Лого

Меню

Страницы

Статья

2024 ж. 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар

 

2024 жылға қаралған қаржы 742010,0 мың теңге (оның ішінде-Отбасын қолдау орталығына 61314,0 мың теңге), игерілген  325434,8 мың теңге.

 

Әлеуметтік көмек, жәрдемақылармен қамту шаралары

2024 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 126138,0 мың теңге және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға 20442,0 мың теңге қаралған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі учаскелік комиссиялар саны-19. Оның ішінде, Жалағаш кенті бойынша 5 учаскелік комиссия және әр ауылдық округ бойынша 1 учаскелік комиссиялардан.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша:

2024  жылы атаулы әлеуметтік көмек  116 отбасының 716 мүшесіне 29231,1 мың теңге тағайындалып, 115 отбасының 711 мүшесіне 24808,6 мың теңге төленді.  Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 102 отбасының 651 мүшесінің 211 баласына 5144,8 мың теңге тағайындалып, 101 отбасының  646  мүшесінің  210 баласына  4314,1  мың теңге төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 116 отбасы 716 мүшесінің 18 жасқа дейінгі балалар саны 469, мүгедектігі бар адам-1,  зейнеткер-1,  студенттер саны-37. Еңбекке қабілетті мүшелер саны-208, оның ішінде жұмыссыздар- 27,  жүгіну кезінде жұмысы барлар-113,  бала күтімінде -68.

Белсенді шараға қатысушылар - 24, тұрақты жұмысқа орналасқан - 3 және           13-ы қоғамдық жұмысқа және жастар тәжірибесіне-1, кәсіпкерлік     бастамашылық- 7. 

Тұрғын үй көмегін көрсетуге аудан бюджетінен 4713,0 мың теңге қаралған. Бүгінгі күнге 17 отбасының 46 мүшесіне 634,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

         Мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға  2024 жылға қаралған қаржысы 14721,9 мың теңге. 2024 жылға қосымша тамақтануға 44 адамға 6420,6 мың теңге тағайындалып,  41 азаматқа 5404,2 мың теңге   төленді.

         «Отан Даңқ» ордендерімен наградталған, республикалық құрметті атағына ие болған 2 азаматқа  84,2  мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Өрттің салдарынан зардап шеккен 2 отбасына 1255,28  мың теңге тағайындалып,  төленді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде 6 ай жұмыс істеген 91 азаматқа облыстық бюджеттен 13438,9 мың теңге, тағайындалып, төленді.

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан 4 азаматқа 566,1 мың теңге тағайындалып, төленді. (2024 жылға 591,0 мың теңге қаралған.)

Кеңес армиясының мүгедек 4 азаматына 590,7 мың теңге төленді.

Екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне 2 азаматшаға 295,4 мың теңге төленді.

Ауған соғысына қатысқан 20 азаматқа аудандық бюджеттен 3692,0 мың теңге төленді.

Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен 13 азаматқа 1919,8 мың теңге төленді.

Тәжік–Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған 15 азаматына 2215,2 мың теңге төленді.

Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының 12 азаматына 1772,2 мың теңге тағайындалып, төленді.

Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына  1 азаматқа 36,9 мың теңге  тағайындалып, төленді.

 

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету

және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар

 

Аудан бойынша  мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2024  жылдың 1 шілдесіне  972 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-234

           Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы  288 жеке оңалту бағдарламасы  даярланып 180-і немесе 62,5 % орындалды. 2023 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 982-і орындалды.

2024 жылы 493 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 32-і  таяқпен, 13-і  балдақ, 5-і жетек арбамен, 21-і кресло арбамен, 42-і санаторлы-курорттық жолдамамен, 41-і тифлотехникалық құралдармен, 8-і сурдотехникалық құралдармен, 73-і протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз етілді.

         Есту кемістігі бар 6 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектігі бар 95 адамға жеке көмекші қызмет көрсетілді.

         Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2024 жылы 17 адам жіберілді. Оның ішінде  2-уі зейнеткер.

        2024 жылдың 1 шілдесіне 82 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 58 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде.

         Қызылорда қаласындағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына  1 мүгедектігі бар адам және Қызылорда қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына 1 мүгедектігі бар адам орналастырылды.    

Аудан бойынша тірек қозғалыс аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға күндізгі стационар жағдайында 12 балаға дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

«Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігімен 14 мамыр 2024 жылы келісім шарт жасалған. (1 балаға 1 күнге 4015.73 теңге төленеді.) 

          Жергілікті бюджеттен 2024 жылға 12171,0 мың теңге қаралған.       «Кажмахан» жергілікті қоғамдық бірлестігінде стационар жағдайында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалардың күндізгі болу бөлімшесінде 9 бала қызмет көрсетіледі.

         Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 5782,0 мың теңге қаралған. 2024 жылдың 1 шілдесіне 57

Дата публикации
03 июля 2024
Дата обновления
03 июля 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы