Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Аудан бойынша 36 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішінде 10 мемлекеттік бөбекжай (785 бала), 18 жекеменшік балабақша (1187 бала),  мектеп жанынан ашылған 8 шағын орталық (184 бала). Аудан бойынша 1-6 жас аралығында 2156 бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтылып отыр. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 307 тәрбиеші бар.

Барлық 20 мектеп бойынша 2020–2021 оқу жылында 1-11 класта 7093 оқушы білім алады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 1-класқа 694 бала қабылданады деп күтілуде. Былтырғы оқу жылынан бастап 1-сыныпқа келетін оқушылардың құжаттары электронды түрде қабылдана бастады. Бүгінгі күнге 131 оқушы Egov порталы, 554 оқушы – Sitcen жүйесі бойынша мектепке қабылданды. Қалған 9 оқушы алдағы уақытта қабылданатын болады.

Аудан бойынша 1203 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде жоғары білімді педагог 1108, арнаулы орта білімді – 95. Санаты бойынша жоғары санатты 67, І-санатты – 208, ІІ-санатты – 123, санатсыз – 194 мұғалім бар.

Жаңа форматта аттестациядан өткен педагогтар саны 661. Оның ішінде педагог-зерттеуші 224, педагог-сарапшы 240, педагог-модератор 147.

Аудандағы мектептер 100 пайыз кең жолақты интернет желісіне қосылған. Барлық мектептегі интернет нүктелеріне WI-FI  роутерлері орнатылды. 

2019-2020 оқу жылында 271 оқушы 11 сыныпты аяқтады. 230 бітіруші ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл барлық бітірушілердің 84,9 пайызын құрады (2019 ж. – 78,7%). Бітірушілердің 220-ы қазақ тілінде, 10-ы орыс тілінде тест тапсырды.

2020 жылы ҰБТ-ның орташа балы – 79 балл болды (2019 ж. – 85,6 балл).

Бітірушілердің 243-і (89,7%) жоғары оқу орындарына, 28-і (10,3%) колледждерге орналасады деп жоспарлануда.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер қатарында кент орталығындағы №201 мектеп–лицейі жатады. Мектеп-лицей базасындағы логопедиялық пункті 2013 жылы ашылған және арнайы мамандармен қамтылған. Қазіргі уақытта 20 білім беру ұйымының ішінде инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептер қатарында 11 мектепте (№31, 32, 33, 114, 116, 118, 123, 201, 202, 232, 246) арнайы (дефектолог, логопед) мамандармен қамтылған (5 штат аудандық бюджеттен, 6 штат облыстық бюджеттен шешілген). 2020 жылы облыстық бюджеттен мектептерге 3 штат арнайы маманмен (31, 123, 114), 2 инклюзивті кабинетпен (33, 246) және 4 логопедиялық кабинетпен (Жалағаш кентіндегі «Ақмаржан», №19 санаторлық бөбекжайы, Аққұм ауылындағы «Шұғыла» және Бұқарбай ауылындағы «Бөбек» бөбекжайы) жабдықталды. Мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау мақсатында «Нұрәділ», «Жасқанат», «Жасұлан», «Меруерт», «Балнұр», «Ақбалжан», «Кәусар», «Зейнеп», барлығы 8 балабақшада 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап дефектологтар  жұмыс жасайды.

Қосымша біліммен қамту көрсеткіші бойынша Оқушылар Үйінде 14 үйірмеге 390 бала, №202 мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығында 4 үйірмеге 185 бала, Балалар өнер мектебінде 7 класқа 85 бала, мәдениет саласында 75 үйірмеге 874 бала, балалар  мен жасөспірімдер спорт мектептеріне 16 үйірмеге 1314 бала, барлығы 116 үйірмеге 2848 бала қамтылған, қамтылуы 42,9  пайызды құрайды.

Дата публикации
18 августа 2020
Дата обновления
18 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы