Bastau Liga» ойынында және «Сыр лигасы» жобасында «Дәуімбай» құрамасы ІІІ орынды иеленді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өткізілген жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы Жайдарман сайысында «Жалағаш құрамасы» жүлделі ІІ орынды иеленді.

         Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Жалағаш ауданы әкімінің жүлдесіне арналған республикалық жайдарман сайысы өтті. Республикалық жайдарман ойынында еліміздің басқа өңірлерінен келген 13 команда бақ сынады. Жеңімпаздарға аудан әкімінің алғысы мен қаржылай сыйақы табысталды.

         22 наурыз - Ұлыстың ұлы күніне орай спорттың 4 түрінен (арқан тарту, көлік тарту, қол күрес, гір тасын көтеру) сайыс өткізілді.

         З. Жарқынбаев атындағы №202 орта мектебінде аудан әкімінің кубогіне арналған шағын футболдан аудандық біріншілікте кент және ауылдық округтерінің 8-10 сынып оқушыларынан құралған 10 команда қатысты.

         «12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай апталық шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тазалық акциялары, «Мүмкіндіктер алаңы» кеңес беру жұмыстары, ашық аспан астында кинокөрсетілім,  «Денсаулық - зор байлық» тақырыбы аясында ашық есік күні, интеллектуалды сайыс, «Түнгі кітапхана» акциясы, «Игі істер» марафоны, «Қазақстан жастары» тақырыбында жастар арасында пікірталас, «ҚОРҒАН 24» жастарға ақпараттық рейд, аудан әкімінің белсенді жастармен кездесуі және «Жастармен бірге» мерекелік гала-концерт өтті.

          Жалағаш ауданының 85 жылдығына орай «Ақтерек» сауықтыру лагерінде жастарға ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүр мен ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында «Ауылға барам» жобасы өткізілді.

         Кент және ауылдық окрутерде сала мамандарының қатысуымен жастарды әлеуметтендіруге бағытталған «Мүмкіндіктер керуені» кеңес беру шарасы өткізіліп, мемлекеттік бағдарламалар мен мүмкіндіктер жайлы кеңінен ақпарат берілді.

         Студенттердің мамандыққа қызығушылықтарын арттыру, шеберлікке тәрбиелеу мақсатында Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде «Үздік жас аспаз» байқауы өткізілді. Байқауға колледждің «Аспазшы» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері қатысты. Сондай-ақ шара аясында «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі ұйымдастырылды.

         Аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері, ақжаулықты аналар, этнос өкілдері және жастардың Түркістан қаласына саяхаты ұйымдастырылды.

         Желтоқсан айында жыл қорытындысы бойынша Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы өз саласында жетістікке жеткен 10 жасқа табысталды. Сонымен қатар шара аясында белсенді жастар марапатталды

Дата публикации
10 января 2025
Дата обновления
10 января 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы