
2020 жылдың 1 шілдесіне 1318 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласты, оның ішінде 912 адам бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (әлеуметтік жұмыс орны – 57, жастар практикасы – 143, қоғамдық жұмыс – 594, мемлекеттік грант – 80, шағын несие – 38).
Бағдарламаның бірінші бағыты – еңбек нарығында қажетті кәсіптер бойынша жаппай оқыту. 2020 жылға 50 адамды тегін техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланды. Жұмысшы органы – аудандық білім бөлімі. Колледждер мен оқу орталықтарының базасында 100 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып, облыстық бюджеттен 26,4 млн. теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге 90 адам кәсіптік оқуға өтініш білдірді.
Бағдарламаның екінші бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
Шағын несиелендіру бойынша бүгінгі күнге 38 адамға 147,2 млн теңге шағын несие берілді (жоспар - 150 адам).
Бастау-Бизнес жобасы бойынша 2020 жылы 250 адам оқыту жоспарланды. Оқыту 6 кезеңмен жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге 350 адам оқуға өтініш білдірді. Қазіргі таңда 100 адам онлайн оқытуға жолданды, соның ішінде 66-ы оқуға қабылданды.
Мемлекеттік грант бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 165 адамға (200 АЕК – 555 мың теңгеден) мемлекеттік гранттар беру жоспарланды. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 84,8 млн теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күнге 105 адамның бизнес-жобалары өңірлік комиссияға ұсынылып, 43 млн 178 мың теңгеге 80 үміткердің жобасы оң қорытынды алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Бұл бағытта 469 млн 305 мың теңге қаржы қаралып, 1141 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Қазіргі таңда 794 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 69,6%-ға орындалды. Оның ішінде:
-әлеуметтік жұмыс орындарына 37 адамға 15346,0 мың теңге қаралды. Есепті мерзімге 57 адам (154,0%) жұмысқа жіберіліп, 6435,0 мың теңге қаржы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарын 10 адам аяқтады, оның 9-ы (90%) тұрақты жұмысқа орналасты;
-жастар тәжірибесіне 394 адамға 156674,0 мың теңге қаралды. Есепті мерзімге 143 жас маман (36,3%) жіберіліп, 22810,0 мың теңге қаржы төленді. Жастар тәжірибесін 79 адам аяқтап, 25 адам (31,6%) тұрақты жұмысқа орналасты.
-қоғамдық жұмыстарға 710 адамға 297285,0 мың теңге қаралды. Есепті мерзімге 594 адам (83,7%) жіберіліп, 38885,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Қоғамдық жұмыстарды 300 адам аяқтап, 35 адам (11,7%) тұрақты жұмыспен қамтылды.
Мемлекеттік қолдау шараларынсыз 223 адам (жоспар бойынша 800 адам) жұмысқа орналасты (27,9%).
2020 жылдан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына толықтырулар енгізіліп, «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары қосылды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге арналған. Бұл ретте, жұмыс беруші қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды (20 АЕК – 53020 тг).
«Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша жұмыс іздеп жүрген адамдарды зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды көздейді. Жұмыс беруші қатысушыны кемінде он сегіз айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды (20 АЕК – 53020 тг). Жұмыс беруші алты ай өткеннен кейін қатысушыны зейнеткерлік жасқа жеткен және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын жұмыскердің лауазымына ауыстыруды жүзеге асырады. Жобаларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілмеген.
Бағдарламаның төртінші бағыты «Жастар – ел тірегі» жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыруды көздейді. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша жоспар – 100 адам.