Лого

Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту» мемлекеттік бағдарламасының 2020 жылдың 1-жартыжылдығында орындалуы туралы

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту» жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш кентінің батыс бетіндегі 22 гектар жерде «Серпін» аграрлы-индустриялды аймағы құрылды. Оның 5 га жеріне инженерлік-инфрақұрылым жүйелері орналасқан. Ал, қалған 17 га жер телімінің 12,7 гектары кәсіпкерлерге табысталды.

Бүгінгі күнге 3,5 гектар жерде жалпы құны 297,0 млн теңгені құрайтын 8 өндіріс орындары іске қосылып, жұмыс жасауда. 79 адам жұмыспен қамтылған.

Анықтама үшін:

1) Жеке кәсіпкер Д.Жарасбаевтың мал сою цехы.

2) «К.Қанатбаева» ШҚ-ның мал сою және жіліктеп бумалау цехы.

3 «К.Қанатбаева» ЖШС-нің 100 бас малға арналған мал базары.

4) «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу цехы.

5) «СержанГазСтрой» ЖШС-нің темір бұйымдарды және тұрмысқа қажетті заттарды дайындау цехы.

6) жеке кәсіпкер Ғ.Исахановтың тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы.

7) жеке кәсіпкер М.Көптілеуовтің төсеніш бұйымдарын химиялық тазалау орталығы.

8) «Жер Ана» ШҚ-ның 50 бас МІҚ малына арналған сүт фермасы.

Сонымен қатар, 9,2 гектар жер телімдері жалпы құны 431,0 млн теңгені құрайтын 9 жобаны жүзеге асыру үшін табысталды. Аталған жобалар толыққанды іске қосылғанда қосымша 70 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Қазіргі таңда бұл жобалардың ішінен құны 136,0 млн теңгені құрайтын 4 жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Қалған 5 жобаның құрылысы ағымдағы жылы басталатын болады.

Анықтама үшін:

1) «Баба» ШҚ-ның асыл тұқымды ешкілерді көбейту, етін өндіру және сүтін өңдеу цехы.

2) «Сыздық» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтау және жем өндіру цехы.

3) жеке кәсіпкер М.Қанибаевтың 3000 басқа арналған жұмыртқа бағытындағы шағын құс фермасы.

4)жеке кәсіпкер Ж.Кәрібоздың 3 жылыжай кешені.

5)«Жарқынай» ШҚ-ның астық сақтау және жылыжай кешені.

6) «Тахир Ата» АӨК-ның жеміс шырынын дайындау және жемісті кептіру цехы.

7) жеке кәсіпкер К.Кариповтың мал азығын дайындау цехы.

8) жеке кәсіпкер К.Кариповтың 20 бас малға арналған бордақылау алаңы.

9) жеке кәсіпкер Д.Ержановтың тәулігіне 30 тонна қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы.

Бос тұрған 4,3 га жер учаскесіне құрама жем түйіршіктерін өндіру және темір бұйымдарын өңдеу цехтарын орналастыру үшін жер телімдерін табыстау бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған индустрияландыру бағдарламасының аясында «Бис Групп» ЖШС-нің жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын «Қызыл мия тамырын өңдеу зауыты» жүзеге асырылды. Қазіргі орын алған пандемия жағдайында завод жұмысы тоқтап тұр.

Сонымен қатар, Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу үшін жеке кәсіпкер Т.Жұмабекқызының жалпы құны 115,0 млн теңгені құрайтын «Мал бордақылау және ет өңдеу цехының» құжаттары ұсынылды. Қазіргі таңда қажетті құжаттары жинақталып, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына ұсынылды.

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы