
Аудан халқына аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, 2 ауылдық аурухана, 12 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 3 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 85 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 26,5%. 30 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 32,6%. Жоғарғы санат 13, І-санат 13, ІІ-санат 4 дәрігер.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 457 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 137,7%. Орта буын медицина қызметкерлерінің 139-ында біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 31%. Жоғарғы санат 81, І-санат 52, ІІ-санат 6 қызметкер.
2020 жылдың І-жартыжылдығында 3 жоғары білімді дәрігер жұмыспен қамтылды.
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2020 жылдың 6 айы бойынша – 47 926, 1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 1,4 (2019 жылдың 6 айы 98 239 – 2,8) құрады. Қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда төмендеп отыр. Себебі, COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты ҚР төтенше жағдайдың жарияланып, емханаға келіп дәрігерге қаралуға шектеу қойылып, науқастарға онлайн кеңес беріліп, үй жағдайында тексерілді.
2020 жылдың 6 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны – 5 148 құрады, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 15,5 (2019 жылдың 6 айы 9774 – 28,8).
2020 жылдың 6 айы бойынша алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:
І орында тыныс алу аурулары – 904 жағдай;
ІІ орында көз аурулары – 549 жағдай;
ІІІ орында құлақ аурулары – 486 жағдай.
Медициналық қызметтің нәтижесін демографиялық көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. 2020 жылдың 6 айы бойынша аудан бойынша 417 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 12,5 промильді құрады (2019 жылдың 6 айы -354/10,4). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,1 промильге өскен. Сәби өлімі 2020 жылдың 6 айында 4 жағдай тіркеліп, 9,5 пайызды құрады (2019 жылдың 6 айында – 3/8,4), өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,1 пайызға өскен. 2020 жылдың 6 айында аудан бойынша 86 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 2,5% (2019 жылдың 6 айында 92/2,6), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 0,1 пайызға төмендеген. 2020 жылдың 6 ай көлемінде ана өлімі тіркелмеген. Табиғи өсім көрсеткіші 2020 жылдың 6 айы бойынша 9,4 құрады (2019 жылдың 6 айы – 7,4).
Туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстар
Ауданда науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2020 жылдың 6 айында амбулаторлы ем қабылдап жүрген емнің сүйемелдеу кезеңіндегі 44 науқасқа ай сайын 26510 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді.
2020 жылдың 6 айында 12 науқас (2019 жылдың 6 айында 12 науқас) жаңа жағдаймен тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы аурушаңдық жағдайы 36,0% (2019 жылдың 6 айында 36,0%). Оның ішінде 10 (83,3%) науқас өкпе туберкулезімен, 2 науқас (16,7%) өкпеден тыс туберкулезбен тіркелді.
Барлық есепке алынған 12 науқастың қарым-қатынастағылары толықтай тексерілуден өткізілді.
Аудан бойынша 2020 жылдың 6 айында туберкулез аурушаңдылығымен 2 бала, 1 жасөспірім (2019 жылы 6 айда 1 жасөспірім) тіркелді.
Аудан бойынша есепті мерзімде туберкулезден 1 науқас қайтыс болды.
Скрининг бағдарламасы
Қан айналым жүйесі ауруларын ерте анықтау 2020 жылдың 6 айында жоспарланғаны – 2894; орындалғаны – 501; анықталғаны – 7; «Д» есепке алынғаны – 7.
Қант диабеті ауруларын ерте анықтау 2020 жылдың 6 айында жоспарланғаны – 2894; орындалғаны – 501; анықталғаны – 7; «Д» есепке алынғаны – 7.
Глаукома ауруын ерте анықтау 2020 жылдың 6 айында жоспарланғаны – 2894; орындалғаны – 501; анықталғаны – 2; «Д» есепке алынғаны – 2.
Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау 2020 жылдың 6 айында жоспарланғаны – 1845; орындағаны – 570; анықталғаны – 42; «Д» есепке алынғаны – 20.
Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау 2020 жылдың 6 айында жоспарланғаны – 1440; орындалғаны – 580; анықталған ісік алды ауруы – 33; обыр ауруы тіркелмеді; «Д» есепке алынған – 42.
Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау 2020 жылдың 6 айында жоспарланғаны – 2298; орындалғаны – 461; анықталған ісік алды ауруы – 42, «Д»есепке алынғаны – 42.
Суицид
Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып, тексерулерден өткізілді. Жалағаш аудандық ауруханасында 4 психолог, 11 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. Тәуекел топтағы пациенттерге психолог кеңестері беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілді. Күйзелістің алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілді. 2020 жылдың 1 жартыжылында психолог мамандар тарапынан суицидтің алдын-алу мақсатында халық арасында барлығы 2 лекция ұйымдастырылып, 131 тұрғын қамтылды, сонымен қатар 12 семинар ұйымдастырылып, 494 тұрғын қамтылды, 2 тренинг өткізіліп, 57 тұрғын қамтылды. 2020 жылдың І-жартыжылдығында өзіне-өзі қол жұмсау әрекетімен барлығы 3 жағдай тіркелсе, аяқталған 1 жағдай. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы тіркелгендер жоқ.
Жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің
біріктірілген үлгісін енгізуге арналған Жол картасы
Жарақаттану кезіндегі медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгісін енгізуге арналған Жол картасы бойынша тиісті шаралар атқарылды. Аудандық аурухананың хирургия бөлімінде 5 травматалогиялық төсек жұмыс жасайды. Жарақаттану кезінде жедел көмек көрсету мақсатында 3 дәрігер, 2 орта буын медицина қызметкерлері оқытылды.
Есепті мерзімде барлық жарақат саны 276, оның ішінде жарақатпен ауруханаға жатқызылғаны 94, облыстық медицина орталығына ауыстырылғаны 10. Жол-көлік оқиғасы 7 жағдай, барлық жол көлік апатынан зардап шеккендер саны 13. Жол көлік оқиғасымен ауруханаға жатқызылғаны 4. Жол-көлік апатынан, қосарланған ауыр жарақатпен ауруханада қайтыс болғандар саны – 1 жағдай.
Емдеуге жатқызу бюросы бойынша
2020 жылдың І жартыжылдығы бойынша ауруханаға емханадан жоспарлы түрде портал арқылы 1206 науқас жатқызылды (2019 жылдың есепті кезеңінде – 1056). Шеттетілген науқастар саны 59. Себептері бойынша: жазбаша түрде бас тарту себебі – 13 жағдай, шұғыл түрде ауруханаға жатқызу бойынша – 40 жағдай, емдеуге жатқызу процедураларына байланысты емес жағдай – 4, ауруханаға жатқызуға қарсы көрсетілімі болғаны үшін – 1 жағдай, госпитализация рәсіміне байланыссыз жағдай – 1 жағдай орын алған.